Лев Николаевич Гумилев




Презентация қосу
Лев Николаевич Гумилев

Орындаған:Түйебаева С.Қ
Ия-311
Лев Николаевич Гумилев— белгілі
кеңестік және Ресей этнологі- XX
ғасырдың көрнекті еуразияшыл
ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих
және география ғылымдарының
докторы, ақын, парсы тілінен
аудармашы. Этногенез пассионарлық
теориясының авторы. Ресей
жаратылыстану ғылыми
академиясының академигі, география
және тарих ғылымының докторы,
ұлы дала халықтарының тарихын
зерттеген маман. Пассионар этногенез
теориясының негізін салушы.
Ақын Николай Гумилев пен ақын Анна
Ахматова мен Николай Гумилевтің ұлы.
Балалық шағын Тверь губерниясының
Слепнёво атындағы Бежецк уезінде
әжесінің қолында өткізген.Бежецк
қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан
1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы
Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары
Саян, Памирдегі, Қырымдағы
экспедицияларда жұмыс істеді. 1934 ж.
Гумилев Ленинград университетінің тарих
факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың
өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-
бірімен байланысы, сонымен қатар ерте
орта ғасырлардағы халықтардың тарихи
жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы
«Удельно-лестничная система у тюрок в VI
– VIII вв.» мақаласын жаза бастайды.
Бірінші рет 1935 ж. түрмеге
қамалады, бірақ анасының
аралсауымен көп уақыт өтпей
босатылады. 1938 ж. Гумилев
қайта түрмеге қамалып, 5 жылға
бас бостандығынан айрылады.
1944 ж. өз еркімен майданға кетіп,
1945 ж. Берлин операциясына
қатысады. 1945-1948 ж.
университетті жедел (экстерно)
түрде бітіріп, «Политическая
история первого тюркского
каганата (546-656)» атты
кандидаттық диссертация
қорғады. Тұтқында жүргенде
«Хунну» кітабын жазып, ол кітап
кейіннен «Степная трилогия»
кітабының бір бөлігі болды:
«Хунну» (1960), «Поиски
вымышленного царства» (1970).
Лев Гумилев Ленинградқа
оралып, докторлық
диссертациясын қорғайды.
Бұл жұмысы 1967
жылы «Ежелгі түркілер»
деген атпен басылып,
халыққа жария болды.
1956 жылдан кейін ғалым
Ленинград университетінің
география факультетінде
дәріс оқыды. 1974 жылы
екінші докторлық
диссертациясын қорғап
шығады («Этногенез және
жер биосферасы»)
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
жеке бастамасымен 1996 жылы Қазақстан
Республикасының елордасы Астанадағы жоғары
оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті Гумилевтің есімімен
аталды. 2002 жылы университет қабырғасында Л.
Н. Гумилевтің кабинет-мұражайы құрылды.
Негізгі еңбектері
«Этногенез и биосфера Земли», АСТ, Астрель, 2005 ж., , 5-271-
12025-2
«Конец и вновь начало», АСТ, АСТ Москва, Хранитель, 2007
ж., , 978-5-9713-5990-6, 978-5-9762-3829-9
«В поисках вымышленного царства», Товарищество
«Клышников — Комаров и К», 1992 ж.,
«Древняя Русь и Великая степь», Астрель, АСТ, 2004 ж., , 5-
271-09769-2
«История народа хунну», АСТ, Люкс, 2004 ж., , 5-9660-0501-X
«Тысячелетие вокруг Каспия», АСТ, АСТ Москва, Харвест,
2008 ж., , 978-5-9713-9145-6, 978-985-16-6196-7
«Черная легенда», Айрис-Пресс, 2008 ж.,
«Древний Тибет», ДИ — ДИК, 1996 ж.,
«Открытие Хазарии», ДИ-ДИК, 1996 ж.,
«Волшебные папиросы» 1993 (написал в Норильском лагере в
1942 ж., решился записать на бумаге в 1966 ж., издано
посмертно).
1992 жылдың 15 маусымы күні ұзаққа
созылған ауыр науқастан соң Лев
Николаевич Гумилев дүниеден озды. 20-шы
маусым. Л.Н. Гумилев САнкт-Петербургтегі
Александр – Невский лаврасының
Никольск зиратына жерленді. 1 қазан. Л.Н.
Гумилев «Тысячелетие вокруг Каспия»
(«Каспий маңындағы мыңжылдық»)
еңбегі үшін Х.З. тагиев атындағы
сыйлыққа Әзірбайжан (қайтыс болғаннан
кейін) ие болды. Сыйлықты беру жөніндегі
шешім Л.Н. Гумилевті еске алу ға арналған
кеште Филармонияның кіші залында
жарияланды. Желтоқсан. Л.Н. Гумилевтің
ауруханада жатып, өзі алғашқы нұсқасын
көріп кеткен соңғы кітабы «От Руси до
России» («Русьтен Ресейге дейін») баспадан
шығады.

Ұқсас жұмыстар
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
Агата Кристидің кітаптары екі миллиардтан астам дана болып
Өмірдің мәні
Толстойдың өмірбаяны
Термореактивті пластмассалар
Этностың пайда болу теориясы
Тәрбие мақсатты процесс
Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы
Тәрбие оның мәні және қоғамдағы атқаратын рөлі
Чаадаевтің орыс тарихи либералдық материализмі
Пәндер