Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы туралы ақпарат



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №10
Тақырыбы: Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы

Нәрестелік кезең
Баланың дүниеге келуі - күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл - есті адам болып өсетің дүниеге шығады. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін) . Өмірге бала шыр етіп келетіні белгілі. Бірақта, баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп қалуын әр түрлі пікірлермен ғалымдар түсіндіргісі келеді. Мәселен З. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептеді. Фрейд бойынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратын пессимистік тұрғыда суреттейді.

Шартсыз рефлекстер
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса жетекші іс-әрекеттер жоқ. Шартсыз рефлекстер баланың дамуындағы алғы шарты. Оның түрлері:
қорғаныс рефлекстері - олар тітіркендіргіштен қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған. (көзін жыпылдату, түшкіру, жөтелу) .
бағдарлау рефлексі - басқа тітіркендіргіштерге жанасу реакциясынан көреміз. (қатты тітіркендіргішке басын бұру) .
тамақтану рефлексі - бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, ауызын ашады. (ему, сору, жұту) .
- қимыл - қозғалыс рефлексі - баланың алақанына бірдеңе тиіп кетсе жармасу реакциясын тудырады. (жармасу, жүзу, еңбектеу) .

Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Сезім мүшелері. Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі. шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының толысуынан басқа, есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, мен түйсіну балалада жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті.

Шартты рефлекс
Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған реакцияларының жиынтығында сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, олардың негізінде ештеңе дамымайды. Бұл - баланың хайуанаттардың арғы атасынан тұқым қуалайтын атавизимдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара - бара жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына сыртқы дүниемен өзара әсер теу қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстарды жармасу қимылдары негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді. Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысыныан басталатынын көрсетті: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды.
Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін, үлкендердің осы қимылдары үйретуімен, жаттықтырумен қалыптасады.
Сонымен, бала хайуанаттар төліне қарағанда, әлдеқайда туа біткен мінез-құлық формаларымен аз қаруланған. Балада адамға тән мінез-құлық формалары әлі де қалыптаспауы тиіс.

Танымдық өрісінің дамуы.
Туғаннан көру және есту анализаторлары әлі де болса аяқталмаған, ол белсенді түрде қалыптасады. 2-3 апта да қабілеті көрінсе, ал 3-4 апта да көру тұрақтылыққа ие болады.

Эмоционалдық өрісінің дамуы.
Жаңа туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп еспептейді: тарылу тыныстың қысылуын туғызады. Осы жағдайда, шынында да бұлшық ет реакциясы мен эмоциялық көзқарасты ажырату мүмкін емес, өйткені жаңа туған нәрестенің өмірілік тәжірбиесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күнен бастап-ақ шыңғырып жылаумен жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен, жаялығының сулануымен т. б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарық «іңгәсі»қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.
Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады. Әрине, жағымды сезімінің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №11
Тақырыбы: Ерте сәбилік шақ. Сәбидің дамуының басты белгілері. Үш жас кезеңіндегі жаңадан пайда болатын әркеттер.
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Ерте сәбилік шақ. Сәбидің дамуының басты белгілері. Үш жас кезеңіндегі жаңадан пайда болатын әркеттер.

Ерте сәбилік шақ
Онтогенездегі тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әртүрлі «қашықтықтан» өтеді. Баланың бойында алғашқы 3 жылда пайда болатын сапалық өзгерістердің елеулі екендігі соншалық, кейбір психологтар адамның тұған күнінен бастап кәмілеттік жасқа дейінгі аралықта дамудың орта мөлшері туралы ойлағанда, оны 3 жас деп есептеп жүр. 3 жаста бала өзін -өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен қарым -қатынас жасай алады.

Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.
Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1, 5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді.
Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды:
7 жасқа келгенде 1250 г болады
8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады
15 жасқа келгенде 1350 г болады
21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.
Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды.

Сәбидің дамуының басты белгілері.
Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл -ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы
Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1, 5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.

Туғаннан 3 жасқа дейінгі баланың психикалық дамуының негізгі жетістіктері.
Жас
Танымы
Қимыл-қозғалысы
Қарым-қатынасы
1 апта
Иісті және дыбысты айыра алуы. Дыбыстан секем алуы. Қозғалысқа төселуі.
2 апта
Басқа дыбыстардаң анасының дауысын анғара алуы.
2 ай
Анасының бет пішіні және дауысының өз - ара образын байланыстыра алуының қалыптасуы.
3 ай
Көру функциясының жетілуі.
Бір жағынан - екінші жағына бұрылуы, жылжуы.
5 ай
Көмек арқылы отыруы, салмақтын аяққа берілуі.
7 ай
Көмек арқылы тұруы
8 ай
Сенсомоторлы инттелектісінің құрылуы
Айналада жүруі.
Вербальді емес коммуникация. Ым-ишара, дене қимылдары
10 ай
Жаңа жағдайда және басқа адамдар ортасындағы мазасыздық, тәуелділік реакциясының көрінуі.
1 жас
Тілді түсінудің алғашқы белгілері
өз бетінше жүре алуы, өз бетінше тұруы.
Алғашқы қолданған тілдік белгілері.
Алғашқы белсенді тілдің дамуы
2 жас
Белсенді тілдің тууы және түсінудің дамуы.
Қол және аяқ қызыметінің дифференциациясы.
Мінез бітістерінің қалыптасуы.
3 жас
Тілдік қорының жетілуі .
Қол қимылдарының дамуы. Мінез құлқын өзіндік басқара алу еркінің тууы.
Өзіндік сананың тууы, алғашқы адамгершілік нормаларды меңгеруі. Азаматтық мінез құлық ережелерін игеруі.

3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.
Қыңырлық ( упрямство) - бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.
Наразылық - бүлікші ( қасарыспалық) - кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.
Деспотоизм ( шексіз билеушілік) - отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.
Бағасыздану (обесценивание) - 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Үш жас кезеңіндегі жаңадан пайда болатын әркеттер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz