Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы


Презентация қосу



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ №2
Тақырыбы: Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы.
Дисбактериоз.

Орындаған: Бекбусунова А.
Тексерген: Омарбеков Е. О.
Топ: Бл – 309
Жануар ағзасы микробтардың тіршіілік ету ортасы бола алады. Тері
микрофлорасы тұрақсыз, оның құрамы микроорганизмдердің тіршілік ету
жағдайларына, қоршаған ортаға, сонымен қатар жауарлар жанасатын заттар ға
байланысты. Теріден көбінесе дөңгелек пішінділер: стафилококкалар,
диплококкалар, стрептококкалар, сарциналар анықталады. Олар май ж әне тер
бездерінің өзекшелерінде тіршілік ете алады және тері зақымданғанда абсцесс,
фурункуланың пайда болуына себепші болып, жарақат экссудатының құрамына
кіреді.
Таяқша тәріздес бактериялардан ішек таяқшасы, көкірің бактериясы,
пішен бацилласы кездеседі. Теріге топыпақпен кейде көп мөлшерде бациллалар,
сондай-ақ зең саңырауқұлақтары мен сәулелі саңырауқұлақтар түседі. Тері
жабынының тазалығына байланысты, терінің 1 см2 ауданынан ондаған мыңнан 2
млрд-қа дейінгі микроб жасушалары болады.
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы. Тыныс алу жолдарына
микробтар ауаның ең алғашқы порциясымен түседі. Олар жоғарғы тыныс алу
жолдарының кілегей қабықтарында орналасады және оның төменгісімен
салыстырғанда жоғарғы бөлігінде микроорганизмдер көбірек болады.
Микробтар саны көмекейдің және кеңірдектің кілегей қабығында күрт
азаяды, өкпе паренхимасында мүлдем кездеспейді. Танау қуыстарында
негізінен дөңгелек пішінділер мекендейді, ал таяқша тәріздестер сирек
кездеседі. Сау жануарлардың танау және көмекей кілегей қабықтарынан
стрептококкаларды, тілме таяқшасын және тағы да басқа микробтарды
кездестіруге болады.
Тыныс алу жолдарының ішкі бөліміндегі микрофлоралар аз зерттелген.
Адамдарда бұл материалды алудың қиындығымен байланыстырылса, ал
жануарларда тыныс алудың ішкі бөлімдеріндегі материалға қол жеткізу
оңайырақ.
Ауыз қуысының микрофлорасы сан алуан және ол көбінесе азық
құрамына, жануардың жасына, түріне байланысты. Көпшілік жағдайда
дөңгелек пішінділер және таяқша тәріздестер жиі, ал имектелген түрлер сирек
кездеседі.
Имектелген бактериялардың ішінен тіс кариесін тудыратын патогенді
емес спирохета кездеседі. Спирохеталар әсіресе жасы ұлғайған
ересек шошқалардың ауыз қуысында көп болады. Егер, жемшөпттің
ылғалдылығы жоғары болса, онда күйіс қайыратын жануарлардың
ауыз қуысындағы микробтар саны да артады.
Бір камералы қарынның асқазан сөлі аздаған микробтар ғана
тіршілік
ете алатын қышқылды орта түзетіндіктен микрофлораға өте кедейй
боп кедледі. Сүт қышқылды бактериялар, ашытқылар, зең
саңырауқұлақтары, бірқатар сарциналар мен бациллалардың
қышқылды ортаға төзімділігі жоғарылау. Осындай орталарда
қышқылға төзімді бактериялардың шыдамдылығы жақсы.
Асқазан сөлінің секрециясының мөлшері азайған кезде орта
бейтараптанып, шіру микробтарының көбеюіне қолайлы жағдай
туады. Претеолитикалық бактериялардың дамуы улы заттардың
жинақталуына және ас қорыту процесінің бұзылуына әкеп соғады.
Күйіс қайырушы жануарлардың месқарынының микрофлорасы.
Өмірінің алағашқы күндері және сүтпен қоректену мерзімі барысында күйіс
қайырушы жануарлардың месқарынының негізгі микрофлорасы сүт қыш қылды
бактериялардан тұрады.
