Бизнес жоспар Көкөніс өсіретін жылыжай



Бизнес жоспар
Көкөніс өсіретін жылыжай

ЖШС “AGRO SPAR”
Қазақстан Республикасы
ШҚО облысы Семей қаласы
Телефон: 87752156886
Бас директор: Төкен А. Б.
Бас директордың орынбасары: Әбділ Ә. М.
Эл. почта: agrospar@atts. kz
Cайты: www. agrospar. kz

Резюме
Бұл бизнес жоспарым Семей қаласында көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылады:
Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім алу;
Семей қаласының тұрғындарын ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру;
- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға
ықпал ететін болады:
өңірде тауар айналымының ұлғаюына;
көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;
перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;
Семей нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде - тауарды әкелудің қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;
жаңа жұмыс орындарын құруға;
салық салынатын база құруға.

Мақсаттары мен міндеттері
Мақсатқа қол жеткізу жоспары:
- «Кілтін тапсыра отырып» инженерлік және технологиялық жабдықтарымен бірге жылыжай кешенінің құрылысы;
- Өндіріс үшін негізгі және қосымша материалдарды сатып алу, әкелу (тұқым, тыңайтқыш және басқалары үшін айналым қаражаты) ;
- Құрамды орналастыру, жинақтау және оқыту;
- Жылыжай кешені өндірісінің басталуы және өнім шығару.
Осы жобаның шеңберінде компания мынадай схема бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асыруды жоспарлайды:
Кәсіпорынның коммерциялық қызметінің схемасы
Жылыжайда көкөністі (қызанақ, қияр) өсіру және жинау
Көтерме сауда жасаушыларға сату
Семей қаласының базарларында көкөністі бөлшек саудада сату

Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Өнім түрлерінің тізбесі:
- Томат (қызанақ) ;
- Қияр.
Томаттың сипаттамасы: Томат (қызанақ) - бұл негізінен бір жылдық сабақыты өсімідік.
Қызанақтың жемісінде мыналар болады, %: құрғақ заттар- 4, 5-8, 1, ерігіш қант - 50, органикалық қышқыл - 3, 5-8, 5, целлюлозалар - 0, 87-1, 7, пектиналық заттар- 0, 13-0, 23.
100 г жемісте, мг: натрий - 4, калий - 268, кальций - 11, магний - 12, темір - 0, 6, мыс - 0, 097, фосфор - 27, күкірт - 14, хлор - 40, марганец - 0, 189.
Дәрумендер, мг/1 кг: В, - 0, 3-1, 6; В2 - 0, 5-6, 0; РР - 4, 3-5, С - 200-450, каротин және басқалары.
Томат жемісін томат-паста, томат-пюре, томат шырынан, көкөніс салаттарын, консервілеу, тұздау үшін пайдаланады. . Томаттың жемісі тамақ дацындауға қолданылады. Оларды негізінен жаңа піскен түрінде көп пайдаланады. Томаттың негізгі құндылығы ашық және қорғалған жерлерде оны өсіріп, жыл бойы өнімін алуға болады.

Қияр - асқабақ тұқымдас бір жылдық жапырақты өсімідік.
Қияр өсімдігі жылуды. Жарықты, ылғалды жақсы көреді. Олардың қалыпты өсуі үшін температура +15°С кем болмауы тиіс, әсіресе алғашқы отырғызған күкндері, гүлдене бастаған және тұқым байлана бастаған кездерде.
Қиярдың химиялықт құрамы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: су 94, 3-98, 2, құрғақ заттар 1, 8-5, 7, соның ішінде қант1, 07-2, 54, белокты заттар 0, 56-1, 1, жасушалар0, 33-0, 78, майлар 0, 08-0, 27, күлі 0, 25-0, 58. Қиярда дәрімендер аздау болады. Мысалы, оның құрамында: С дәрімені- 10-20, В дәрімені- 0, 04-0, 1, В2 дәрімені - 0, 04, провитамина А (каротин) - 0, 02-0, 06.
Қиярды тамақта шала піскен күйінде - жасыл түрінде де пайдаланады. Жас күйінде салат дайындалады, сондай-ақ тұздайды және консервілейді. Құндылығы жағынан қияр көкөністердің арасында соңғы орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар оның жемісі барынша кең тараған өнім болып саналады, өйткені олардың дәмдік сапасы жоғары, құрамында
көп көлемде сілтілік тұздар мен микроэлементтер бар.
Олар ағзадағы әр түрдлі зиянды құрамаларды
азайтуға әсер етеді.

Өнімнің осы түрін таңдау кезінде компания Семей қаласының тұрғындары үшін мынадай пайдалы шарттарды басшылыққа алды:
- импортты айырбастайтын өнімдер өндірісі (жылыжай кешені Семей қаласының шекарасында орналасатын болады) ;
- жыл бойы экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету;
- өнім бағасының барынша төмен болуы

Қаржылық жоспар Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге
2 016
Негізгі капиталға инвестициялар
288 573
Айналым капиталы
70 000
Барлығы
358 573

Қаржыландыру көзі, мың теңге
Сомасы
Кезеңі
Үлесі
Негізгі капиталға инвестициялар
136 272
04-05. 2016
38%
Айналым капиталы
222 301
04-05. 2016, 01. 2017
62%
Барлығы
358 573
100%
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Кредит валютасы
теңге
Пайыздық ставка, жылдық
12%
Өтеу мерзімі, жыл
6, 5
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
6
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
6
Өтеу түрлері
тең үлестермен
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Жылдық пайда (7 жыл), мың теңге
58 320
Активтердің рентабельділігі
17%
Кәсіпорын қызметінің жобаның 7 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 127 989 5 мың теңгені құрады.

Өндірістер бағдарламасы
Көрсеткіш
2 015
2 016
2015 - 2018
Томаттар, тн.
125
219
219
Қияр, тн.
190
333
333
Томаттың шығымдылығы, кг/м2
22
Қиярдың шығымдылығы, кг/м2
33
Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатушыларға тікелей жеткізу келісімшарттарын жасасу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Көкөніс өнімін өткізудің негізгі нарығы Шығыс Қазақстан өңірі (Семей қаласы мен Өскемен қаласы) болып табылады.
Семей қаласының көкөніс өнімдеріне деген күн сайынғы қажеттілігі 320 тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын көкөніс өнімі толық көлемде жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының өсуіне ықпал етеді. Тұрақты тапшылық жағдайларында сапалы өнімді өткізу қиындық тудырмайды.

Маркетингтік жоспар
Маркетингтің мақсаты көкөніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі (бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола алады.
Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:
- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;
- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру

Техникалық жоспарлау
Жылыжай үшін жер учаскесі «Қазақстан Респцубликасындағы Инвестициялар туралы» Заңғы сәйкес мемлекеттен өтеусіз негізде жалға алынуы тиіс.
Жер учаскесінде аралығы 8х4, 5м, бағанының биіктігі 4, 5 м жылыжайды орналастыру жоспарлануда.
Жиналған өнімді сатушы бірден көтерме саудада сатады, сондықтан да көкөніс қаймасының қажеті жоқ
Жабдық және инвентарь (техника)
Жылыжайдың желкөз желдеткіші жүйесі
Жылыжайлардың желкөз желдеткіші жүйесі жылыжайлардың тұйық көлемінде табиғи ауа айналымына арналған, ол мөлдір жарық қоршаудың төбе бөлігіндегі жеделдеткіш арқылы ауа айналымын жасайды. Ол алыстан автоматты түрде ашылып-жабылады.
Ашу қондырғысы гальванизацияланған құбырға алюминий қысқышпен қосылады және әрбір төбеге екі пластмасса шкивпен шығарылады.
Желдету желкөз арқылы жүзеге асырылады, олар төбенің астына шаахмат түрінде орналастырылған.
Желдеткіш көздердің жалпы алаңы жылыжай төбесінде жылыжай аумағының 25% құрайды.
Желкөздерді ашу бұрышы 46º құрайды. Негізгі жабдықтардың арасында жылыжай өндірісі үшін мыналарды бөліп көрсетуге болады.

