Минералды заттар. Тағам өнімдерінің гигиенасы




Презентация қосу
Минералды заттар.
Тағам өнімдерінің гигиенасы.

Орындаған: Мансұрова Анель, БТ-407
Жоспар:
Минералды заттар
Тағам өнімдерінің гигиенасы
Пайдаланылған әдебиеттер
Минералды заттар ағзада жүретін барлық
биохимиялық үрдістерге қатысады, әр
түрлі тіндердің құрылысына, әсіресе,
сүйектің құрылысына қатысып,
пластикалық қызмет атқарады, осмостық
қысымды және сутегі иондарының
концентрациясын қажетті деңгейде
сақтайды, сонымен қатар аралық алмасу
реакцияларының катализаторы болып
табылады. Көптеген минералды заттар
ферменттердің, гормондардың,
дәрумендердің тағы да басқа
биологиялық белсенді қосылыстардың
құрамына кіреді, жасуша мембраналары
арқылы химиялық заттарды тасымалдау
үрдісіне, ет пен жүйке тіндерінің қозу
үрдістеріне, қанның ұюына, т.б.
қатысады.
Минералды заттар, тамақтанудың алмастырылмайтын
құрам бөліктеріне жатады. Адам ағзасының тіндері
мен сұйықтарында алпысқа жуық минералды
элементтер табылған. Тіндердің құрамындағы
мөлшеріне байланысты, олар макроэлементтерге
(Са, Mg, P, S, R, Na, Cl т.б.) және микроэлементтерге
(І, Cu, Zn, F, Mn, Co, Fe т.б.) бөлінеді.
Натрий және хлор.
Қанда және тін сұйықтарында осмостық қысымды
сақтауға, қышқылдық-сілтілік тепе теңдікті қамтамасыз
етуге, жүйке-ет қозуына, жасуша ішілік және тін аралық
алмасу үрдістеріне қатысады. Натрий хлориді, сондай-
ақ, тағамның дәмін жақсартады және тамаққа тәбетті
қоздырады.
Натрий хлоридінің тәуліктік қажеттілігі - 10-15 г, бұл
қажеттілігі тағамдық азықтардың (3-5), нанның (3-5 г)
құрамындағы тұздардың және тамақ дайындау үшін
қолданатын, сондай-ақ, тамақ ішу кезінде дәміне
байланысты қосылатын ас тұзының есебінен
қамтамасыз етіледі.
Бүйрек ауруы, гипертония ауруы, ісіктер, қабыну
үрдістері, семіру, стеройд гормондарымен емдеу
кездерінде тұз қабылдауды шектеген жөн. Ыстық
климат жағдайында, ыстық цехтарда жұмыс
істегенде, термен натрий хлоридінің жоғалуының
көбеюіне әкеп соғатын интенсивті дене жұмысы
кезінде, ағзаға тұз енгізуді көбейту ұсынылады.
Кальций
- сүйек жүйесіндегі басты құрылымдық элемент, қанны ң ұю
үрдісіне қатысады. Сондай-ақ, кальцийді ң ж үрек еттеріні ң
қалыпты қызметі мен жүйке жүйесінің қалыпты
қозғыштық қызметі үшін маңызы үлкен.
Тағамда кальцийдің жеткіліксіздігі, бәрінен б ұрын балаларда
рахит - сүйектену үрдісінің бұзылуына әкеп со ғады.
Кальцийдің негізгі көздері сүт, сүзбе, брынза,
ашытылған қаймақ, ұйыған сүт, жұмыртқа,
уылдырық (икра). Кальцийдің ағзаға тәуліктік
қажеттілігін 500 мл сүт және 100 г сыр толық
қамтамасыз ете алады. Бұршақ тұқымдастар, тары
және жармалары, капуста, өрік, грек жаңғағы ,
миндаль да салыстырмалы түрде кальцийге бай.
Фосфор
- ағзада көптеген алмасу үрдістеріне қатысатын әр түрлі
қосылыстардың, биологиялық тотығу үрдісінде пайда
болатын, энергияның аккумуляторы. Фосфор сүйек, ет,
жүйке тіндерінің құрамында көп, ол кальциймен бірге
сүйек тінінің негізін құрайды.
Үлкен адамдар үшін фосфордың қажеттілігі 1200 мг,
балалар үшін ол жасына байланысты.
Құрамында фосфоры ең көп тағамдық азықтар: сыр,
сүзбе, жұмыртқа, уылдырық, қарақұмық және сұлы
жармалары, бұршақ тұқымдастар, балық.
Фосфордың сіңімділігі, тағамның құрамындағы
кальций мен ақуызға байланысты. Астық
тұқымдастардың құрамындағы фосфордың
сіңімділігі нашар, себебі, ол олардың құрамына
нашар сіңетін фитин қышқылы түрінде болады.
Магний
- жүйке қозуының берілуіне және жүйке жүйесіні ң
қозғыштығын реттеуге қатысады, кальцийдің антогонисі,
ағзаға көп түскен кезде кальцийді қосылыстарынан
ығыстырып шығарады, ал магнийдің та ғамда
жеткіліксіздігі, кальцийдің артерия қабыр ғасына,
жүрекке, еттерге көбірек жиналуына ы қпал етеді.
Магнийдің негізгі көзі - нан, б ұрша қ, үрме б ұрша қ, әр
түрлі жармалар.
Темір
- ең маңызды минералдық элемент. Ол гемоглобиннің
және құрамында гемі бар ақуыздар мен
ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада темірдің
жеткіліксіздігі, темір тапшылық анемия пайда
болуына және оттегін тасымалдаумен және
пайдаланумен байланысты ферменттік үрдістердің
бұзылуына әкеп соғады. Темірдің тәуліктік
қажеттілігі, ер адамдар үшін - 10 мг, әйел адамдар
үшін - 15 мг.
Темір, әр түрлі тағамдық азықтарда кездеседі: етте,
бауырда, бүйректе, жұмыртқада, нанда, бұршақ
тұқымдастарда, сұлы жармасында, шабдалыда,
алмада, қара өрікте, укропта, салатта, петрушкада, т.б.
Мырыш.
Мырыштың биологиялық белсенділігі, ол әр түрлі зат
алмасу үрдістеріне қатысатын, оның ішінде
көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың және
нуклеин қышқылдарының синтезі мен ыдырауына
қатысатын маңызды ферменттердің: сілтілі
фосфатазаның, альдолазаның және басқалардың
құрамына кіреді.
Мырыштың қажеттілігі 14-15
жастағы балаларға – 12-15 мг,
үлкен адамдарға тәулігіне 15
мг. Басқа қоректік заттардың
қажеттілігі сияқты, жаңа туған
және 1 жасқа дейінгі балаларға
мырыштың қажеттілігі де
жоғары болып келеді. Мырыш
көптеген өсімдік және жануар
текті азықтардың құрамында
болады. Құрамында ең көп
азықтар дәнді дақылдар,
бұршақ тұқымдастар, кебек.
Мал өнімдерінің ішінде,
құрамында мырышы көбі – ет,
балық , жұмыртқа.
Йод
Йодтың ағзада жетіспеушілігі, қалқанша бездің
қызметіне ауырлық түсуіне, тироксиннің биосинтезі
бұзылуына, эндемиялық зоб дамуына әкеп соғады.
Йодтың ұзақ уақыт жетіспеушілігі, қалқанша және
сүт безінде обыр (рак) дамуы мүмкін. Йод бойынша
эндемиялық аудандарда тұратын балаларда, дене
дамуы мен ақыл-ойы дамуында ауытқулар, сүйектену
және жыныстық жетілу үрдістерінде бұзылыстар
байқалады.
Йодқа бай көздері - теңіз балығы, су өсімдіктері ж әне бас қа
теңіз өнімдері. Құрғақ ламинарияда йодты ң м өлшері 800
мг дейін, құрғақ теңіз капустасында – 220 мг дейін. Балы қ
майында йод көп – 770 мг дейін. Біра қ б ұл өнімдер
күнделікті қабылдайтын тағамдар емес, сонды қтан йод
қажеттілігінің 90 % дейінгі мөлшері өсімдік
тағамдарының (дәнді дақылдар, көкөністер, картоп,
жемістер) және жануар текті тағамдарды ң (ет, с үт,
жұмыртқа) есебінен қанағаттандырылады.
Мыс
- өте маңызды микроэлементтердің бірі. Адам, мысты
тағаммен тәулігіне 2-5 мг мөлшерінде қабылдайды,
бұл оның физиологиялық қажеттілігінен едәуір
артық, бірақ бұл мөлшерінің жартысына жуығы ғана
сіңеді, қалған бөлігі нәжіспен шығады.
Мыс көздері - жануар текті де, өсімдік текті азықтар,
оларда ол көп мөлшерде болмайды: етте – 96-238 мкг,
жұмыртқада – 83-140 мкг, сүтте – 12-20 мкг, дәнді
дақылдарда – 290-600 мкг, көкөністе – 97-150 мкг
Марганец
- тірі ағзалар үшін өмірлік маңызы бар элемент. Адам
ағзасында марганецтің ең жоғары концентрациясы,
түтікшелі сүйектерде және қабырғаларда байқалады.
Марганец ағзаға артық түскен кезде, оның
концентрациясы сүйекте жоғарылайды және оларда
рахитке ұқсас – «марганец рахиті» дамиды. Құстар
мен жануарларда марганецтің жетіспеушілігі, сүйек
түзілуінің бұзылуына әкеп соғады.
Пайдаланылған әдебиеттер
http://lektsii.com
http://medlec.org

Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту мүшелері. Зат пен энергия алмасу. Тағам гигиенасы
Қоректік заттар қатабализмінің жалпы жолдары
Тамақтану концепциялары
Элементтер Құрамы, Тәуліктік қажеттілігі
БАҚ ТАҒАМ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ҚОЛДАНУ
Теңіз өнімдерінің құрамы
Органикалық және минералды компаненттер
Органикалық тағамдық заттарға сипаттама
Тағамдық заттардың қызметі
Науқастарды тамақтандыру
Пәндер