Құнарсыз азықтарды қабылдаған кезде микроорганизмдердің өзге де
физиологиялық топтары пайда болады, ал 2-3 айлық жануарларда мес қарынның
пейзажы сәл де болса тұрақтанады. Месқарын ішіндегі 1мл сұйықтықта 1-10
млрд. Микроб жасушалар кездеседі. Микробтар үлесіне мес қарын ішіндегі
құрғақ массаныңң 10% тиесілі. Микробтардың физиологиялық топтарыны ң
көбеюі немесе азаюына жаңадан түскен азық порциясына байланысты.
Күйіс қайырушы жануарлардың месқарынында микробтардың дамуы
үшін қолайлы жағдай туады: тұрақты температура (37-39 С), тұрақты рН (5,8-
7,3), сілекейдің үздіксіз берілуі (тәулігіне 70л шамасында), ұса қтал ған азы қты ң
үнемі түсіп отыруы және оның месқарынның жиырылуы нәтижесінде араласуы.
Целлюлозаны ыдыратушы микрообтар. Целлюлоза немесе клетчатка –
ірі азықтардың 20-45% құрайтын негізгі компоненті. Организмге т үскен целлюлозаны ң
90% дейінгісі микробтармен соңғы өнім – глюкозаға ыдыратылып, мал организміне
сіңіріледі. Месқарындағы азықтың ашуы нәтижесінде сірке, пропион, май, сонымен
қатар валериан және құмырсқа қышқылдары түзіледі.
Целлюлозаның 70% мес қарында, 17% соқыр ішекте, 13% бүйенде
ыдыратылады. Ұлтабар мен аш ішекті ң бөлімінде клетчатканы ң ыдырауы ж үзеге
аспайды, өйткені бұл жерлерде целлюлоза бактерияларыны ң дамуы үшін жа ғдай
қолайсыз болып келеді.
Құрамында азоты бар азықтарды өз протеиндеріне түрлендіретін
бактериялар. Мес қарынның факультативтік-анаэробты қ бактерияларыны ң дені жасуша
денесін құруға керекті аммиакты және т.б. заттарды ыдырату ға қабілетті болып келеді.
Аргинин, гистидин, изолейцин, лейцин, лизин, метионин, фенилаланин, треонин,
триптофан, валин сияқты алмастырылмайтын амин қыш қылдары синтезделеді.
Сондықтан күйіс қайтарушы жануарлар бір камералы ас қазанда жануарлармен
салыстырғанда алмастыылмайтын амин қышқылдарын азы қтан алу ға з әру емес.
Мес қарын микробтары аммиактан, көмірқышқыл газынан, к үкірттен,
минералдық заттар мен органикалық қышқылдардан амин қыш қылдарын синтездеп,
денесінің протеиндерін түзеді. Микробтар месқарынның ішіндегі заттармен бірге
ұлтабар мен ішекке қарай жылжып, онда ыдырайды да, жануар организмі үшін толы қ
құнды азыққа айналады.
Стрептококкалар мес қарын ішінде көп мөлшерде болады. Олар
крахмалды және глюкозаны сүт қышқылын түзе ыдыратады.
Лактобактериялар кейбір көмірсуларды сүт қышқылын түзе
ыдыратады.
Propionbacterium туысының бактериялары лактатты пропион
қышқылын түзе отырып ыдыртады және В12 дәруменін синтездеуге қатысады.
Бифидобактериялар жасуша ұшы жуандау, түйреуіш тәрізді, т үзу
немесе тарамдалған таяқшалар. Олар спора түзбейді, қоз ғалмайды, Грам
тәсілімен оң боялады. Тіршілік ету процесінде сүт, сірке ж әне өзгеде
қышқылдарды түзеді, орта реакциясын 4,0-3,8-ге дейін төмендетіп, бір қатар
шіру және патогенді микробтардың дамуын тежейді. Макроорганизмдер
пайдаланатын аминқышқылдары мен көптеген дәрумендерді синтездейді.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, күйіс қайыратын жануарларды ң
месқарнында инфузориялардың 120-ға жуық түрі кездеседі, олардың 1 мл
сұйықтықтағы жалпы саны 1 миллионнан астам. Мес қарында ғы
қарапайымдылардың барлығы анаэробтарға жатады. Көмірсулы қ қоректенуді ң
негізгі көзі – еріген қант, ал азоттың көзі шөп сөлі болып саналады.
Мес қарында жануарлардың сүтпен қоректену кезеңінде инфузориялар
болмайды, өйткені мес қарындағы қышқылдық орта оларға қолайсыз әсер етеді.
Олардың дамуына құнарсыз азықтар қолайлы жағдай ту ғызады. Инфузориялар
санының артуы малдың құнарсыз азықтармен қоректендіру деңгейіне байланысты.
Бұзауларда қарапайымдылар алғашқы 2-3 айлықта дами бастайды, ал олар 1 жас қа
жақындағанда қарапайымдылардың мөлшері ересек жануарларда ғымен те ңеседі.
Қозылардың мес қарнында бірен-саран инфузориялар 8-12 күндері пайда болып, 20
күндері оның 1 мл сұйықтықтағы мөлшері 50-60 мыңға дейін артып, 6 айлықта 1 млн-
ға жетеді. Қарапайымдылар сыртқы ортада тұрақсыз, бір жануардан келесі жануар ға
жанасу арқылы және алиментарлық жолмен беріледі. Ашы ғу кезінде қой мес
қарнындағы инфузориялар саны күрт азаяды. Мес қарындағы инфузориялар санына
азық құрамы және оның көлемі әсер етеді. Қойлардың қарнындағы инфузориялар
саны сиыржоңышқа мен майбұршақтың қоспасын бергенде артады, ал с үрлеммен
азықтандырғанда азаяды немесе мүлдем жойылып кетеді.
Азықтандырғаннан бір сағат өткен соң инфузориялардың саны азайып,
бактериялардың көбеюі анықталған, бұл қатынас кейіннен өзгеріске ұшырайды. Мес
қарындағы инфузориялар мен бактериялар арасында курделі қарым- қатынас бар,
өйткені қарапайымдылар азайғанда бактериялар саны артады немесе керісінше жа ғдай
орын алады. Қарапайымдылардың күйіс қайырушылардың ас қорыту органдарында ғы
атқаратын рөлі әлі де толық анықталмаған.
Аш ішек бөлімінің микрофлорасы. Он екі елі ішек саңылауына өт өзегі
ашылады. Түскен өт организмдегі микробтарға кері әсерін тигізетіндіктен, он екі
елі ішек ішіндегі 1 мл сұйықтықтағы микробтар саны бірнеше мыңнан аспайды.
Ішектің тұрақты мекендеушілеріне ішек таяқшасы, энторококтар және кейбір
топырақ бациллары жатады.
Тоқ ішек бөлімінің және тік ішек микрофлорасы. Тоқ ішек бөлімі
микробтарға өте бай, олар сондағы құрғақ заттардың 40% -ға дейінгі м өлшерін
құрайды. 1 г құрғақ затта 3 млрд-тан астам микроб жасушалары болады. То қ ішек
бөлімінің тұрақты мекендеушілеріне ішек таяқшасы, энтерококкалар, с үт қыш қылды
таяқшалар, целлюлоза ыдыратқыш микробтар және бациллалар жатады. Актиномицеттер,
ашытқы және зең саңырауқұлақтары сирек кездеседі.
Тоқ ішек бөлімінде азықтың құрамдас бөліктерінің одан әрі ыдырауы
жүзеге асады. Мұнда микроорганизмдердің көптеген физиологиялы қ топтары үшін
қолайлы орта туындайды. Бірақ, осыған қарамастан, микробтар саныны ң артуына кедергі
келтіретін көптеген факторлар бар: сүт қышқылды және шіру микробтарыны ң
арасындағы антогонизм, өсімдік тектес азы қтарда ғы фитонцидтер әсері ж әне т.б. Сау
жануарлардың тоқ ішек бөлімінде кейде сіреспе, бруцеллез, сальмонеллез ж әне бас қа да
аурулардың қоздырғыштары табылады. Бұны білу мал шаруашылы ғы қызметкерлері
үшін өте маңызды, өйткені көң инфекция көзі болуы әбден ықтимал.
Асқазан-ішек жолының микрофлорасы сан алуан түрлі, тұра қсыз, біра қ
жануарлардың тіршілігі барысында үлкен маңызға ие амин қыш қылдарын,
дәрумендерді, биологиялық белсенді заттарды түзіп, жалпы ағза мен м үшелерді ң қызмет
етуіне қолайлы әсерін тигізеді. Асқазандағы қалыпты микрофлора қор ғаныс функциясын
атқарады, табиғи иммунитетті қалыптастырады, өзіні ң тіршілік әрекеті өнімдерімен
бірқатар аурулардың қоздырушыларының дамуын тежейді.
Макроорганизмдегі микробтар популяциясы арасында ғы экологиялы қ
тепе-теңдікті бұзу, антибиотиктік препараттарды дұрыс қолданбау, биоценозда ғы
организмдер құрамын реттейтін микроб антогонистердің белсенділігін тежеу
сияқты әрекеттердің салдарынан асқазанда шартты патогенді микрофлора үшін
қолайлы жағдай туындап, нәтижесінде дисбактериоз пайда болады.
Жануарлардың резистенттілігі төмендеп, асқазан-ішек жолы аурулары байқала
бастайды. Стерильді жағдайда өсірілген микробсыз жануарлардың әдетте ішкі
органдарының массасы мен қан сарысуындығы антидене м өлшері төмен ж әне
лимфоидтық ұлпасы толық дамымайды, ал бұл өз кезінде организмні ң қор ғаныс
қабілетінің әлсіреп, жұқпалы аураларға ұшырауына әкеледі.
Макроорганизмдегі қалыпты микрофлораның атқаратын р өлі өте зор.
Олар тек қорғаныс күшін арттырып қана қоймай, жануарларды әсіресе күйіс
қайырушыларды алмастырмайтын амн қышқылдарымен, дәрумендермен, яғни
азық құрамында жеткіліксіз болып табылатын өзге де қоректік заттармен
қамтамасыз етеді.
Қалыпты микрофлора – сау адам мен жануарларда кездесетін
микроорганизмдердің ашық биоценозы Аутомикрофлора құрамына
макроорганизмге кездейсоқ енген патогенді микроорганизмдер де қосылуы
мүмкін.
Несеп шығару және жыныс мүшелерінің микрофлорасы. Жыныс
мүшелерінің кілегей қабықтарында стафилококтарды, стрептококтарды,
микрококтарды, дифтероидтарды, қышқылға төзімді микробактерияларды ж әне
т.б. микроорганизмдерді кездестіруге болады. Қынаптың тұрақты т үрде
мекендеушісіне басқа микроорганизмдерге анық байқалатын антогонистік
қасиеті бар Bact7 vaginale vulgare-ні жатқызуға болады. Несеп-жыныс
жолдарының қалыпты физиологиялық жағдайларында микрофлора тек оларды ң
сыртқы бөліктерінде ғана болады.
Жатыр және қуық физиологиялық жағдайда стерильді немесе
микрофлорадан таза. Несеп-жыныс мүшелерінің әртүрлі аурулары кезінде қынап
микрофлорасы өзгереді.
Шетелдік авторлардың мәліметтері бойынша төлдеу жолдарының
кілегейлі қабықтарында шоғырланған микрофлоралар түрі сан алуан болып
келеді.
Несеп шығару және жыныс мүшелерінің
микрофлорасы.
Дисбактериоз – қалыпты микрофлораның құрамына кіретін
микробтың популяциялардың арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің
сапалық және сандық өзгерісі. Бұл кезде индигенді микрофлора
өкілдері (мысалы, бифидумбактериялар, лактобактериялар ж әне т.б)
антагонистік микробтардың кейбір түрлерінің саны азайып кетеді
немесе типті жоқ болады; факультативті микрофлораға жататын, әрі
биотоп шегінен тарала алатын шартты патогенді микроорганизмдер
саны артады. Көбінесе бұл процесстер ішекте дамиды.