Көлденеңінен құрастырылған энергия үнемдейтін және жарық шығаратын шымылдықты экрандар (шымылдықты жабу ) жүйесі
Энергия үнемдейтін және жарық шығаратын шымылдықты экран жүйесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде жылыжайларға түсетін күн сәулесі радиациясы (шамадан тыс) кезінде көлеңкелеу, сонымен бірге түнде және сырттағы температура төмен болған кездерде жылуды аз жоғалту үшін арнайы әзірленді.
Жылыжайды көлденеңінен көлеңкелеу жүйесі
Жылыжай шаруашылығы үшін аса қажетті жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады.
Тамшылатып суару жүйесі
Тамшылатып суару жүйесінің көмегімен су мен пайдалы ерітінділер тамыр жүйесінде тұрақты түрде ылғал болуы үшін өсімдіктің тамыры орналасқан аймаққа тікелей жіберіледі. Мұндай суару жүйесінде су әрбір өсімдіктің тамырына жеке тартылады. Әрбір өсімдікке келетін судың сапасы әрбір тамшылатқыш дозаторда жеке реттеледі.
Тамшылатып суару жүйесінің негізгі қасиеті оны адамның бақылауынсыз өсімдікті тәулік бойы суаруға пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Тамшылатып сурау жүйесін қолдана отырып суарған кезде жердің бетінде топырақтың нығыздалған беткі қабаты (қабығы) пайда болмайды. Өсімдікті басқаша суарған кезде міндетті түрде осындай жағдай қалыптасады.

Атауы
дана
1
Матамен көлеңкелеу жүйесі (барлық алқапқа) (бір рет)
1
2
Жылыту жүйесі
1
3
Тамшылатып суару жүйесі
1
4
Өсімдіктерді булатып салқындату жүйесі
1
5
Электрмен жабдықтау, жарықтандыру жүйесі
1
6
Барлық алқапты электрмен жете жарықтандыру жүйесі, 12 000 лК
1
7
Микроклиматты автоматты басқару жүйесі
1
Жылыжай үшін қажетті жабдықтар тізбесі
Жабдықтың жалпы құны 192 400 мың тг. құрайды.

Ұйымдастыру, басқару және құрам
Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды. Инженер қызмет көрсетуші құрамның (жүргізуші, күзетші, слесарь, электрик, шаруашылық меңгерушісі) жұмысын бақылайды. Агроном өндірістіқ қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді (зертханашы, жылыжай шебері, өсімдік шаруашылығы қызметкері, оператор) .
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады.
Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және жағдайлардан үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның негізгі мамандары - инженер, агроном, бас бухгалтер.

Жобаны іске асыру шығындары
Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген.
2016 жылға арналған инвестициялық шығындар
Атауы
Сомасы, мың тг.
2 016
сәуір
мамыр
Аралығы 8х4, 5м бағанының биіктігі 4, 5 м
соның ішінде салқындатылған үй (әйнек шынысы жоқ) жылыжай
62 975
25 190
37 785
Шыны (өлшемді қалыңдығы. 4 мм)
13 306
5 322
7 983
Жобалау жұмыстары
13 284
5 313
7 970
Матамен көлеңкелеу жүйесі (барлық алқапқа) (бір қабат)
16 874
6 750
10 124
Жылыту жүйесі
51 497
20 599
30 898
Тамшылатып суару жүйесі
14 030
5 612
8 418
Өсімдіктерді булатып салқындату жүйесі
4 718
1 887
2 831
Электрмен жабдықтау, жарықтандыру жүйесі
3 635
1 454
2 181
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz