Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат




Презентация қосу
 ХИМИЯЛЫҚ-ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ СЫНАМА АЛУ ҚАҒИДАСЫ
ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТКІЗУ ТАЛАБЫ.

Орындаған: Толеуова. Д. М.
Топ: ВС-203
Тексерген: Билялов Е.Е.
ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.І. Химиялық – токсикологиялық тексеру үшін сынама алу
ІІ.ІІ. Химиялық – токсикологиялы қ тексеруге жіберетін
затты орап – қаптау
ІІ.ІІІ. Химиялық – токсикологиялы қ затты зертхана ға жіберу
ІІ.ІV. Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. КІРІСПЕ
Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық
заттар химиялық – токсикологиялық талдау жасау үшін,
тиісті зертханаларға жіберіледі. Тексеруге жіберілетін заттар
әр түрлі болуы мүмкін: сұйық және қатты заттар, су, несеп,
ішек-қарындағы азық қалдықтары, құсық бөліктері,
әртүрлі мүше кесінділері (бауыр, бүйрек, өкпе және жүрек),
улы химикат үлгілері болуы мүмкін.
Токсикологиялық зерттеуді облыстық және республикалық
мал дәрігерлік зертханалардың химиялық – токсикологиялық
бөлімдеріне, сонымен қатар, соттық медицина, соттық-
сараптау институттары зертханаларында жүргізуге болады.
Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы
құжаттар арқылы қабылдайды.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.І. ХИМИЯЛЫҚ – ТОКСИКОЛОГИЯЛЫ Қ ТЕКСЕРУ
ҮШІН СЫНАМА АЛУ

Химиялық – токсикологиялық тексеру үшін зерзат
мөлшері мал түріне қарай әр түрлі болады. Мысалы,
ұсақ жануарларды (қоян, құстар, теңіз шошқасы)
соймай-ақ, тұтас күйінде жіберуге болады. Ал үлкен
малдардың мүшелерінің (бауыр, көк бауыр, өкпе және
ішек-қарын ішіндегі азығымен) әр қайсысына 250-500 г
сынама алынады, жүрек және бүйрек көлеміне қарай
бүтіндей немесе жартылай, ал ми мен жұлыннан бірнеше
кесек, сонымен қатар, малдың нәжісін, сілекейін тағы
басқаларды жіберуге болады. Астаудағы азық және су
қалдықтарында да улы затқа деген күдік болса,
әрқайсысынан 1 кг сынама алып, тексеруге жібереді.
ІІ.ІІ. ХИМИЯЛЫҚ – ТОКСИКОЛОГИЯЛЫ Қ
ТЕКСЕРУГЕ ЖІБЕРЕТІН ЗАТТЫ ОРАП – ҚАПТАУ

Химиялық – токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық
зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда
буылып-түйілуі керек. Ботаникалық талдау жүргізілетін
көлемді азықтарды құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге
ыңғайлы қаптармен жіберуге болады.
Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып
кетпеуін қадалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге
мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ.
Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады.
Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды. Мысалы,
хлороформ – өзі уытты зат, ал формалин улардың құрамын
өзгертеді.
ІІ.ІІІ. ХИМИЯЛЫҚ – ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ
ЗАТТЫ ЗЕРТХАНАҒА ЖІБЕРУ

Зертханаға жіберілетін зерзат мөлшері мал түріне қарай
әртүрлі болады. Жолдама қағазында алынған сынамалардың
мөлшері (кг немесе г), түсі, иісі және сақтауға қолайлы
жағдайлар секілді азықты сипаттайтын белгілер жазылуы
тиіс. Зертханаға түскен зерзаттар 3 топқа бөлінеді:
1- бөлік тексеруге қолданылады

2- бөлік қосымша ретінде

3- бөлік мөрленіп, сақтауға жіберіледі.

Зерзаттарды қабылданған зертхана қабылдау қолхатын
беруге, ал тексеру қорытындысын жазбаша түрде хабарлауға
міндетті.
ІІ.ІV. ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕКСЕРУ
ӘДІСТЕРІ

Биологиял Биохимиял Химиялық
ық әдіс ық әдіс әдіс

Физикалық
Ботаникал
– химиялық
ық әдіс
әдіс
БИОЛОГИЯЛЫҚ
ӘДІС

Патологиялық зерзат және азық
құрамындағы улардың
шыбындарға, шіркейлерге әсеріне
негізделген. Зертханалық
жануарлардың (ақ тышқан, қоян,
теңіз шошқасы) терісі астына
және құрсақ қуысына азықтан
алынған уытты заттың судағы
немесе спирттегі экстрактысын
егу арқылы, удың әсерін,
клиникалық белгілерін және
өлімге ұшырататын мөлшерін
анықтайды.
БИОХИМИЯЛЫҚ
ӘДІС
Қоянның гемолизденген
эритроциттеріне
ацетилхолинэстераза және Na, K,
АТФ – аза ферментін қолдануға
негізделген. ФОҚ – тар мен
карбаматтардың бар жоғын
анықтағанда, сынаманың судағы
экстрактысымен эритроциттерге
әсер етіп, 2 сағаттық жанасудан
кейін, көрсетілген ферменттердің
белсенділігін анықтайды. Фермент
белсенділігінің 30 – дық әлсіреуі,
тексерілген зерзатта ФОҚ – тар мен
карбаматтардың бар екендігін
дәлелдейді.
ХИМИЯЛЫҚ ӘДІС
Колориметрлік, титрометрлік және шөгінді шөгу реакциясы
принциптеріне негізделген. Колориметрия – улы заттардың
әртүрлі реактивтермен әрекеттесіп, түрлі – түсті кешендер
түзілуіне негізделген. Боялу дәрежесіне қарай, тексерілген
азық құрамынан уытты заттар концентрациясын анықтайды.
Құстар мен шошқаларға арналған құрама жемнен NaCI
анықтауда титрометрия таптырмайтын әдіс. Ал
алколойдтарды анықтауда шөгінді шөгу реакциясын қолдану
үлкен нәтиже береді. Су құрамындағы алколойдтар: танин,
сынап хлориді, фосфор. Вольфрам, фосфор-молибден немесе
пикрин қышқылдарымен әрекеттесіп, суда ерімейтін шөгінді
түзеді.
КОЛОРИМЕТРИЯ – УЛЫ ЗАТТАРДЫҢ
ӘРТҮРЛІ РЕАКТИВТЕРМЕН
ӘРЕКЕТТЕСІП, ТҮРЛІ – ТҮСТІ
КЕШЕНДЕР ТҮЗІЛУІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН.
ФИЗИКАЛЫҚ-
ХИМИЯЛЫҚ ӘДІС
Бұл әдісті іс-тәжірибе жүзінде қолдану өте тиімді, жұқа
қабатты және газдық хроматография әдістерінен тұрады.
Жұқа қабатты әдіс – хроматографиялық пластинкада
жылжымалы ерітінділердің бір нүктеден екінші нүктеге
дейінгі жылжу ара қатынасына негізделген. Сапалық
анықтауды сынама әсерінен түзілген дақ мөлшерін үлгілік
ерітіндімен салыстыру барысында жүргізеді. Газдық
хроматография әдісі хлорорганикалық және
фосфорорганикалық қосылыстарды анықтауда кеңінен
қолданылатын токсикологиялық талдаудың қазіргі замандық
физикалық-химиялық әдісі.
ХЛОРОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
ФОСФОРОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ
АНЫҚТАУДА КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЗАМАНДЫҚ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСІ.
БОТАНИКАЛЫҚ
ӘДІС
Улы өсімдіктің бар -жоғын анықтауда мал жейтін азықты тексерудің
маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір
жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілетін азы қ
құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне
негізделген.
Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің
токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың
қатысуымен жүргізілуі қажет.
Ботаникалық және фитотоксикалық тексерудің мақсаты – жайылымнан
немесе азық құрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер
ондай өсімдіктер кездессе, оның азықтағы м өлшерін, өсу орнын және
уытты бөлімдерін анықтау.
Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін, төмендегі көрсеткіштерге
көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз.
УЛЫ ӨСІМДІКТЕР ЖАЙЛЫ ТОЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
АЛУ ҮШІН, ТӨМЕНДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ
КӨҢІЛ БӨЛГЕН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НӘТИЖЕ
БЕРЕТІНІ ДАУСЫЗ:

1) өсімдіктің түрімен танысу;
2) жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген т әбеті, я ғни
малдың улы өсімдікті жеу – жемеуі;
3) улану сәтін және күнін анықтау.
Мұндай деректерді есепке алу, синил қыш қылыны ң
түзілуінен, өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын
өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
4) мал бағушылардан, жергілікті т ұр ғындардан жайылым
жағдайын, мал күйі жайлы анамнездік деректер жинау.
Мұндай деректер нәтижесінде патологиялы қ процесс
басталардағы малдың көңіл-күйін, улану сипатын, улану
себебін білуге болады.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы ж әне
оны жеткізу талабы зерттеуді облыстық және республикалы қ мал
дәрігерлік зертханалардың химиялық – токсикологиялық бөлімдеріне,
сонымен қатар, соттық медицина, соттық-сараптау институттары
зертханаларында жүргізуге болады. Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген
заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды. Оған:
1. Тексерілетін заттар тізімі, иесінің аты – жөні, тұр ғылы қты жері
және нақты керекті нәтижеге сұраныс
2. Соттың және тергеу бөлімдерінің шешімі, соттық-ветеринарлы қ
сою хаттамасы, ауру тарихы жіберіледі. Химиялы қ –
токсикологиялық талдау жүргізетін мекеме тексеру барысында –
ағзада улы заттардың бар – жоқтығын анықтап қана қоймай, улы
заттардың қай категорияға жататындығын және сандық
көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Токсикология.Алматы.2011,Қорабаев.Е.М,
Заманбеков.Н.А, Өтенов.Ә.М,
Айтжанов.Б.Д, Көбдікова.Н.К,
Байниязов.А.А
2. Интернет желілері

Ұқсас жұмыстар
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және жеткізу талабы
Химиялық­ токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы
Газды ортадан сынама алу әдістемесі
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістер мен техникалық аппаратуралар
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ
СҮТ ҚҰРАМЫ
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техниклық аппаратуралар
Мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулерді салыстыру
Токсикологиялық химияның даму тарихы
БАЛДЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ
Пәндер