Дисбактериоздың пайда болу себептері:
- ұзақ антибиотиктік: химиялық, гормонды терапия.
- сәулелену, сәулелік терапия, иммунды депрессанттарды
қабылдау.
-асқазан- ішек жолдарының инфекциялы (жұқпалы) және
инфекциялы емес табиғатты аурулар, басқа да
инфекциялы аурулар, ісіктік аурулар, иммунды
тапшылықтар.
- авитаминоздар, тамақтанудың өзгеруі қолайсыз
экология.
- стресстер және экстремальді жағдайлар.
- ұзақ уақыт стационарларда, жабық кеңістікте болу.
Дисбактериоз дәрежелері:

I дәреже: Биоценоз құраушыларының өзгерінсіз. Индигенді флораның бір
өкілінің санының сәл азаюы. Клиникалық түрде байқалмайды
дисбактериоздың компенсацияланған түрі. Бұл дәрежеде диета
ұсынылады.
II дәреже: Индигенді микрофлораның жеке өкілдерінің санының азаюы
немесе элиминациясы және транзиторлы шартты-патогенді флоралы қ
артуы. Ішек дисфункциясы және жергілікті қабыну процесстері стоматит,
ангина, энтерит және т.б тән субкомпенсаторлы дисбактериоз түрлері
дамиды. Микрофлораны эубиотиктермен және диета қолданумен
коррекцияланады (емделеді).
III дәрежесі: Микрофлора өзгерісі сол күйде күшееді, шартты-патогенді
микроорганизмдердің жеке өкілдерінің биотоп шекарасынан (ішегінен)
таралып, қалыпта кездеспейтін қуыстарды, мүшелерде және ұлпаларда
пайда болады. Мысалы, E. coli - өт жолдарында ( өзектерінде ), Candida
туысты саңырауқұлақтар- зәрде, стафилакокктар- қанда және т.б. Ауыр
септикалық түрге дейін, яғни шартты-патогенді микроорганизмдер
тудырған инфекция түрінде өтетін патологиялық өзгерістер тудыратын
дисбактериоздың декомпенсацияланған түрі дамиды. Ем эубиотиктермен,
бактериофагтармен, антибиотиктік және химиялық терапиямен
Дисбактериоз емінде қолданылатын препараттар:

1. Құрғақ бифидумбактерин. Құрамында лиофизирленген бифидобактериялар
бар.
2. Құрғақ бифиланг. Құрамында 2 штамм бифидобактерий бар: B.bifidum және
B.londum 1:1 қатынасында.
3.Лактобактерин. Құрамына лиофилизирленген Lactobcillus acidophillus
бактерийлері дақылдары кіреді.
4. Колибактерин. E Coli М-17 штамы кіреді.
5. Бификол. Құрамына бифидумбактериялар және E Coli М-17 штамы кіреді. E
Coli антогонисттік қасиетке ие. Ол жергілікті иммунитетті қуаттандырады, сол
себепті секреторлы иммуноглобулиндер синтезделуіне әсерлеседі.
6. Бактесубтил. Флонивин.Құрамына аэробты Bacillus subtilis бациллалары кіреді.
7.Сүт қышқылды лактобактерин-стерильді сүтте биффидумбактерияларды ң ашу
өнімі (B. Bifidum 79 немесе B.londum 13379м).
8."Наринэ"-құрамында ацидофильді лактобациллалар бар сүт қыш қылды өнім.
(Lactobacilllus acidophilus EP 317/402)
9. Линекс - құрамында энтерококктар, лактобактериялар, бифидумбактериялар
бар.
10. Йогурт - құрамында Lactobacillus acidophilus бар емдік диетикалы қ өнім.
Дисбактериозды емдейтің бактерриофагтар.
Пайдаланылған әдебиеттер:

•А. Булашев, Ө. Таубаев, Ж. Сураншиев, К. Мырзабаев
«Микробиология» 2014 жыл
•Б. Т. Толысбеков, Қ. Б.Бияшев «Микробиология және
иммунология» Алматы 2008жыл
•Гайсин Айдар Балкашевич «МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ
пәнінен дәріс конспекты» Өскемен 2007 жыл



Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь