Қ.Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдары


Slide 1

Қ. Жұбановтың әліпби, емле туралы

тұжырымдары

Slide 2

Қ. Жұбановтың пікірі бойынш жана әліпбиге қойылатын талаптар. ЖӘ-ге қойылатын талаптар: - әліпбидің қазақ дыбыстарына ғана арналуы; - әліпбидің қазақ тілінің басты заңдылығы болып табылатын үндесім заңын қолдауы және оны сақтауға бағытталуы; - әліпбидің қолданым мен меңгерім үшін оңайлығы; - әліпбидің қолданымдағы қайшылықсыздығы; - әліпбидің емле ережелерін күрделендірмеуі; - әліпбидің емлені бірізді ете қалыптастыруға қолайлы болуы; - тілдегі емлелік қайшы ережелердің туындауына ұшыратпауы; - тілдің өз сипатын сақтай отырып, тиімді транслитерациялық мүмкіндікті қамтуы; - әліпбидің кірме сөздердің түпнұсқалық жазылымына барынша жақын және қазақ тілінің айтылым заңдылығына бағынған нұсқасын жазуға икемдігі; - әліпбидің жазылымның барынша үнемді де ыңғайлы болуын қамтуы; - әліпбидің қазақ тілінің жазылым реформасының негізі болуы; - әліпбидің қазырғы техникалық мүмкіндікке мейлінше сәйкестігі.

Slide 3

Орыс тілі мен қазақ тілінің әліпбиіндегі айырмашылықтар

ә) Орыс тіліндегі таңбалануы бірдей болса да, қазақ тіліндегі Е дыбысы - жіңішке, орысша Е дыбысы жуан дыбысталады. б) Орыс тіліндегі таңбалануы бірдей О дыбысы қазақ тілінде айырықша дыбысталады: О дыбысының орыс нұсқасы ерінді алға шүртите отырып, ауаны түйдектете (залппен) шығарып, қысқа қайыру арқылы дыбысталады, яғни күш ауаны түйдектете шығаруға кетсе, ал қазақы О ерін сол күйінде қалғанымен, ауа еркін шыға отырып, астыңғы иек ауа шығару кезінде ашылу арқылы шығады, яғни күш ауа шығаруға емес, иекті ашуға жұмылады. Орысша О қысқа дыбысталса, қазақы О - созылыңқы. Сөйтіп, О мен Е дыбыстары әдеттегі ерекше қазақы дыбыстар делініп жүрген дыбыстар санын арттыра түседі. в) Орыс тілінің заңдылығын қазақ тіліне таңып жүрген Ь, Ъ секілді белгілер бар, мәселен, үндесім заңы бойынша қазақ тілінде «дельфин» сөзі жіңішкелік Ь белгіні қажет етпейді: делфин, өйткені, қазақ тілінің жіңішке е дыбысы «л»-ды жіңішкертіп тұр; ал орыс тіліндегі е дыбысы жуан айтылып, келесі дауыссызға ықпалы болмағандықтан, «л»-ды жіңішкертуге арнайы белгі қажет. Сөйтіп, орыс тілі арқылы енген кірме “дельфин” сөзі қазақ тілінің үндесім заңын айналып өту арқылы өзге белгіні енгізуге мәжбүр етіп тұр. с) РӘ сипатына үңіле отырып, ерекше тоқталуды қажет ететін дыбыс - И. Жалпы, қазақ тілінде бір ғана қысқа «и» (й) дыбысы бар, ал ұзақ «и» - қазақ тілін тәуелдендіру саясатының нәтижесі. Әдеттегі қазақ тілі қағидасына енгізілген «дауысты дыбыстан соң қысқа и (й), дауыссыздан соң ұзақ и айтылады» дейтін қағида қазақ тілінің төл қасиетін көз бе көз бұрмалауда: сүй - ки, күй - би, түй - ти, үй - ши деген сөздердегі қысқа мен ұзақ «и»-лердің айырмашылығы жоқ! Өйткені, бәрі де қысқаша дыбысталып, «йй» болып тұрған ешқайсысы жоқ. Демек, қазақ әліпбиіндегі ұзақ и дыбысы - орыс әрпімен қабат енгізілген басы артық дыбыс! Сонымен бірге, и әрпі «сипат», «жинақ» сөздеріндегі «ый»-ды, «жиі» сөзіндегі «ій»-ді не үшін алмастырып тұрғаны емледе тиянақты түрде айқындалмаған, осы тақылеттес “ұу” (су), “үу” (сүру) дыбыстары мен “у” дыбысын бір ғана У әрпімен белгілей отырып, и әрпіне қатысты ала-бөле мұндай қағида енгізу өзін өзі ақтап тұрған жоқ. Бұл «ый» және «ій» дыбыстарын таңбалайтын и әрпінің қазақ тіліндегі қажетінің ақталмағандығын көрсетеді.

Slide 4

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ ҚАЖЕТТІЛІК ДӘЙЕКТЕРІ а) лингвистикалық дәйек: қазырғы әліпби өзінің құрамы жағынан, мазмұны мен мәні және құрылымы жағынан қазақ тілінің әжетіне ешбір сай келмейді; ә) саяси дәйек: егемен ел мен тәуелсізденген ұлтқа рухани бодандықтың белгісі болып табылатын және төл тілді өзге тілге тәуелдендіретін өгей әліпби уақыт талабына сай емес; б) экономикалық дәйек: қосалқы түрде орыс тіліне тән дыбыстар мен қазақ тіліне өгей дыбыстарды таңбалайтын 42 әріптен және қисынсыз ережелерден туындайтын шұбалыңқы жазылымды теру, оқу, басу үдерістерін экономикалық жағынан есептеу арқылы, саны қазырғыдан мейлінше аз болатын болашақ әріпжүйе әлдеқайда үнемді және тиімді; в) техникалық дәйек: қазырғы қол телефоннан бастап, «ақылды» шаңсорғышқа дейінгі тұтыну құралдарының бәріне бірдей қазырғы 42 таңбаны енгізуді өндірушіден талап ету мен әліпбиді енгізу мүмкіндігі мейлінше аз; г) жаһандану үдерісінен туындайтын дәйек: әрбір тілдің мұраты - оның тұтынушылар санын барынша көбейтуді қамтитын, меңгеруі мейлінше жеңіл, қарапайым, емлесі барынша ыңғайлы әліпби болып табылады.

Slide 5

.

Қазақ әліпбиіндегі - ы, і (кей жағдайларда у дыбысына қатысты - ұ, ү) дыбыстарының екіжақты қызметтері. 1. олардың сыбайласу арқылы дауыссыз дыбыстарды жуандату не жіңішкерту (бунақтау) қабылеті: а+ұу+ыл+ы - ауылы; 2. дауысты дыбыстың рөлін атқару қабылеті: ауылы. Аталмыш дыбыстардың алғашқы қызметтері бойынша бунақты дауыссыз дыбыс құралып тұрғандықтан әдеттегі «ауылы» сөзін (бунақ - ыл) «аулы» түрінде жазуға әбден болады. Ал, соңғы «ы» дыбысы дауысты болғандықтан, ол таңбалануға жатады. Осылайша тұжырымдау арқылы профессор әңгіме етіп отырған мәселе оңай шешіледі және қағидаланады. Алайда, ы мен і дыбыстарының бұл қасиеттері жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей әліпбиге негіз болуы керек. Руникалық (ұрын) Орхон-Енесай жазбасында дауыстылар барынша шектеліп, жазу негізінен дауыссыз дыбыстардың таңбалануымен сипатталады. Бұл жағдай әр алуан дыбысталатын бунақты дыбыстардың сәйкес түрде әр түрлі таңбалануынан сақтап, тілдің ортақ игілігі болатындай жазу принципін орнықтырған. Ұрындық әліпбидің бұл қасиетін жаңа қазақ әліпбиіне телу арқылы дүниеге шұбалыңқы жазылымды қысқартудың жолын әкелуге әбден болады.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Орфографияның графикаға қатысы
Қазақ тілі білімі қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы
Қазіргі қолданыстағы жаңа қазақ жазуының ңұсқаларына тоқталу
ТІЛ ЖӘНЕ ҰЛТ
Одағай сөздердің шығуына ғалымдардың пікірі
Латын әлипбиі негізіндегі қазақ жазуы
Ғалым жазған Қазақ тілі грамматикасының арнаулы фонетика бөлімі - осыған айқын дәлел
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Дыбыс пен фонема
Оны дактилді сөйлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz