Энтомология ғылымы және зиянкестердің түрі


Slide 1

Энтомология ғылымы және зиянкестердің түрі

Slide 2

Энтомология туралы жалпы мағұлмат

Энтомология (грек. entomа - жәндіктер және logos - ілім) - жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М. Мальпиги (1628 - 94), голланд натуралисі Я. Сваммердам (1637 - 80) және француз табиғат зерттеушісі Р. Реомюр (1683 - 1757) болды.

Slide 3

М. Мальпиги (1628 - 94)

Slide 4 Slide 5

Бунақденелілер, олардың ерекшеліктері

Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік(трахея) арқылы тыныс алады.

Slide 6

Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер; шала түрленіп даму (инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала, т. б. ) және толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар,

баларалар, т. б. ) .

Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.

Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа -> имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа -> дернәсіл ->

толық түрленіп даму: жұмыртқа дернәсіл -> қуыршақ -> имаго.

Slide 7

Бунақденелілер түрі

Slide 8 Slide 9

Имаго

Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.

Имаго (лат. имаго - ересек жәндік) . Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология (гр. ентома+логос - бунақдене + ғылым) . Ол - зоология ғылымының бір саласы. Бунақденелілер табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерді тозаңдандырмаса, табиғат аясынан сан құбылып, көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре алар ма едік? Топырақтан ің қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысатын бунақденелілердің пайдасы өте зор. Көптеген бунақденелілер (қанқыз, құмырсқа, шаншар, т. б. ) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде пайдаланды. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық.

Slide 10

Шегіртке

Шегіртке - қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңыздытұқымдасының бірі - нағыз шегірткелер; Және де шегіртке тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы - денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты, шегірткенің 271 түрі кездеседі.

Slide 11 Slide 12

Қабыршақ қанаттылар

Көбелектер (гр. Lepidóptera - қанат) - жәндіктер класының бір отряды. Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі. Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған) . Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады.

Slide 13

Қабыршақ қанаттылардың сипаттамасы

Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған) . Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін ең ірісі - Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен - емен көбелегінің қанаты 12 - 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады.

Slide 14

Көбелектің қоректенуі

Slide 15

Көбелек түрлері

Slide 16

Орман зиянкестері


Ұқсас жұмыстар
Пияз шыбыны: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы,есептеу әдістемесі
Кү ріш масасы
Алма жемірі: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Сібірлік саяқ шегертке Gomphocerus sibiricus
Қарақаттың мөлдір қанатты көбелегі
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis)
Астықтың оңтүстік барылдақ қоңызы (Zabrus tenebrioides)
Күздік көбелек –кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы
Бұршақ бітесі
Тарақандар отряды өкілдерінің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz