Плацента



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы ұлттық университет
Плацента
Орындаған: Төлеген Д. М
Тексерген: Сатиева Қ. Р

Кіріспе
Алланто-хорион бүрлері мен жатырдың кілегейлі қабығының (енелік бойлық) байланысынан құрылып, плаценталы сүтқоректілер ұрығының толық дамуын қамтамасыз ететін уақытша мүше. Ол жоғарыда аталған ұрықтық және енелік бөліктерден ұрғашы жануардың буаздығы кезінде ғана түзіліп, іштөлі мен ене организмдері арасында жүретін заталмасуды, экскреторлық, механикалық және иммундыбиологиялық қорғаныстарды іс жүзінде асырады. Сонымен қатар, ұрықжолдас ішкі секреция безінің қызметін атқарады. Ол өзінен хориондықгонадотропин, прогестерон және төлді туал алдында ене организмін желіндететін соматомаммотропин гормондарын бөледі. Плацента ұрықтың дамуына қатерлі де зиянды заттарды, залалды микроорганизмдерді енесінің организмімен ұрықты өткізбей, тосқауылдық қызмет те атқарады. Алланто-хорион бүрлерінің бүрліқабықтың сыртқы бетінде орналасу сипатына қарай плацентаның төрт түрі ажыратылады.



1. Шашыранды (диффузды) ұрықжолдас алланто-хорион бүрлері хорионның сыртқы бетінде біркелкі шашырап орналасып, жатыр- дың кілегейлі қабығындағы кірмелермен байланыс түзеді. Бүндай плацента биеде, інгенде, мегежінде, мәшіде (үрғашы есек) болады.
2. Көптік (котиледонды) ұрықжолдас ірі, көптарамды аллан- тоорион бүрлері хорионның бетінде аралшық тәрізді жекелене топ- тасып, жатырдың кілегейлі қабығындагы кірмелері бар дөңес сүйел- шелерге (карункулалар) қарама-қарсы орналасып, солармен байланыс жасайды. Бұндай плацентаның түрі күйісті жануарларда (қой, сиыр, ешкі т. б. ) болады.

3. Аймақгық (белдеулік) үрықжолдас алланто-хорион бүрлері хорион сыртқы бетінің орта түсындағы аймақты айнала орап, белдеу тәрізді орналасып, тек осы тұста ғана жатырдың кілегейлі қабығы кірмелерімен байланыс түзеді. Плацентаның бүл түрі жыртқыш жануарларға тән.
4. Табақша (дискі тәрізді) үрықжолдас алланто-хорион бүрлері хорионның сыртқы бетінде пішіні дөңгелек табақ тәрізді аймақта топтаса орналасып, жатырдың кілегейлі қабығы кірмелерімен бай- ланыс жасайды. Бүндай плацента адамда, маймылдарда және кейбір кеміргіштерде болады.

Эпителий үлпасымен қапталған алланто-хорион бүрлерінің, плацентаның енелік бөлігіндегі жатыр кілегейлі кабыгы кірмелерімен байланыс сипатына қарай ұрықжолдастың төрт түрі болады:
1. Эпителий-хорионды үрықжолдас алланто-хорион бүрлерін кді ітаған эпителий ұлпасы жатырдың кілегейлі кабыгы кірмелерінің (бездерінің) эпителийімен жанасу арқылы байланысады. Жатыр эндометрийінің эпителий кабаты бұзылмай, оның тұтастығы толық сақгалады. Туғаннан кейін эндометрийінен оңай ажырайды. Бұндай плацента биеде, мәшіде, інтенде, мегежінде болады.
2. Дәнекерлі-хорионды (десмо-хорионды) үрықжолдас алланто- хорионның эпителий үлпасымен қапталған бүрлері жатыр кірмесікілегейлі қабығының эпителий қабатын бұзып, оның өзіндік тақгашасына (пластинкасына) еніп, дәнекер ұлпасымен тікелей байланысады. Туғаннан кейін, бүрлер кірмелерден ажыраған кездегі зақымдалған жатырдың кілегейлі қабығы сүйелшелеріндегі эпителий қабаты жедел қалпына келеді. Плацентаның бүл түрі күйісті жануарларға тән.

3. Эндотелий-хорионды ұрықжолдас жыртқыш жануарларда болады. Алланто-хорион бүрлері жатырдың кілегейлі кдбығы эпителий қабаты мен дәнекерүлпалық өзіңдік тақгашаны бүзып, оның терең кабаттарындағы қан тамырлары (капиллярлары) эндотелий қабатына тікелей жанасып жатады. Болса да плацентаның бүл түрінде, іштөлі енесінің қанымен тығызырақ жанасады да, іштөлі организмі қоректік затгар жөне оттегімен молырақ кдмтамасыз етіледі.
4. Қан-хорионды (гемохорионды) үрықжолдас адамға, маймылдарға, кейбір насеком жегіштерге, қолқанаттыларга, кеміргіштерге тән. Алланто-хорион бүрлері жатырдың кілегейлі қабығы эпите- лийін, өзіндік тақташаны, қан тамырлары қабырғаларын бұзып өтіп, қан капиллярларының ішіндегі қанмен тікелей жуылып жата- ды. Плацентаның бұл түрі үрық пен ене организмінің тығыз байла- нысын қамтамасыз етеді. Туғаннан кейін, хорион бүрлерінің жатыр эндометрийі кірмелерінен ажырауы кезінде, қан капил- лярларының қабырғалары бүтіндігінің бүзылуына байланысты үрғашы жануарлар жыныс жолдарынан қанның ағуы қалыпты жағдай. Бірақ, қан тез арада тоқтайды да, жатыр эндометрийінің бүзылған қабаттары регенерация процесі арқылы жедел қалпына келеді.

Төлдеуден кейін іштөлінің үрықжолдасы қызметін тоқтатып, алланто-хорионның бүрлері (үрықгық бөлік) енелік боліктен, яғни жатырдың кілегейлі қабығы кірмелерінен шығып ажырап, олардың арасындағы байланыс бұзылады. Жұмыртқалықгағы сары дене мен ұрықжолдастың гормондар (прогестерон) бөлу қызметтері тоқ- тайды. Гипофиз гормоны окситоциннің әсерінен жатырдың етті қабығы жиырылып, төл туғаннан соң, біраздан кейін үрыққабық- тары (амнион, аллантоис, хорион) түседі. Олардың біріккен түсіндісін шу - деп атайды.

Пайдаланылған әдебиеттер: Интернет желісі, Е. Ш Махашов Жануарлар анатомиясы, Алматы 1996 ж.

НАЗАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz