Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар


Slide 1

Орындаған: Рахметолла Г

Тобы: П- 305

Тексерген:Таттимбетова С. Ж.

Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

Slide 2

«Сауат ашу» пәні - лексикалық тақырыптар негізінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрете отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған пән.

Slide 3

«Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы

Оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» - оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында

«Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді: оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады.

«Сауат ашу» пәні арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.

Slide 4

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты

оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

«Сауат ашу» пәнінің міндеттері

- қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;

- әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

- оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

- тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;

- кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;

- қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

- сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

- сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;

Slide 5

Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

6

198

«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан 198 сағатты құрайды.

«Сауат ашу» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

буындық-дыбыстық талдау-жинақтау;

проблемалық жағдаят жасау;

оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру;

ойын және зерттеу әдістері;

тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттері (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ;

оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;

ізденуді және қосымша материалдар қолдануды керек ететін тапсырмаларды орындату;

оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;

оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді) .

Slide 6

«Сауат ашу» пәні үш кезеңнен тұрады

әліппеге дейінгі кезең

әліппе кезеңі

әліппеден кейінгі кезең.

Slide 7

Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

- оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру;

- фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;

- дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;

- сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру;

- қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу) ;

- ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту;

- ауызша, жазбаша тілін дамыту.

Slide 8

Әліппе кезеңінің міндеттері:

- оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту;

- фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;

- дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру;

- әліпби әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті ажыратуға үйрету;

- тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту;

- біртіндеп сөзді тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;

- әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру;

- ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттерін жетілдіру.

Slide 9

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:

- мәтіндерді дұрыс, ырғақты оқуға дағдыландыру, «іштей оқу», түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;

- тыңдау-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын жетілдіру;

- байланыстырып сөйлеуін дамыту;

- каллиграфия нормаларын сақтай және сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.

Slide 10

«Сауат ашу» пәні оқушылардың:

қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;

оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;

айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;

жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне;

өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
Сауат ашу пәнінің маңыздылығы
Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
Дауыстап оқу
Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліндегі қателіктерді жою жолдары
Сынып Оқушылар Жоғары деңгей Орта деңгей Төмен деңгей саны
Грамматикалық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдері
Жазу дәптері бойынша жұмыс
Сыныпқа мінездеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz