Мәдени мұра- баға жетпес байлық



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті
СӨЖ №3
Орындаған: Жарылқасын Аяулым
Т-441 топ
Тексерген:Серікбаева Н. Б
Семей 2015 жылы

Жоспары:
1. Мәдени мұра- баға жетпес байлық.
2. Тарихи мәдени ескерткіштер - ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері

Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі - Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Күлтегін ескерткіші

Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған.
Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді.
Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон - Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда.
Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниенге түркі тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда. Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз.

Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында:
«Он оқүлым, түргiс қағанынан»
Мақраш таңбашы.
Оғуз Бiлге таңбашы келдi;
Қырғыз қағанынан
Тардуш ынаншы, Чур келдi;
Мазар тұрғызуға,
Зер салынған жазба тасты тұрғызуға
Табғаш қағанынан зергершiсi
Чаң сеңун келдi.
Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi.
Тоғызыншы айдың жиырма
жетiсiнде жерледiк.
Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын,
Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма
жетiсiнде тегiз аяқтадық.
Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi. »
деп келтіреді.
Мырзатай Жолдасбеков

Күлтегiн бабамыздың ел-жұртының қамын жеген iсiне айқын дәлел болатын тарихи жәдiгердiң көшiрмесi 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнде орнатылды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған «Байырғы түркi мәдениетiнің жазба ескерткiштері» атты халықаралық ғылыми- Қазақстанда өтуi үлкен жетістік болса, геосаяси және этномәдени жағынан түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі.
Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың «Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi» деген еңбегінде «Төл тарихымыздың ең көнеескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн» атап көрсеттi.

2003 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бағдарлама ретінде «Мәдени мұра» бағдарламасы дүниеге келді. Сол жылғы жолдауында Н. Ә. Назарбаев: «Руханият пен бiлiм беру салаларын дамытудың аса маңызды құрамдас бөлiгi ретiнде биыл бiрқатар ауқымды жобалардың басын қосатын „Мәдени мұра“ арнаулы орта мерзiмдi бағдарламасын әзiрлеп, iске асыруға кiрiсудi ұсынамын» - деген еді.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аса ауқымды жоба ретінде ұлттық мәдениетке. ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді; археологиялық зерттеулерді; қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды; сондай-ақ ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыруды, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құруды мақсат еткен бірқатар бағыттардан құралған .

Бұл бағдарлама қазірге дейін көптеген нәтижелерге қол жеткізіп, ғасырлар бойы қаралмай қалып қойған ата-бабаларымыздың мұралары өз өңдеріне келе бастады. «Мәдени мұра» бағдарламасы басталғаннан бері 78 тарихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені «ЮНЕСКО» Әлемдік мәдени мұрасына кірді. Сонымен қатар Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешітінің реставрациясы және Дамаскідегі әл-Фарабитарихи-мәдени орталығы кесенесінің құрылысы да сәтті аяқталды. Жоба аясында Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, және, АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар жіберіліп, Қазақстанның тарихына, этнографиясына және өнеріне байланысты 5 мыңнан астам құнды архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды. Осы құнды тарихи құжаттар арқылы «Мәдени мұра» бағдарлама жұмыстарының нәтижесінде еліміздің бірқатар зерттеу институттарының еңбектері жарық көріп, еліміздің тарих саласындағы оқулықтары мен оқу материалдарын толықтай түсті, бұл келешек ұрпақтарымызға Қазақ елін толық қанды тануға, оның әлемдегі кезкелген ұлттық мемлекеттерден кем түспейтіндігін дәлелдеуге жол ашып берді. Ал осылардың бәрі Елбасымыздың түпкі мақсаты деп ойлауымызға болады.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында елімізде жарық көне құнды еңбектер.
«Бабалар сөзі»,
«Қазақ өнерінің тарихы»,
«Әлемдік әдебиеттану»,
«Әлемдік өнертану»,
«Әлемдік фольклортану»,
«Әлемдік әдебиет кітапханасы»,
«Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы»,
«Әлемдік философиялық мұра»,
«Әбу Насыр Әл Фараби»,
«Қазақ хандығының тарихы мен мәдениеті жөніндегі Қытай мұрағаттарының құжаттары»,
«Армян дерек көздеріндегі Қазақстан тарихы»,
«Қазақтың қолданбалы өнерінің шетелдегі жәдігерлері»,
«Шоқан Уәлихановтың шығармалары»,
«Византиялық және ежелгі дүние дереккөздеріндегі ұлы дала»,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz