Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
Презентация қосу
Абайды Абай еткен Мұхтар
ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай
дана,
Қазақтың қос арысы, қос
данасы.
Қалайша бас имессің оған,
сірә.
Бұл күндері қазақ халқы мен бүкіл әлем халықтарының
рухани мәдениетінің аясында Мұхтар Әуезовтің тамаша
тұлғасы Қазақстанның құдіретті бейнесінде бұрынғыдан да
жарқырап көрінуде. Ұлы жазушының ұлан-ғайыр мұрасы
зәулім көркем ғимараты іспетті, оның ішкі жиһазының сыр-
сипатын білу, тану, рухани азық ету әлі талай жылдар мен
ғасырларға созылады. Әр ұрпақ сол мұраны көздің
қарашығындай сақтай отырып жан-жақты зерттелуіне, әр
алуан қырларын аша түсуге ат салысады.
М.Әуезов әлем әдебиетінің өзара байланысы туралы, әсіресе
сол кезде көп ұлтты совет әдебетінің даму заңдылықтарын
көп зерттейді. Әдебиет туралы құнды ойларын ортаға сала
отырып М.Әуезов былай деп жазды: «Әдебиетіміздің ішінара
байланыс қарым-қатынастарын олардың бір-біріне жақындаса
араласуымен қатар зерттеу дұрыс. Бұны әдебиет тарихы
ғылымының және зор мұраты деп санау керек».
Қазақ және украин халықтарының тарихи достығы, мәдени-әдеби
байланыстарының өнімді дамуына М.Әуезов зор үлес қосты. Ол украина
әдебиеті, оның көрнекті өкілдері мен негізгі тенденциялары туралы жазған
әдебиеттер байланыстығына, қарым-қатынастарына көп көңіл бөлді. М. Әуезов
«Игорь полкі турасындағы сөз» барлық Русь атанған славяндарға ортақ
ескерткіш еді, ұлан-ғайыр тарих бойында украина халқы әдебиеті мен беларус
халқы әдебиеттері ұдайы туысқандық қалыпта айқасып өседі. Украинаның ұлы
философ ағартушысы Григорий Сковорда (ХҮІІІ ғас. өмір сүрген) украина
әдебиеті мен орыс әдебиетіне де әсер етеді», - деген тұжырымдар жасады.
Т.Г.Шевченко туралы, ақынның Қазақстанға арнаған шығармаларының бағасы
мен сапасы туралы М.Әуезов бірнеше рет жазды. Павло Тычина, Александр
Корнейчук, Максим Гончар, Латын Рыбак шығармалары туралы да құнды
пікірлер айтты.
Беларус халқының әдебиетін шолуда да М.Әуезов беларус халқының
ауызша шығармаларының орыс және украина халықтары шығармаларымен
идеялық көркемдік байланыста екенін атап өтеді. Зерттеуші Әуезов беларус
халқының демократ ақыны Францишек Богушевич, беларус әдебиетінің іргесін
қалаушылар есебінде танылатын Янна Купала, Якуб Колостың өмірі мен қызметі
туралы терең толғанысқа толы жылы лебіздер қалдырды.
Әлемді көз алдыңа келтіру үшін,
басқалардың көзіне түсу үшін, адам
рухының қадір-қасиетін асқатата
көтеріп, жар салу үшін өз биігің –
Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың
болу керек.
Шығыс Айтматов
«Мұқаң - әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі
қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының
бір де бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де
орасан күшті, бәрінде қатар және тең ұстаған
адам.» Абайша айтқанда, «Қас бұлақтың
суындай сылдыраған өңкей келісімнің үлгісі
болатын.»
Зейнолла Қабдолов
Жазушы мұрасының аса бір бай қыры оның батыс
Европалық әдебиеттермен байланысы. М.Әуезовтің ол
елдердің тарихын қоғамдық, философиялық, эстетикалық
қазыналарын, мәдениеті мен әдебиетін жоғары оқу
орындарында жүйелі оқып білген, таныған, өмірде
творчествосына азық еткен. Қазақ жазушысы орыс тілі
мен әдебиетінің мұғалімі В.И.Поповты былай деп еске
алады: «Мен Василий Ивановичке өте-мөте қарыздармын.
Ол менің бойыма орыс әдебиетіне деген зор сүйіспеншілік
дарытты, батыс классикасымен таныстырды»,- деуіне
қарағанда жазушы жас кезінен бүкіл әлемдік, оның ішінде
орыс және батыс әдебиеттерінің көркемдік деңгейі
қызықтырған.
М.Әуезов тағлымының келесі бір өзегі – қазақ әдебиетінің Шығыстық
арнасын кеңейтуі, байытуы. Ол бір ғана Индия елін біліп тануымызға қыруар
еңбек етті. Жазушы Индия туралы тамаша очерктер жазды, сол елдің ата қты
жазушысы Рабиндронт Тагордың творчествосын талдауға арнап «Тагордың
кемеңгерлігі» атты мақала жазды. Қазіргі заманда кең өріс алған Азия және
Африка елдері жазушыларының ынтымағы, бірлігі тарихына М.Әуезов ерекше
үлес қосты. Азия және Африка елдері жазушыларының I конференциясында
Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан жазушылары атынан сөйлеген
М.Әуезовтің терең, көп мәнді сөзі катысушыларға ерекше әсер етті.
М.Әуезов творчествосы арқылы қазақ әдебеті бүкіл әлемдік мәдениет пен
әдебиеттің арнасымен жалғасты, тоғысты, соның шырқау деңгейіне көтерілді.
Жазушының «Абай жолы» эпопеясы және басқа әңгіме, повестері көптеген
шетел тілдеріне аударылды (орыс, ағылшын, неміс, поляк, румын, грек, венгер,
болгар, чех, т.б.). Бүкіл әлемдік екі жүз томдық «Дүние жүзі әдебиетінің
кітапханасы» сияқты ғажайып серияда М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы
134,135 том болып басылуы қазақ жұртшылығының мәртебесін биікке көтерді.
Наза
рлар
ың ы
рақм зға
ет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz