Инвестициялық талдаудың қарапайым критерийлері




Презентация қосу
Инвестициялық талдаудың
қарапайым критерийлері

Орындаған: Теміртасова И
Тексерген: Токсеитова А.С.
ФН-207 тобы
Батыстық жобаларды талдау
тәжірибесінде әдетте төмендегі
критерийларді қолданады:
-саланың пісіп – жетілуі;

-кәсіпорынның бәсекеге
жарамдылығы

Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының
төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау
қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік,
пісіп жетілген немесе ескірген.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы
керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар
сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең
келесі екі себепке байланысты қажет:

стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында
саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы
туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын
ала дайындалу керек;
егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса,
онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң
нәтижелерге келмеуі мүмкін.
Қағида бойынша, маркетингтік
талдаудың мәні екі қарапайым
сұрақтың жауабына байланысты:
Жобаны іске асыру нәтижесі болып
табылатын өнімді сата аламыз ба?
Бұдан біз инвестициялық жобаны
ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре
аламыз ба?
Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары
мынандай:
1. Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық
па немесе ішкі нарық па?
2. Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арсындағы
балансты ойластырама?
3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса,
онда оның мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық
шешімімен сәйкес келе ме?
4. Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның
мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?
5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін
болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?
Инвестициялық жобаны техникалық
талдау міндетіне мыналар жатады:
жоба мақсаттарының көзқарастарына
неғұрлым сәйкес келетін технологияларды
анықтау;
жергілікті жағдайларды талдау, оның
ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс
күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
жобаның іске асуы мен жоспарлаудың
потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің
жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі
қаржылық жағдайына талдау жасау.
Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі
кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау
жасау.
Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы
пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі
мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып
табылады, ол мыналарды қамтиды:
1. жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық
қажеттіліктерін анықтау;
2. инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін
белгілеу;
3. инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған
капиталдың құнын бағалау;
4. жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен
ақша ағымдарын болжау;
5. жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаларды талдау әдістері
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ТАЛДАУЫ МЕН ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ
Зерттеулерді бағалау
ТАЛДАУ ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ
Жобаны іске асыру
Қазақтелеком АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау
Бағалы қағаздар нарығының техникалық талдау
Инвестициялық жобалардың ақшалай ағымдары, реттелетін және реттелмейтін жобалар
Экологиялық сараптаудың мақсаты
Бағалау критерийлер бойынша инвестициялық жобаның тиімді нұсқасын таңдау
Пәндер