Халықаралық еңбек бөлінісі Халықаралық интеграция


Slide 1

экономика

Сатвалдинова Айым

Пх-415

Slide 2

Тақырыбы

Халықаралық еңбек бөлінісі

Халықаралық интеграция

Халықаралық сауда

Халықаралық қаржының валюталық ұйымдары

Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы

Slide 3

Халықаралық еңбек бөлінісі - қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.

Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады.

Slide 4

Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қазіргі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі. Мыс., дамыған бірқатар елдер радио, бейне, аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, т. б. ) .

Slide 5

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Slide 6

Интеграцияның 6 деңгейі

интеграцялық процестің дайындық кезеңі

экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі

еркін сауда аймағы

экономикалық одақ

кедендік одақ

Саяси одақ

Slide 7

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.

интеграцялық процестің дайындық кезеңі

еркін сауда аймағы

Мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді.

Slide 8

кедендік одақ

кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі

ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Slide 9

экономикалық одақ

Интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтінэкономикалық одаққа айналады.

Саяси одақ

Саяси одақ (СО) . Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Slide 10

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі. Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

Slide 11

Халықаралық қаржының волюталық ұйымдары

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА-НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫ - мемлекеттер арасындағы валюталық, қаржы-несие қатынастарын реттеу, мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу, несие көмегін беру мақсатымен мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық қаржы ұйымдары. Мұндай ұйымдардың қатарына Халықаралық есеп айырысу банкі, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму қауымдастығы, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Еуропа инвестиц. банкі, аймақтық халықар. даму банкілері жатады.

Slide 12

Халықаралық ұйымдардың ежелден келе жатқан дәстүрлі функцияларының бірі - ақпараттық қызмет. Сонымен қатар бақылау қызметі де олардың дәстүрлі функцияларына жатады. Бұлардың қатарына жарғылар, көпжақты конвенциялар, пактілер және бақылауды жүзеге асыруды қарастыратын әр түрлі нысандағы құжаттар топтамасы жатады. Оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың жаңа функцияларының бірі. Бұл қызметті Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар атқарады.

Халықаралық ұйымдардың әр түрлі нысандағы қызметтері халықаралық қатынастар дамуының қажеттіліктеріне байланысты. Сондықтан болашақта да халықаралық ұйымдардың қызметтері дами береді.

Дамыған капиталистік елдердің ұйымдары сауда, валюта, төлем балансы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді. Халықаралық экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі әлемде үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің арасындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.

Халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мынадай халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:

Халықаралық валюталық қор;

Халықаралық қайта құру және даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

Еуропалық қайта құру және даму банкі;

Азиялық даму банкі;


Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА
Халық аралық экономика
Әлемдік экономика
Халықаралық еңбек бөлінісі
Экономикалық интеграция сипаттамаларын топтастыру және интеграция сипаттамаларын көрініс негізінде жіктеу
Халықаралық еңбек бөлінісі, интеграция
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ШАРТТАРЫ
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда. Халықаралық қаржылық, валюталық ұйымдар. Халықаралық жұмысшы күші, миграциясы
Қатысушы елдердің экомикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті экономикалық одақ құру
Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өнеркәсіп географиясының орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz