Егістік ярутка (Thlaspi): биологиясы, көбеюі, таралуы және қолданылуы


Slide 1

Егістік ярутка

Slide 2

Жоспар

Биологиялық сипаттамасы

Жеміс салуы, көбеюі

Таралу аймағы

Қолданылуы

Slide 3

Биологиялық сипаттамасы

Егістік ярутка (латын тілінен Thlaspі) - орамжапырақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер туысы. Биіктігі 20 - 85 см, сабағы тік, ұшына қарай бұтақтанып келеді.

Жай жапырағы түксіз, өркенге кезектесіп орналасады.

Гүлдері шашақ гүлшоғырына жиналған. Жеке гүлінде 4 тостағанша жапырақша, ақ немесе қызғылт 4 күлте, 6 аталық (2-уі қысқа, 4-уі ұзын), аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.

Slide 4

Жеміс салуы, көбеюі

Сәуірден тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады. Тұқымынан көбейеді.

Жемісі - екі ұялы бұршаққынша, жемісінің екі жағында (қырында) желмен таралуға бейімделген жұқа өсінді қанатшасы болады. Өсімдік аты соған байланысты аталған. Жемісі көп тұқымды (10 мыңға дейін) .

Slide 5

Таралуы

Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулері мен Оңтүстік Америкада кездесетін 60-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанныңбарлық аймақтарының орманды, далалы жерлерінде, таудың тастақты беткейлерінде, шалғындықта, орман шетінде, өзен аңғарында, бұталардың арасында, альпі белдеуінде, бақша мен егістік арасында арамшөп ретінде 5 түрі өседі. Соның ішінде жиі кездесетін дала Қанатжемісі (Thlaspі arvense) .

Slide 6

Қолданылуы

Қанатжеміс - улы өсімдік, себебі оның құрамында эфирлі-қышалы майға ыдырайтын глюкозид болады. Сондықтан бұл өсімдікті мал жесе, мал сүтінен сарымсақтың иісіндей жағымсыз иіс шығады. Өсімдіктен алынған шырынды медицинада дәрі жасау үшін пайдаланады.

Slide 7

Назарларыңызға Рахмет!!!

Орындаған: Мұхтарбеков Е. Н

Тексерген: Сағындыков С. Н

Тобы: Аг-213


Ұқсас жұмыстар
Меруертгүл (Convallaria majalis): жалпы сипаттамасы, биологиясы, күтімі, көбеюі және қолданылуы
Лалагүлдер (Liliaceae) тұқымдасының сипаттамасы, таралуы, көбеюі және қолданылуы
Егістік қыша (Sinapis arvensis): биологиялық ерекшеліктері, таралуы, зияндылығы және күрес әдістемесі
Тышқан тектестерінің биологиясы, таралуы, зиянды фазалары және есептеу әдістемесі
Қазақстандағы күзендер (Mustela): түрлері, таралуы және биологиясы
Мысықтәрізділер тұқымдасы (Felidae): түрлері, сипаттамасы, таралуы және көбеюі
Сарышұнақтардың биологиясы, зиянды фазасы, таралуы және есептеу әдістемесі
Қазақстандағы сарышұнақтардың биологиясы, зиянды фазасы, таралуы және есептеу әдістемесі
Түйеқұстардың морфологиясы, таралуы және көбеюі
Күзендер (Mustelidae): систематикасы, биологиясы және Қазақстандағы таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz