1)ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі 2)Дезинфекция тиімділігін бақылау


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы:1) ГОСТ және ОСТ, олардың су, ауа, топырақ, сүт, ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі

2) Дезинфекция тиімділігін бақылау

Орындаған :Әпдірай Құрманбек

Тобы : ВС-303

Тексерген :Омарбеков Е. О.

2015 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ

Slide 2

Жоспары:

1) ГОСТ және ОСТ, олардың су, ауа, топырақ, сүт, ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі

2) Дезинфекция тиімділігін бақылау

Slide 3

Кіріспе

Мемлекеттік стандарт - елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган бекіткен нормативтік-техникалық құжат.

Қазақстанда стандарттау мен метрологиялау жүйесі 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасынан дами бастады. Ол ұлттық өнімдердің сапасы мен бәсекелестігін арттыру, табиғат және энергетика ресурстарының шынайы есебін жүргізу және айналадағы орта мен халықтың денсаулығын қорғау міндеттерін шешу мәселелерімен тығыз байланысты болды.

1993 жылы “Стандарттау және сертификаттау туралы” және “Өлшемдер бірлігі туралы” Қазақстан Республикасының алғашқы заңдарының қабылдануы Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Бұл заңдар 1999 және 2000 жылдары толықтырылды. Осы заңдарға сәйкес Қазақстан Үкіметі стандарттау жұмыстарын реттеудің нормативтік құжаттарын дайындады. Қазақстанның Мемлекеттік стандарт органы 1994 жылдан бері Стандарттау жөніндегі халықараралық ұйымға (ІSO) мүше. Қазақстанның стандарттау жүйесі стандарттау мен сертификаттау жөніндегі ұлттық бағдарламаға негізделген, Қазақстан кәсіпорындары ІSO-ның халықараралық стандарттары бойынша жұмыс істейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандартты дайындау үшін жиырмаға жуық техника стандарттау к-ті құрылған. Олар әсіресе тамақ өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, көмір және металлургия өндірістері сияқты салаларда жұмыс атқарады

Slide 4

Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.

Slide 5

Су құрамының ластану деңгейі үнемі бақыланып отырады. Судың құрамындағы еріген әр түрлі химиялық элементтер мен бөлшектер судың ластану деңгейін арттырса, температураның ауытқуы да судың бұзылуына себепші.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) тарапынан ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткіші ұсынылған. Ал қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт (2874-82) бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.

Slide 6

ҚР СТ 1510-2006

Осы стандарт мал шаруашылығы өнімдеріне (ет, май, ішек-қарын мен тереңсіз өңдеудің басқа өнімдеріне) таралады және гамма-және бета-сәйулеленетін радионуклидтар бойынша радиациялық бақылауды жүргізу үшін сынамаларын іріктеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Стандарт мал шаруашылыгы өнімдерін шыгаруды, қайта өңдеуді, өткізуді, тасымалдау, сақтау, сынамаларын іріктеу мен сапасын бақылауды, сонымен қатар радиациялық көрсеткіштер бойынша кауіпсіздік талаптарына өнімнің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын, ұйымдастыру-құқықтық пішініне және ведомстволық бағыныстылыгына тәуелсіз Қазақстан Республикасының аумагында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлгалармен қолданылады.

Slide 7

Дезинфекция (зарарсыздандыру) - қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.

Slide 8

Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты. Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ алдын алу үшін жүргізіледі. Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.

Slide 9

Күнделікті дезинфекция сапасын бақылау:

1. Санитарлық - эпидемиологиялық станция (дезстанция) әдістемелік басқаруды қамтамасыз етеді және әр ошақтан 5 -тен кем емес шайынды алу арқылы зертханалық әдістерді қолдана отырып күнделікті дезинфекцияның сапасын бақылайды.

2. Ошақтардағы күнделікті дезинфекциялаудың бақылануы міндетті түрде іш сүзегі, парасүзектің, бактериялық дизентерия, түбіркүлез, күл, саңырауқұлақтық аурулар, салмонеллез кезінде атқарылады. Басқа инфекциялар кезінде бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады.

Егер алынған оң нәтижелі шайындылардың саны 3% - тен төмен болса, дезинфекциялық препараттың қалдық мөлшерін тексергенде теріс жедел сынамалардың саны 3% - тен аспаса, ал дезинфекциялық ерітінділердің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны 5% - тен жоғары болмаса, дезинфекцияның сапасы қанағаттанарлық деп саналады. Егер ауруды тапқаннан кейін 3 сағаттан кеш емес уақыттың ішінде талаптарды тұрғындар орындай бастаса, күнделікті дезинфекция өз уақытында жасалған деп саналады.

Slide 10

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Емцев В. Т., Мишустин Е. Н. Микробиология. М. : ДРОФА. -

2006. - 445 с.

2. Мишустин Е. Н., Емцев В. Т. Микробиология. -М. : Агроп-ромиздат, 1987, 347 с.

3. Егоров Н. С. Промышленная микробиология. -М. Высш. шк.,

1989, 688 с.


Ұқсас жұмыстар
)ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі 2)Дезинфекция тиімділігін бақылау
ГОСТ және ОСТ
ГОСТ және ОСТ, cу, ауа, топырақ, мал өнімдерінің микробиологиялық және бактериологиялық қажеттілігі. Дезинфекцияның тиімділігі
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және басқа мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
Ветеринарлық зертхананың негізгі қызметі
МЕСТ стандарт бойынша сүтке қойылатын талаптар
Микробиология және вирусология
Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы
Санитарлы микробиологиялық зертеу жүргізудің принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz