Құстардың ұясы




Презентация қосу
Құстардың ұясы
Құс ұясы — жұмыртқа салып, балапан басып
шығаратын, оларды қауіп-қатерден сақтайтын және
ересек құстар түнейтін орын. ұя салу, оны қалай, қай
жерге салу қасиеті құстарда эволюциялық даму
барысында тұқым қуалауға байланысты қалыптасқан.
Ұяның пішіні және
мөлшері.
 Ұяның пішіні, мөлшері, оған пайдаланатын заттар алуан
түрлі. Шөп, мамық төселген, немесе төсенішсіз жердегі
шұңқырдан бастап тоқылған ұяларға (мысалы, құрқылтайдың)
дейін кездеседі. Кейбір құстар (мысалы, кайра, балшықшы,
кейбір шағала мен қарқылдақтар, т.б.) ұя жасамай-ақ ашық
жерге жұмыртқалай береді.
Құстардың ұя салу ерекшелігі:
 көкек, т.б. құстар өздері ұя жасамай, басқа
құстардың (қарға, ұзақ, сауысқан, т.б.)
ұяларын пайдаланады. Құстардың
кейбіреулері (дуадақ, безгелдек, бұлдырық, 
тентекқұс, бозторғай, т.б.) жерді шұңқырлап,
төсеніш төсеп, ұя жасайды. Қарлығаш ұясын
сазды сілекейімен біріктіріп салса,
ұзынқанаттар (сұр қарлығаштар) балшықтан
үй қабырғаларына жабыстырып салады. 
Қоқиқаздар конус тәрізді ұяларын балшықтан
(лайдан) моллюскілердің қабыршақтарын
араластырып жасайды.
Құстардың ұя салу ерекшелігі:

 Жер қарлығаштары, көк қарғалар, т.б. тік
жарға тереңдігі 1 м-дей ін қазып, түбін
кеңейтіп, төсеніш төсеп ұя салады. 
Тоқылдақтар мен дүмпілдектерағаш
қуыстарын тұмсығымен үңгіп, ұя салады.
Кейбір құстар (отүйрек, италақаз, сарыала 
үйрек, шақшақайлар, т.б.) ұяларын түрлі
сүтқоректілердің індеріне салады.
Тоқылдақ ағаш қуыстарын
тұмсығымен үңгіп, ұя салады.
Дуадақ құсы ұясын жерге
салады
ұяларын балшықтан (лайдан)
моллюскілердің қабыршақтарын
араластырып жасайды.
мүйізтұмсық құс ағаш қуысының аузын
балшықпен сылап ұя салса, ал кейбір
құстар (мысалы, сарышымшық)
жұмыртқаларын жауларынан қорғау үшін
балшықтан жабық ұялар — “үйшіктер”
жасайды.
Зиянды Сүтқоректілермен күресу
тәсілдері.
Сүтқоректілердің күресу тәсілдерінің бірі-Дератизация.  індет
 ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы
күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, 
туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын
дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру
үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді,
қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре
алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері
тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар
кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият
сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, 
қақпан қою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын 
микробтарды пайдалану);химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері
қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид,
цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті
 ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен
жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің
қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау
мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде
темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды
Дератизация:
Дератизация — егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен 
суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы
қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу
(профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-
техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын
үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және
құрылыс маңындағы жер телімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін
кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен
қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды
беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау
жатады. Ал санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты — тұрғын үйлерде,
қоймалар мен сауда орындарында, мал қораларында кеміргіштердің пайда
болуына жол бермеу. Ол үшін подвалды үйлердің есіктері қиюына келтіріліп,
тығыз жабылуы тиіс; сондай-ақ терезелер әйнектеліп, құбырлар енетін
саңылаулары цементпен бітеліп, желдеткіштердің тесіктері де 5 мм-лік
ұяшығы бар торлармен жабылуы қажет. Кеміргіштерді жою шаралары
механикалық, химиялық және биологиялық тәсілдермен жүргізіледі.
Механикалық шараларға әр түрлі қақпандар мен ұстағыштар жатады.
Қақпандардың серіппелі үлкен (егеуқұйрықтарға арналған) және кішкене
(тышқан қақпан) түрі коп қолданылады. Химиялық тәсілге уланған жемді
пайдалану жатады; у ретінде көбіне зоокумарин қолданылады. Ал
биологиялық тәсілмен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізгенде олардың
табиғи жаулары мысықтар мен егеуқұйрық ұстайтын иттерді пайдаланады

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
Құстарды бақылау
Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы құстар саны қаншаға жуық
Омыртқалылар
Құстар жаұсы естиді
Сабақ түрі
Ауа қапшықтары
Құс шаруашылығын дамыту
ҚҰСТАРДЫ ТОПҚА БӨЛУ
Пәндер