Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera): морфологиясы, даму кезеңдері және Қазақстандағы түрлері


Slide 1

Түрлі қанатты ірі ақ көбелек

Slide 2

Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған) . Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін ең ірісі - Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен - емен көбелегінің қанаты 12 - 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 - 5 қос «жалған» аяқтары болады.

Қабыршақ қанаттылыар

Slide 3

Капуста ақ көбелегі(Pіerіs brassіcae) -капустаның және капуста тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 - 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 - 4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір - мамырда көбелек шығады.

Slide 4

Жұмыртқаларын топтап (15 - 200) капуста жапырағының астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөпердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 - 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына өрмелеп шығады.

Slide 5

Ақ көбелектің құрылысы

Slide 6

Қанатының құрылсы

Slide 7 Slide 8

Қуыршақ кезі

Slide 9 Slide 10

Қабыршақ қанаттылыр түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршақ қанаттылырдың дернәсілі - жұлдызқұрт. Қабыршақ қанаттылырға ғана тән ерекшелік - жұмыртқасының әр түрлі пішінді болуы.

Slide 11

Қоректенуі

Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т. б. қоректенеді.

Slide 12

Жыртқыш аңдардан қорғау

Көптеген түрі кеште, түнде ұшады. Түнде ұшатын жоғары сатыдағы Қабыршаққанаттылырда есіту органы болатыны анықталған.

Қабыршақ қанаттылырды 3 отряд тармағына бөледі: жақты көбелектер (Lacіnіata) ; тең қанаттылар (Iugata) және әр түрлі қанаттылар (Frenata) . Қазақстанда кездесетін негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар, т. б. Қабыршақ қанаттылырдың өте сирек кездесетін кейбір түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мыс., Тьян -Шань өкшелі сұр көбелек, жолақты тораңғы көбелегі, махаон көбелегі, т. б.

Slide 13

Ал кәдімгі күйе көбелектері үйде, қоймада тіршілік ететіндіктен түрлі тағамдар мен теріден тігілген және жүннен тоқылған киімдерді, жиһаз көбелегі ағаштан жасалған жиһаздарды бүлдіреді. Қабыршақ қанаттылырдың табиғатта пайдасы да бар. Мыс., олар гүлді өсімдіктерді, әсіресе, гүлі түнде ашылатын өсімдіктерді тозаңдандырады. Қабыршақ қанаттылырдың кейбір түрінің жібек пілләсі пайдаланылады (тұт, емен, айлант жібек көбелектері) .

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Бұнақденелілердің жіктелуі, морфологиясы және постэмбриональды даму түрлері
Мәдениет морфологиясы: анықтамалар, құрылымдар және даму кезеңдері
Қазақстандағы жекешелендіру: түрлері, тәсілдері және даму кезеңдері
Инфекциялық процестер: анықтама, түрлері, даму кезеңдері және Қазақстандағы жұқпалы аурулар
Қазақстандағы психология ғылымының даму кезеңдері
Қазақстандағы психология ғылымының қалыптасуы және даму кезеңдері
Менеджмент: мәні, даму кезеңдері, мектептері және Қазақстандағы дамуы
Құқықтық қақтығыстар: табиғаты, даму кезеңдері және түрлері
Кенелер (Acarina): Қазақстандағы таралуы, таксономиясы, морфологиясы, даму кезеңдері және алғашқы көмек пен алдын алу шаралары
Кәдімгі қызылша бізтұмсығының морфологиясы, даму кезеңдері және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz