С.Сәдуақасовтың бойындағы ерекшеліктерін ұғындыру, ағартушылық қызметін насихаттау, тақырыпты аша отырып, түсініп оқуға үйрету


Slide 1

«ХХғ 20-жылдардағы С. Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбы сыныптан тыс жұмыста.

Slide 2

Сабақтың мақсаты: Білімділігі. С. Сәдуақасовтың бойындағы ерекшеліктерін ұғындыру, ағартушылық қызметін насихаттау, тақырыпты аша отырып, түсініп оқуға үйрету.

Slide 3

Дамытушылығы. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ойлау әрекетін дамыту, ой қорытындысын жасай білуге, ортақ пікірге келуге дағдыландыру. Интерактивтік тақтамен жұмыс жасауды үйрету.

Slide 4

Тәрбиелігі. Оқушыларға С. Сәдуақасовтың бойындағы қасиеттерді айта отырып, адамгершілікке, жүректілікке және туған жерін, Отанын шексіз сүйетін ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Slide 5

Түрі. Дәстүрлі емес сабақ. Ойын сабақ. Көрнекілігі. СТО стратегиясы, суреттер, тірек-сызба, интерактивтік тақта.

Slide 6

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын сұрау. «Ой сергіту» (сұрақтар қою) .

Slide 7

3. Жаңа Сабақ. Оқушыларды үш топқа бөлеміз. 1-топ. «Тарих әлемі». 2-топ. «Отан». 3-топ. «Тарихқа саяхат». «Ой шақыру» стратегиясы. 1. Кеңес үкіметі Қазақстанда қай жылы орнады? 2. Сендер қазақ халқының зиялыларынан кімдерді білесіңдер?

Slide 8

Кіріспе. Олай болса, оқушылар біз бүгінгі жаңа сабақта қазақ зиялыларының бірі, Смағұл Сәдуақасов туралы толық мағлұмат алайық.

Slide 9

Тірек-сызба арқылы түсіндіру

Смағұл Сәдуақасов

1900-1933 жж.

Туған жері

Мамандығы

Білімі

Атқарған қызметі

Өмірінің соңғы күндері

Ақмола губерниясы, Омбы уезі, Қорған болысы.

Агроном

1915 жылы Омбының ауылшаруашылық мектебі

Қазақстандағы кооперация қозғалысының басшысы, Қазақ Орталық Атқару комитетінің президиум мүшесі, Халық ағарту комиссары, журналист, сыншы, жазушы.

Москва-Донбасс темір жолында бас инженер қызметін атқарады. Сонда жүріп қатты сырқаттанып, 1933 жылғы желтоқсанда Кремль ауруханасында дүние салды

.

Slide 10

Ал енді оқушылар С. Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметін талдайық. Сен білесің бе? С. Сәдуақасовты республика басшылығының тізгінін ұстаған Ф. Голощекин ұнатпаған. Ол Сталиннің Қазақстандағы қолшоқпары Голощекинді сынап, пікірлерінің, іс-әрекеттерінің терістігін көзіне, көпшілік алдында айтқан.

Slide 11

С. Сәдуақасов пен Ф. И. Голощекиннің арасында шиеленіс тудырған мәселелер

Мекемелерді қазақыландыру

оқығандарға көзқарас

Өнеркәсіпті дамыту

байларға көзқарас

Slide 12

Мені таңғалдырған мәліметтер. С. Сәдуақасов Қазақстандағы жоғары оқу орнын тұңғыш ұйымдастырушы және КазПИ-дің алғашқы ректорларының бірі. С. Сәдуақасов - әдебиеттанушы, қазақтың тұңғыш ұлттық театрын ұйымдастырушы болды. С. Сәдуақасов автономия құрылымы, әкімшілік бөлініс, шекарасы, шашырап қалған байырғы қазақ жерлерінің тұтасып, бірігуі жолында көп тер төкті.

Slide 13

Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Атажұрт» ойын элементтері пайдаланылды. 1-бөлім-«Өткел». 1-топ. «Қандай қасиеттер тән?».

С. Сәдуақасов

Өткір публицист

экономист

жазушы

агроном

Slide 14

2-топ. «Орнын тап». Смағұл Сәдуақасов Ахмет Байтұрсынов Мағжан Жұмабаев

Slide 15

3-топ. «Кім қандай мамандық иесі». Смағұл Сәдуақасов - агроном. Шоқан Уәлиханов - этнограф. Ыбырай Алтынсарин - педагог.

Slide 16

2-бөлім-«Белес». Деңгейлеп тапсырма беру. 1-топ Қазақтың тұңғыш ұлттық театрын ұйымдастырушы, 1933 жылы желтоқсанда кремль ауруханасында дүние салған мемлекет және қоғам қайраткері. 2-топ Сталиннің Қазақстандағы қолшоқпары, «Кіші октябрьді» бастап, қазақ жеріне зобалаң, зұлмат әкелген кім? 3-топ С. Сәдуақасовқа, Аққуы жоқ, қаздары жоқ көл жетім, Шүйгіні жоқ, шалғыны жоқ жер жетім. Смағұлдай арасыңнан айырылып, Қайран қазақ, болдың бүгін сен жетім. - деген жоқтау өлең жолдарының авторы кім? (М. Жұмабаев) .

Slide 17

3-бөлім- «Асу». «Интервью» стратегиясы. 1-топ Зиялы қауым деген кімдер? 2-топ Зиялы болу үшін қойылатын талаптар. 3-топ Қазақтың тарихында қандай зиялыларды білесіңдер, несімен есте қалды?

Slide 18

5-бөлім- «Жерұйық».

Білетінім

Үйрендім

Үйренгім келеді

Slide 19

5. Үй тапсырмасын саралап беру. а) Материалдармен құжаттар жинақтау. б) «егер мен зиялы болсам . . . » эссе жазу. 6. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Дауыстап оқу
Бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені
Ескендір поэмасын оқу
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ
Сауат ашу әдістері
Миға шабуыл жасау
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ
Сынып жетекшісінің жеке оқушымен және оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz