Дін – рухани мәдениеттің бөлігі ретінде




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Дін – рухани
мәдениеттің бөлігі
ретінде

Орындаған:Тлеубергенова А.Б

Семей 2015 жыл
Дін
қоғамдық құбылыстардың
ішіндегі ең күрделісі. Діннің
мән-мағынасын қаншама
ғұламалар ашып көрсетуге
талпынған болатын. Дін
жөнінде жазылған мақалалар,
ғылыми еңбектер саны некен-
саяқ. Дегенмен «діннің бастауы
мен тұңғиық терең мәні ел
көзінен тасада қалып қойды» .
Қорқыныш-үрей де,
сүйіспеншілік те, ата-бабаларды
қастерлеу де және т.е.с. да діни
сенімнің өз алдына жеке тұрған
бастауы бола алмасы анық.
Дін адам жан-дүниесінің талап-
талпыныстары мен арман-мақсаттарының
тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің
толыққандылығын танытатын категория
ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу
және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің
тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық
механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр.
Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін
қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады.
Дамыған діндердің ортақ мүддесі
қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға
табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде
қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік
алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған
болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында
үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш
өмір сүрудің кепілді бола алатын дәрежеде көрсетілген.
«Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы
көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы
тарайды»
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын
байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін
қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы
— Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз
жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін
атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Бізді ң
республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-
ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына,
Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер
және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.
Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеумешітті ң
мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жо қ
дегенді білдірмесе керек. Дін елдің бәріне, көпшілікке т үсінікті т үрде
адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұра қ қояды,
адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті т ұл ға, ар-ождан,
ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамны ң
сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды,
сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамны ң Мейірімділік,
Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін
қалыптастырады.
Адамзат тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы
қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда
болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде
қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі
имани, фәлсәфи негіздерді қамтитын ислам діні осы дінге
қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал
жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған
Қорытынды
Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз,
ұдайы дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым
мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп
байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе. Адамны ң
жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір
түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты.
Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар
сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген
сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де м үмкін емес
деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер ж әне де ол
адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да.
Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қо ғам
типінде болмасын алар рөлі ерекше.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Дін рухани мәдениеттің бір бөлігі
Дін тәрбие бастауы туралы ақпарат
ЭЛИТАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ
1. Дін Рухани мәдениеттің бөлігі ретінде. 2.Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Мәдениет морфологиясы
МӘДЕНИЕТ МОРФОЛОГИЯСЫ МӘДЕНИЕТ
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
Дін ұғымы, мазмұны
Өнердің түрлері
Пәндер