Халық және еңбек статистика сы


Slide 1

Халық және еңбек статистикасы

Серікова З. С.

ЭН-401

Slide 2

ЖОСПАР:

Халық саны және құрамының статистикасы

Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

Халық қозғалысының статистикасы

Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы

Slide 3

Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың келесідей категориялары бар:

еңбек жасындағы халық саны,

еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны,

еңбек ресурстары.

Slide 4

Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны =

Еңбекке жарамды жастағы тұрақты халық саны - Әлеуметтік қорғау орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, 1-2 топтағы мүгедектер саны, еңбек жасына байланысты қосымша шартпен зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін зейнеткерлер саны.

Slide 5

Халық және еңбек статистикасының міндеттері:

- халықтың табиғи қозғалысын зерттеу;

- халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;

-еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылғын және жұмыссыздығын зерттеу;

- халық санын болжау.

Slide 6

Халық туралы ақпарат көздері:

Халық санағы - критикалық сәт кезіндегі күйі бойынша Қазақстан Республикасындағы әр азаматты сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процесі.

Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп.

Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы және оның жекелеген аумақтарындағы халықтың әлеуметтік- экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау.

Ұйымдардың еңбек туралы есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек қызметтерін сипаттайды.

Slide 7

Еңбек ресурстары - еңбекке жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер.

Еңбек ресурстары - экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны

Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) - жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар.

Жұмыссыздар - экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.

Slide 8

Экономикалық белсенді емес халық - үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.

Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.

Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны - экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.

Slide 9

Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер

Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік үлесі = х 100

жалпы халық саны

Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік коэффициенті = х 100

15 және одан жоғары жастағы жалпы халық саны

Экономикадағы жұмыс жұмыспен қамтылмаған халық саны

істейтін бір адамға есебімен = х 100

Жүктеме коэффициенті жұмыспен қамтылған халық саны

Slide 10

Жұмыспен қамтылу жұмыспен қамтылған халық саны

(жұмысбастылық) = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Жастардың 15-25 жастағы жұмыс істейтін жастар саны

жұмысбастылық = х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді жастар саны

Жалпы жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Slide 11

Жастардың 15-25 жастағы жастардың жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді халық саны

Ұзақ мерзімдегі 1 және одан көп жыл жұмыс таба алмағандар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны

жүктеме = х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Slide 12

Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасынан және аймақтар ішінде тұратын мекендеуге келгендер және шетелге тұрақты мекендеуге кеткендер халықтың миграциялық қозғалысы деп аталады.

Халық қозғалысының абсолютті көрсеткіштері:

1. N - туылған балалар саны.

2. М - өлгендер саны.

3. m - ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен сәбилердің саны.

4. таб. =N-M - халықтың табиғи өсімі.

5. Н - некеге тұру саны.

6. А - ажырасу саны.

7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткендер саны.

8. П- Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны.

9. миг. - П-В - халықтың миграциялық өсімі.

10. П+В - халықтың миграциялық айналымы.

11. жалпы = таб. + миг. = N- N+П-В= Sс - Sб - халықтың жалпы өсімі.

12. Sб - жыл басындағы халықтың саны.

13. Sс - жыл соңындағы халықтың саны.

14. Sс = Sб + N -М +П-В - жыл соңындағы халықты есептеу үшін осы баланстық әдіс пайдаланылады.

Slide 13

Жұмыс күшінің құны - бұл жұмыскердің және оның отбасының өмір сүру қаражаттарының құны.

Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі- есеп беру кезінде жұмыс берушінің жалданбалы жұмыскерге орындаған жұмысына беретін ақша немесе зат түріндегі төлемақысы. Еңбекақы екі бөліктен тұрады:

қолма қол ақша және заттай түрде берілетін жалақы;

әлеуметтік сақтандыруға аударылатын сома.

Slide 14

Халық қозғалысына қатысты көрсеткіштер

1. Халықтың құрылымы, үлес салмағының көрсеткіштері.

2. Координация коэффициенті - халықтың жеке категорияларының өзара қатынасы.

3. халықтың табиғи және миграциялық қозғалысының коэффициенттері.

Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері

Жалпы туу коэффициенті: К жалпы туу =, мұндағы - халықтың орташа жылдық саны

Арнайы туу коэффициенті: К ар. туу =, мұндағы -15-49 жастағы әйелдердің орташа саны

Жастық туу коэффициенттері - әйелдердің белгілі жас тобынан туылған балалар санының осы жас аралығындағы әйелдердің орташа санына қатынасына тең болады.

Slide 15

Жалпы өлу коэффициенті: Көлу = M*1000/S


Ұқсас жұмыстар
Геометрия бөлімінің бөлімшелері
Статистикалық агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Аймақтық деңгейдегі бөлшек құндарының индекстерін есептеу
Статистика ұйымдастырылуы міндеттері
Еңбек күші өзгерісі
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Әлеуметтік - экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Әлеуметтік - экономикалық статистика пәні
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы,міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz