Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитариялық кафедра

БӨЖ
Тақырыбы: Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде
ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы ж әне жергілікті
патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялы қ-санитариялы қ
САРАПТАЛУЫ.

Орындаған: Толеуова Д. М.
Топ: ВС-203
Тексерген: Серикова А. Т.

Семей 2015 жыл
ЖОСПАР:
• I. КІРІСПЕ
• II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
• 2.1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде
ветеринариялық-санитариялық сараптау
2.2. Қоян шаруашылығы өнімдерін бактериялық этиологиялы
жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялы қ сараптау
2.3. Қоян шаруашылығы өнімдерін вирустық этиологиялы
жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялы қ сараптау
2.4. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және
жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялы қ-
санитариялық сарапталуы
• III. ҚОРЫТЫНДЫ
• IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I. КІРІСПЕ
Қазақстанда қоян өсірумен айналысу солтүстік облыстарда жол ға қойыл ған.
Қоянның негізінен үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, шиншилла т ұқымдары
өсіріледі.
Қоян шаруашылығы - қоян өсіріп, оның етін, терісін, түбітін өндіретін сала.
Қоян еті негізінен - нәрлі, шипалы тағам болып табылады.Ал қоян терісі же ңіл,
жылы, әдемі бас, аяқ киім, галантерея бұйымдарын жасау ға ж ұмсалады. Т үбітті
тұқымынан жіңішке, жұмсақ түбіт алынады. Ол жылу өткізгіштігі
жағынан биязы жүнінің ең жақсысынан кем түспейді. Сонымен қатар ғылыми-
зерттеу мекемелері үй қоянын әр түрлі зерттеулер ж үргізу үшін пайдаланады.
Қоян өсірумен айналысу өте тиімді. Ет және тері үшін өсірілетін т ұқымдары
жылына 4 рет көжектейді, әр ретте орта есеппен 5 көжек табады. К өжектері тез
жетілгіш 65-70 күнде шағылыстыру ға, 100-135 күнде сою ға жарайды (2-2,5),
яғни әр ұрғашы қояннан 20 көжек өсіріп, олардан 40-50 кг ет, 20 тері өндеуге
болады. Қоянды 3 жыл шаруашылықта пайдаланады.
2.1. ҚОЯН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КЕЗІНДЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ
2.2.. ҚОЯН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН БАКТЕРИЯЛЫҚ ЭТИОЛОГИЯЛЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КЕЗІНДЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫ Қ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ

Пастереллез қояндарың жіті түрде өттетін ауруы. Қоздырғышы - Pasteurella
multocida.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Еріксіз сойылған қоян ұшасын тексеру
барысында ішкі сірлі қабықтарда, танау қуысыны ң ішкі сірлі қабы ғында,
көмекей, кенірдек, жұтқыншақ, асқазан және ішектерді ң сірлі қабатында н үктелі
қан құйылу ошақтары байқалады.
Өкпеде фибрнозды-крупозды пневмонияға тән өзгерістер байқалады, кейде ірі ңді
ошақтар кездеседі, ал плевраны фибринозды қосындылар басып кетеді. Бауыры
ұлғайған, дақтанған, іріңді-қанды сұр-қызыл түске боялған, капсулалар астында
нүктелі қан құйылулар кездеседі. Бүйрегі қанталаған, ісінген. Лимфа т үйіндері
ұлғайған, шырынды.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ішкі
мүшелерде инфилтраттар мен сему- ұшаны ішкі м үшелерімен қоса утилдеуге
жібереді.
Тексеру нәтижесі теріс болса - шұжық дайындау ға жіберіді.
Тексеру нәтижесі оң болса - зарарсыздандырып консерві дайындайды.
Теріні - 1% тұзды қышқыл ертіндісінде немесе 20% ас т ұзы ертіндісінде 48 са ғат
бойы дезинфекциялайды
Құрал- жабдықтарды -10 минуттан кем емес 2% калцийденген содада қайнатады.
ПСЕВДОТУБЕРКУЛЕЗ – ҚОЯНДАРДЫҢ
СОЗЫЛМАЛЫ ТҮРДЕ ӨТЕТІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫ.

Қоздырғышы - Corinebaсternim pseudotuberkuiosis және Versinia
pseudotuberсulosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Қояндардың ұлпалы мүшелерінде және
ішектерінің қабырғаларында сұрғылт-сарғыш түсті некрозды оша қтар
байқалады. Өкпесінде эмфизематозды ошақтар кездеседі, бауыры
ұлғайған, теңбіл сары түсті кейбір сау бөліктері с ұрғылт-сары т үсті ж әне
тығыз болып келеді. Көкбауыры ұлғайған, кедір-бұдырлы түйіндер
ұшырасады. Ұшадағы кейбір лимфа түйіндері ісінген, сар ғыш некрозды
ошақтар болуы мүмкін.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар.
Ұша арық болса- лимфа түйіндерінің көбі зақымдалған немесе бұлшы қ
етте псевдотуберкулезді үрдістер жүріп жатса, онда ұша мен ішкі м үшелері
утильдеуге жібереді.
Ұша қоңдылығы орташа -тек ішкі мүшелер мен лимфа т үйіндер
зақымдалған болса, оларды утилдеуге жіберіп, қалған сойыс өнімдерін,
терілерін бөгетсіз босатады.
Бөлмені және кұрал - жабдықтарды ыстык 2 - 4% к үйдіргіш натрий
ТУБЕРКУЛЕЗ
Қоздырғышы - Mycobacterium
tuberculosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Туберкулезбен ауырған қоянның
ұшасының қоңдылығы төмен, ауру
жеңіл түрде өткен кезде өкпеде ақшыл-
сұр түсті көлемі бидай дәнінен бұршақ
дәнінің көлеміндей болатын
туберкулезді түйіндер байқалады.
Туберкулез ішек формасына өткенде
ащы ішекте кездеседі, кейде бауыр,
көкбауыр және бүйректе кездеседі. Көп
жағдайда аумақтағы лимфа түйіндері
зақымданады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін шаралар.
Ұшаны ішкі мүшелерімен, терісімен
қоса жойып жібереді.
НЕКРОБАКТЕРИОЗ - ҚОЯНДАРДЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ ТҮРДЕ ӨТЕТІН ЖҰКПАЛЫ АУРУЫ.

Қоздырғышы - Bacterium neсrophorum.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру ұлпалар іріңді-
некрозды ыдыраумен сипатталады, диагнозы
бактериологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша
қойылады.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және
жүргізілетін шаралар. Ұша бөліктерінің белгілі бір
ошақта, жекелеме зақымдануы кезінде зақымданған
жерін кесіп алып тастайды, ал дененің толығымен
зақымданғанында ұшаларды ішкі мүшелермен қоса
утильдеуге жібереді.
ЛИСТЕРИОЗ - ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ САЛДАНУЫМЕН, СЕПТИЦЕМИЯМЕН, ТҮСІК ТАСТАУМЕН ЖӘНЕ ЖЕЛІНСАУМЕН
СИПАТТАЛАТЫН ІНДЕТТІ АУРУ.

Қоздырғышы - Listeria monocytogenes.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру
қояндарда аса жіті және созылмалы түрде
өтеді. Аурудың жіті түрінде бауырда,
көкбауырда, бүйректе некрозды түйіндер
пайда болады. Бауыр ұлғайған, солуы
байқалады, түсі ақшыл-қоңыр. Көкбауыр
ұлғайған, консистенциясы - былжыраған.
Аурудың созылмалы түрінде патологиялық
өзгерістер, ауру белгілері көбінде жатырда
байқалады (іріңді метрит).
Ветеринариялық-санитариялық бағалау
және жүргізілетін шаралар. Зақымдалған
мүшелерді (жүрек, бауыр) және қоян басын
утильдеуге жатқызады. Ұшаны қайнатып
залалсыздандырады.
САЛМОНЕЛЛЕЗ - ЖІТІ ТҮРДЕ ӨТЕТІН, ҚЫЗБА (ЛИХОРАДКА) ЖӘНЕ
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫМЕН, ӨКПЕ ҚАБЫНУЫМЕН
СИПАТТАЛАТЫН ЖҰҚПАЛЫ АУРУ.

Қоздырғышы - S. dublin, S. typhimurium.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Асқазан-ішек
жолдарында және ұлпалы (паренхиматозды)
мүшелерде зақымдану байқалады. Асқазан мен
ішектің кілегей қабығы қабынған, ащы ішекте
көптеген көлемі тарының дәніндей ақшыл-сұр
түсті некрозды ошақтар табылады.
Шажырқайдың лимфа түйіндері ұлғайған,
бауырдың беткі және ішкі бөлігінде ұсақ
некрозды ошақтар кездеседі, көкбауыры
ұлғайған, кейбір бөліктері некрозға ұшыраған.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау
және жүргізілетін
шаралар. Ішкі мүшелерін жойып жібереді,
ұшасын кайнату арқылы
залалсыздандырады.
СТАФИЛОКОККОЗ - ІРІҢДІ ҚАБЫНУ ОШАҚТАРЫМЕН, СЕПТИЦЕМИЯМЕН
СИПАТТАЛАТЫН ЖҰҚПАЛЫ АУРУ.

Қоздырғышы - Staphylococcus aureus,
St. albus.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Жаңа туған көжектерде бұл
ауру пиодермиялар түрінде байқалады,
ол алғашқы 2-3 күндері теріде ұса қ
бітеу жаралар (абсцесстер) пайда
болады, ересектерде бітеу жаралар тері
астында, сүт безінде, өкпесінде,
бауырында, бүйрегінде және басқа
мүшелерінде пайда болады.
Стафилококты пододерматитте аяқ
терісінде жаралар пайда болады.
Ветеринарнялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ұшасын ішкі мүшелерімен
және терісін утильдеуге жібереді.
ТУЛЯРЕМИЯ – ҚОЯНДАРДЫҢ ТАБИҒИ ОШАҚТЫ АУРУ.

Қоздырғышы - Francisella tularensis бактериясы.
Сойғаннан кейіпгі диагностика. Лимфа түйіндері 10-15 есе ұлғаяды,
сырты бұдырлы, бұдырлары жұмсарып айқын к өрінеді ж әне ұса қ а қшыл
түсті некрозды бөліктер байқалады. Беткі жа ғын кескен кезде ұса қ с ұр
түсті, кейде әк немесе іріңді қабынулар көрінеді. К өк ет (плевра),
ұшаның ішкі қабаты қалындаған, кедір-бұдырлы, фибринозды-ірі ңді
және сірілі қабықпен жабылған. Өкпеде, к өкбауырда, кейде бауырда
кілегейлі созылмалы ошақтар байқалады. Өкпесі қою қызыл т үсті қан ға
толы. Көкбауыры 2-3 есе
ұлғайған. Тері астында (клечаткасында) іріңді оша қтар кездеседі.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ауру қояндарды етке союға болмайды. Туляремиямен ауыр ған
жануардың ұшасына, мүшелеріне немесе қанына жанас қан өнімдерді
қайнатып, залалсыздандырады.
2.3. ҚОЯН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ВИРУСТЫҚ ЭТИОЛОГИЯЛЫ Ж ҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КЕЗІНДЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫ Қ-
САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ
ВИРУСТЫ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ АУРУ - ЖІТІ КОНТАГИОЗДЫ ӨТЕТІН ҚОЯННЫ Ң ІНДЕТТІ АУРУЫ.

Қоздырғышы - вирус. Ауру ішкі мушелердс
әсіресе, өкпе мен бауырда геморрагиялық диатезбен
сипатталады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс алу
мүшелерінің, бауырда, көкбауырда, бүйректе, жүректе
және асқорыту жолында
нүктелі немесе сызықты қан құйылулар байқалады.
Өкпе ісінген, қошқыл қызыл түсті дақтар кездеседі,
кесіп қараған кезде қанға толы. Көкбауыры біршама
ұлғайған. Бауыры ұлғайған солу үрдісі байқалады,
түсі қою қоңыр, көп мөлшерде қанталау кездеседі.
Лимфа түйіндері шырынды, ақшыл қызыл түске
боялған. Асқазан мен ішек жолдарының сірлі
қабықтарында геморрагиялык қан құйылулармен
қоса, қабынған үрдістер байқалады.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және
жүргізілетін шаралар. Ұшасын ішкі мүшелерімен
және терісін утильдеуге жібереді.
МИКСОМАТОЗ - БҰЛ ЖІТІ ТҮРДЕ ӨТЕТІН
ВИРУСТЫ, ЖОҒАРЫ КОНТАГИОЗДЫ АУРУ.
Қоздырғышы - Micsomatosis
cuniculorum.
Сойғаннан кейінгі
диагностика. Диагнозы сарғыш,
қою сұйықты инфильтраттар
табылғанда қойылады.
Ветеринариялық-
санитариялық бағалау және
жүргізілетін шаралар.
Миксоматозбен ауырған
қояндарды союға жібермейді,
ауру толығымен зерттелген соң
ұшаны ішкі мүшелерімен қоса
және терісінде жойып жібереді.
ТРЕПОНЕМОЗ (СПИРОХЕТОЗ) - ІШКІ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ, АНУС ЖӘНЕ
ДЕНЕНІҢ БАСҚА БӨЛІКТЕРІНІҢ ТЕРІСІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫМЕН
СИПАТТАЛАТЫН ЖҰҚПАЛЫ АУРУ.

Қоздырғышы - Treponema cuniculi.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Еріндерінің немесе жыныс
мүшелерінің, тік ішектің ісініп,
кілегейленуі байқалады. Сондай-ақ
ерінде, көз қабағында жаралар мен
некрозды ошақтар, қабынған
жерлер қабыршактанады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ұшаның зақымданған
бөліктерін және мүшелерді
утильдеуге жатқызады.
2.4. ҚОЯН СОЙЫС ӨНІМДЕРІН ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР МЕН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ПАТОЛОГИЯЛЫ Қ ҮРДІСТЕР
БОЛҒАНЫНДАҒЫ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАЛУЫ

АРЫҚТАУ

Сойғаннан кейінгі диагностика. Арықтау кезінде
бұлшық ет ұлпасының дегенеративтік өзгерістері,
бұлшық ет семуі және май жиналатын мүшелерде
іркілдек ісіктер байқалады.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық
бағалау. Арықтаудың себебіне қарамастан ұшаларды
және мүшелерді утильдейді.
ГИДРЕМИЯ
Гидремия бұлшық ет және дәнекер ұлпаларында, дене
қуыстарында көп мөлшерде трансудаттың жиналуы.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау.
Арықта немесе кахексия байқалады, тері асты клетчаткасында,
бұлшык еттерде сұйықтың жиналып, бұлшық еттер болбыр, сулы
болады. Бұл
кезде жамбас қуысында, бүйрек маңында жиналған майлар азаяды,
олардың орнында іркілдек масса пайда болады. Гидремия белгілері
айқын болған жағдайда ұша мен мүшелерді техникалық
утилизацияға
жібереді. Егер белгілері әлсіз болып, бір тәулік ұстағаннан кейін
жоғалып кетсе және де бактериологиялық зерттеу нәтижелері теріс
болса, ұшаны шектеусіз босатуға болады.
ЖАҢА ТҮЗІЛІСТЕР
(NEOPLAZMA, BLASTENA, TUMOR)
Сойыс өнімдерін
ветеринариялық-
санитариялық бағалау. Жаңа
түзілістермен зақымдалған
ұшаларды жарамсыздыққа
шығарады. Қатерлі емес жаңа
түзілістермен аз зақымдалуы
кезінде зақымдалған
бөліктерді алып тастайды, ал
ұша мен мүшелерді шектеусіз
қолданады.
ЖАРАҚАТТАР КҮТІП -БАҒУ КЕЗІНДЕ ТАСЫМАДАУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ БҰЗЫЛҒАНДА БОЛАДЫ.

Сойыс өнімдерін
ветеринариялық-
санитариялық бағалау.
Жарақаттар жаңа болса,
зақымдалған мүшелерді
тазалап, ұшаны тағамга
қолданады. Асқынулар
болса, шешімді
бактериологиялық зерттеуден
кейін қабылдайды,
бактериологиялық зерттеу
мүмкін болмаған жағдайда
ұшаны жарамсыздыққа
шығарады.
ПЕРИТОНИТ СУЫҚ ТИЮ, ЖАТЫРДЫҢ
ҚАБЫНУЫ АУРУЛАРЫНАН КЕЙІН БОЛАДЫ

Сойғаннан кейінгі диагностика.
Үрдістің жіті түрінде құрсақ
қуысында серозды-фибринозды
немесе геморрагиялық сұйық
жиналады. Іш перде жылтырлығынан
айрылады, бұдырлы болады,
фибринмен және ішперде мен ішекті ң
сірілі қабықтарының жабысуы
болады. Созылмалы түрінде бітеу
жаралар жиі кездеседі.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-
санитариялық бағалау. Өзгерістері
бар ағзаларды және ұлпаларды
жарамсыздыкка шығарып, ал бас қа
сойыс өнімдерін бактериологиялы қ
зерттеу нәтижелеріне байланысты
қолданады.
САРЫ АУРУ
Сойғаннан кейінгі диагностика. Бұл
кезде түракты сары түске боялу барлық ұлпаларда
байқалады - майда, бұлшық етте, сіңірлерде
байқалады. Лимфа түйіндері сарғыш түсті. бас қан
кезде сары-жасыл немесе қызғылт-сары түсті лимфа
бөлінеді. Бірақ қояндарда ұлпалардың сары түске
боялуы жаз кезінде каротин мен каротиноидтар ға
бай жасыл шөп жеген кезде. сонымен қатар
рациондарында зығьтр жэне pane құнжарасы болған
кезде болуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-
санитариялық бағалау. Ұлпалардың 48 сағат
өткеннен кейін де жоғалмайтын сары түске боялуы
кезінде және қайнатқан кезде ащы дәм және
нәжістің иісі болса, ұшаны техникалық
утилизацияға жібереді.
Егер жағымсыз иісі және ащы дәмі болмаса, сары
түс 48 сағаттан кейін жоғалып кетсе, ет
бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты
босатады.
Сары түске боялудың себебі азықтандыруға
байланысты болса, ұшаларды шектеусіз босатады.
УРЕМИЯ
Сойғаннан кейінгі диагностика. Қансыздандыру
кезінде қанда несеп иісі болады. Тері асты және б ұлшық
еттер аралық дәнекер ұлпа несеп иісі бар сұйыққа толы,
кейде қан құйылулар болады. Қуық жыртылған кезде,
несеп құрсақ қуысына жиналады. Уремия кезінде несеп
және аммиактың иісі бұкіл ұшадан шығып тұрады,
қайнатқан кезде иіс күшейеді.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық
бағалау. Уремиямен ауырған қояннан алынған барлық
сойыс өнімдерін утилизацияға жібереді.
III. ҚОРЫТЫНДЫ

Қояндардың ауруларының ішінде ең қауіптісі жұқпалы аурулар
болып табылады. Жұқпалы аурулар қояндардың арасында жылдам
тарайды, бірнеше күннің ішінде көптеген қояндар ауруы мүмкін.
Кейбір жұқпалы аурулардың түрлері тек қана қояндарға ғана емес,
адамға да қауіп төндіреді. Қажет болса, ветеринарлық
органдарының өкілдері үй-жайлардағы бүкіл қояндарды жойып,
зарарсыздандырады.
Қояндардыңдың ауруларының ішінде жиі кездесетіні жұқпалы
емес аурулар болып табылады. Олар үй-жайларда қамтыл ған
қояндардың көпшілігі зардап шегеді. Зақымдалған қоян ұшаларын
техникалық утилизацияға жібереді, ал за қымдалу болма ған
жағдайда, қоян ұшаларын залалсыздандырғаннан соң пайдалану ға
рұқсат беріледі.
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

С. Т. Дүйсембаев. «Ветеринариялық-санитариялық
сараптау». Алматы, 2013 жыл.
Б. С. Сенченко. «Ветеринарно-санитарная экспертиза
продутов животного и растительного происхождения».
Ростов-на-Дону, 1998 год.
В. А. Макаров, В. П. Фролов, Н. Ф. Шуклин. «Ветеринарно-
санитарная экспертиза с основами технологии и
стандартизации продуктов животноводста». Москва,1991
год.
Дәріс материалдары.
Ғаламтор желісі. www.yandex.ru

Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Саз құндыз шаруашылығы
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы
Адам және жануарлар ауыратын жқпайтын аурулар кезінде жануарларды, өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық - санитариялық бағалауға машықтану
Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстарды аулау әдістері
Пәндер