Сібірлік саяқ шегіртке (Gomphocerus sibiricus): таралуы, морфологиясы және зиянмен күресу шаралары


Slide 1

Сібірлік саяқ шегертке -

Gomphocerus sibiricus

Орындаған:Абзалова Т

Тексерген:Сагандыков С. Н

Тобы: АГ-213

Slide 2

Жоспар

I Негізгі бөлім

1. Сібірлік саяқ шегірткенің таралуы

1. 2 Сібірлік саяқ шегірткенің айырмашылығы

II Қорытынды

IIIПайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Сібірлік саяқ шегірткесі Қазақстанның орманды -дала және далалық аудандарында кеңінен таралған. Өсімдігі сирек жерлерде және мал аяғымен тапталған жайылымдарда көбірек болады. Қазақстаннан басқа Еділ маңайынан бастап Қиыр Шығысқа дейінгі орманды-дала аймақтарында, Кавказ және Орта Азия тауларында таралған.

Slide 4

Сібірлік саяқ шегірткенің басқа шегірткелерге қарағанда негізгі айырмашылықтарына мыналарды жатқызуға болады: олардың жотасы дөңестеу, мұртшаларының ұштары түйреуіш басты, еркектерінің алдыңғы сирақтары алмұрт тәрізді жуантық келеді. Жалпы түсі жасылдау-қоңыр немесе сарғылт түсті болып келеді. Ұрғашыларының ұзындығы 19-25 мм, . еркектері -18-23, 4 мм

Slide 5 Slide 6

Шегірткенің личинкалары мамыр айның бірінші жартысында шығады. Олардың дамуы 24-28 күнге созылып, 4 рет түлейді. Ересек шегірткелер толық қанаттанған соң көп кешікпей-ақ ұрықтанып, көбеюге кіріседі. Әрбір ұрғашы шегіртке 9-18 күбіршеден салады. Олардың ішінде 7-10 жұмыртқадан болады. Күбіршенің пішіні сопақша, ұзындығы 8-16мм, диаметрі 4-6 мм. Бұл шегіртке республиканың солтүстік аудандарында кездесетін шегірткелердің ең зияндыларының бірі. Ол көбінесе дәнді дақылдарды және шабындық шөптерді қатты зақымдайды.

Slide 7 Slide 8

Қорытынды Қорыта айтқанда, зиянды шегірткелерді азайту үшін игерілмей жатқан тың және тыңайған жерлерді, сондай-ақ егіс араларындағы бос учаскелерді игеріп пайдалану сияқты мәдени - шаруашылық шараларды жүргізудің маңызы зор болып табылады. Сондай жерлерді шегірткелер ұялап өсіп-өнеді де одан соң егіске көшеді. Тың жерлерді жырту- күбіршелерін тек қана тығыз топырақты жерлерге салатын бірқатар зиянды шегірткелердің толық құрып кетуіне әкеліп соқтырады. Шөбі желініп, малдың аяғымен тапталған жайылымдарда сібірлік саяқ шегіртке тәрізді зиянкестердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туатындықтан, мал жайылымдарын дұрыс пайдаланудың да зор маңызы бар. Пішендік жерлерді суару және уақытысымен шөбін шауып жинап алу шарасы шегірткелердің өсіп-өну мерзімін кешіктіреді де, олардың зиянкестік әсерінің дәрежесін төмендетеді.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиеттер 1. Ә. Т. Тілменбаев Г. Ә. Жармұхамедова «Энтомология» 2. А. Ж. Агибаев, А. К. Тулеева, З. Ш. Сулейменова «Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау»

Slide 10

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Қара жолақты саяқ шегіртке (Oedaleus decoris): биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Итальяндық шегіртке (Calliptamus italicus): Қазақстандағы таралуы, биологиясы және зиянмен күресу шаралары
Атбасарлық саяқ шегіртке Dociostaurus kraussi: биологиясы, таралуы және ауыл шаруашылыққа зияны
Ақ жолақты (мүсінді) саяқ шегірткелер: биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Итальяндық шегіртке (Acrididae): морфологиясы, фенологиясы, есептеу әдістемесі және күресу шаралары
Азиялық шегіртке: биологиясы, таралуы, зияншылығы және есептеу мен күресу әдістері
Қарасора (Amaranthus) морфологиясы, биологиясы, таралуы және агротехникалық-химиялық күресу шаралары
Тауық тарысы (Echinochloa crusgalli): морфологиясы, биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Жатаған бидайық (Elytrigia repens): морфологиясы, биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Астық меромизасы (Meromyza): морфологиясы, даму биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz