ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Орындаған:Джангулова А. Т.

Тексерген: Габдуллина Л. Б.

СӨЖ

Slide 2

Жоспары:

1) . 2013- 2015ж. ж ҚР-дағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама

2) . ҚР экономикалық өсу себептері, факторлары.

3) . Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары. Инфляцияға қарсы саясат.

4) . Инфляцияның мәні, түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты.

Slide 3

1) макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылық.

Макроэкономикалық тұрақтылық жаңа салық-бюджет саясатын іске асыру, мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде ұстау және экономикалық өсу үшін қолайлы инфляция деңгейін ұстап тұру есебінен қамтамасыз етіледі.

Кепілдендірілген трансферт көлемінде қор қаражатын пайдалануды шектеу жолымен Ұлттық қорда мұнай кірістерін жинақтау саясаты жалғасатын болады.

Салық саясаты экономиканы дамытуды ынталандыру құралдардың бірі болады және әлеуметтік бағытқа ие болады.

2) экономиканы жаңғырту және әртараптандыру арқылы оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне, оның тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту, сондай-ақ қоршаған ортаға жүктемені азайту кезінде экспортты әртараптандыру бағытында экономиканы құрылымдық қайта құрумен қолдау көрсетілетін болады.

ҚР Үкіметті әлемдік экономикадағы дағдарыс процестерінің елеулі ушығуы жағдайына байланысты Тұрақты макроэкономикалық жағдайды қамтамасыз ету және экономиканың өсуін сақтау үшін дағдарысқа қарсы қадамдық жоспарды бекітті.

Үкіметтің дағдарысқа қарсы қадамдық жоспары

Slide 4

Инфрақұрылымды дамыту

автомобиль жолдарының құрылысы;

елді мекендерді газбен жабдықтау;

өңірлерде электр- және жылуэнергетикалық

инфрақұрылымдарды дамыту;

энергетика объектілерін және көлік инфрақұрылымын салу, жолаушылар вагондарының паркін жаңарту.

Экономикалық өсуді экономика секторларын

қолдау арқылы қамтамасыз ету

Экономика салаларының дамуы

үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын және АӨК даму бағдарламасын іске асыру.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс

2012-2020 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыру арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту;

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы;

2013-2015 жылдары құрылысты және мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуды қосымша қаржыландыру ұсынылады;

2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру.

Slide 5

Бюджет саясатының мақсаттары

макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

экономика өсуінің орнықтылығын қамтамасыз ету;

халықтың әл-ауқаты деңгейін қолдау;

бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

ЖІӨ-ге қатысты тапшылықтың азаюы

Бюджет саясатын қалыптастыру

Мемлекеттік борышты біркелкі деңгейде қолдау

Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету

Квазимемлекеттік сектор борышының өсуін бақылау

Ұлттық қор қаражатын шекті қолдану

Ұлттық қорда мұнай қорларын жинақтау

Бюджет саясатының теңгерімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру

Slide 6

Әлеуметтік сала

2013 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы нақты ақшалай табысы номиналды мәнінде 618, 3 мың теңгені құрап, 6, 8 %-ға өсті.

Нақты жалақы 6, 9%-ға өсіп, нақты орташа айлық номиналды жалақы 101, 0 мың теңгеге ұлғайды.

Экономикалық белсенді халық санының өсуі кезінде 2013 жылғы желтоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5, 3%-да қалыптасты (2012 ж. -5, 4%) .

Slide 7

Орта мерзімді кезеңге арналған Қазақстан дамуының негізгі параметрлері

2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсуі жылына 6-7, 6 мөлшерінде болжамдануда, бұл халықтың жан басында шаққандағы ЖІӨ өсуін 2018 жылға қарай 20 мыңнан АҚШ долларында астам қамтамасыз етеді.

Өңдеу өнеркәсібінде озық өсу болжамданады: бес жылда өңдеу өнеркәсібі 41%-ға, тау-кен өнеркәсібі 25%-ға өседі.

Орта мерзімді перспективада өсудің негізгі көзі өңдеу және өндіру өнеркәсіптеріндегі өсу, сондай-ақ экономикадағы ішкі тұтынудың тұрақты өсуі болып қалады.

Slide 8

Инфляция (лат. inflatio - «қабыну», «ісіну») - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Slide 9

Қазақстан Республикасынын инфляция корсеткіші

Slide 10

Инфляция

10

Инфляция компоненттерінің 2011-2012 жж. желтоқсанда өзгеруі

Slide 11

Пайдаланған әдебиеттер:

С. Әкімбеков, А. С. Баймұхаметова, У. А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана: 2002.

Әпсәләмов, Н. Экономикалық теория негіздері/ :1999ж

Жүнісов, Б. А. Нарықтық экономика негіздері\Алматы: Респ. баспа кабинеті, 1994ж


Ұқсас жұмыстар
ҚР-ғы экономикалық өсу, себептері, факторлары
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу.Себептері,факторлары
ҚР-дағы экономикалық өсу себептері,факторлары
Экономикалық циклдардың типтері
Жанжал себептері
Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу
Экономикалық өсу
Ұдайы өндіріс теориясы. Ұлттық есептеу жүйе
Экономикалық теория
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz