Программаны жасақтаудың негізгі кезеңдері


Slide 1

Программаны жасақтаудың негізгі кезеңдері

Сабыржанов Темірлан ВТ-405

Slide 2

Қолмен программалаудың жеке жұмыстарын автоматтандыру тәсілдері.

Қолмен программалаудағы жұмыстарды автоматтандыруда жұмыс программаларын түзетуді негізгі назарда ұстау керек.

Қазіргі кезде программаның дұрыстығын тексеру үшін жоғарыда айтқандай тест тәсілі кеңінен қолданылады. Тест тәсілі бойынша жауаптарды алдын ала белгілі есептердің бірнеше нұсқасы компьютерде құрылған программаны пайдаланып шығарылады. Алынған нәтижелер алдын ала белгілі жауаптармен салыстырылады. Ол жауаптар біріне - бірі сәйкес келмесе, онда программада қателіка кеткен болып шығады.

Программаны жөндеу процесі бірнеше әмбебеп жөндеуші программаларды жасау және компьютердің өзін пайдалану арқылы автоматтандырылады. Бұл программалар командалардың қалай орындалып жатқандығы туралы информацияны баспаға бере отырып жөнделіп жатқан программаның кез келген бөлігінің жұмысын қадағалап бақылауға мүмкіндік береді. Программаны автоматты түрде жөндеуде программалаушыны қызықтыратын барлық информация құжатқа жазылады, соның арқасында ол компьютерді пайдаланбай-ақ есептің компьютерде шншілу процесінің дұрыстығын бақылай алады.

Slide 3

Программаны жасақтау процесі

мынадай формуламен өрнектеуге болады:

Программаны жасақтау→даярлау+тексеру және жөндеу

Жаңадан ғана жасалған программада қателіктің болуы-бұл қалыпты және заңды құбылыс. Іс-жүзінде нақты және жеткілікті дәрежеде күрделі програманы қателіксіз құру мүмкін емес.

Программаны компьютердің қабылдауына және оның нәтижесін беруіне қарап оны дұрыс құрылған деген қорытынды жасауға болмайды. Өйткені берілген жағдайда дұрыс болмаса да қандай да бір нәтиже алуға қолымыз жетті. Осының өзінде программада көптеген логикалық қателіктердің болуы мүмкін. Кеткен қателіктерді анықтау үшін программаны компьютерге ендіріп, іске қосқанға дейін былай тексереміз.

Программа мәтінін «қолмен» қарап шығу, тексеру және айналдыру арқылы тексеруге болады.

Программа мәтінін қарап шығу. Программа мәтінін жазуда кеткен қателіктерді және программаның алгоритмнен алшақтығын анықтау үшін қарап шығады. Атап айтқанда итерация санын беуші операторлардың дұрыстығына көз жеткізу үшін барлық циклдердің ұйымдастырылуын қарап шығу өте маңызды. Шартты операторлардағы шарттарды, бағыныңқы программаларға қатынас жасаудағы аргументтерді тексеріп шығу пайдалы.

Slide 4

Программаны жөндеу және тестілеу

Программаны жөндеу (debugging- жөндеу ағылшын сөзі сөзбе- сөз аударғанда қоңыздарды аулау деген мағына береді. ) дегеніміз программаны компьютерден өткізудің нәтижесі бойынша ондағы қателіктерді іздеу және жою процесі.

Тестілеу (test ағылшын сөзі сынау деген мағына береді) дегеніміз программаның немесе оның жеке бөліктерінің дұрыс жұмыс істейтіндігін сынау, тексеру.

Жөндеу және тестілеу бұлар бірінен бірі айқын ажыратылған және біріне- бірі ұқсамайтын екі кезең:

жөндеу кезінде синтаксистік қателіктердің және кодтаудың айқын қателіктерін төңіректеу және жою орындалады.

тестілеу процесі кезінде айқын қателіктері жоқ программаның жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі.

Тестілеу қателіктің бар екендігін тағайындайды, ал жөндеу программаның дұрыс жұмыс істемеу себептерін анықтайды.

Қазіргі заманғы программалауды жөндеу жұмысы жөндеуші деп аталатын арнайы программалық құралды пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Бұл құралдар программаның ішкі жұмысын зерттеуге мүмкіндік береді.

Slide 5

Тестілеу процесінің кезеңдері

Тестілеу процесін екі кезеңге бөлуге болады.

1. Қалыпты жағдайда тексеру. Программалардың жұмыс істеуінің нақты жағдайына тән алғашқы деректер негізінде тестілеу болжанады.

2. Экстремальды жағдайда тексеру. Бұл жерде тестілік деректер дегеніміз алғашқы деректер жиынының шекаралық мәндері. Бұл жиын программа дұрыс жұмыс істеуге тиісті алғашқы деректерден тұрады. Өте кіші немесе өте үлкен сандар және деректердің болмауы мұндай деректердің типтік мысалдары болып табылады.

Барлық программалар қандайда бір шектеулі алғашқы деректер жиынын өңдеуде есептеліп жасақталатындығы белгілі. Сондықтан мына төмендегі сұрақтарға жауап алу маңызды:

Айнымалының теріс және нолдік мәндерін өңдеуге арналмаған программаға қандай да бір кеткен қателіктің себептерінен дәл сол мәндерді өңдеуге тура келсе не болар еді?

Егер массив элементтері оны хабарлауда көрсетілген саннан асып кетсе, онда массивтермен жұмыс істеп жатқан программа өзін қалай ұстар еді?

Егер өңделіп жатқан сан өте кіші немесе өте үлкен болса, онда не болар еді?

Программа дұрыс емес деректерді дұрыс деректер ретінде қабылдап, дұрыс нәтижеге ұқсас, бірақ дұрыс емес нәтиже беретін жағдайлар ең жаман жағдайлар болып есептеледі.

Программа өзі дұрыс өңдей алмайтын кез келген деректерді теріске шығаратын болу тиіс.

Slide 6

Программалауда кездесетін қателіктер

Синтаксистік қателіктердің мысалдары:

тыныс белгілерінің қалып кетуі;

жақшалардың сәйкес келмеуі;

оператордың дұрыс жазылмауы;

қызметші сөздің дұрыс жазылмауы;

айнымалы атының дұрыс жазылмауы;

циклдің аяқталу шартының жоқ болуы;


Ұқсас жұмыстар
Эксперттік жүйелер
Трансляция түсінігі. Формальды тілдер түсінігі
Трансляция түсінігі. Формальды граматика
Программалық жабдықтарды құжаттау. МЕМСТ пен бекітілген программалық құжаттаудың түрлері. Құжаттаудың ортақ жүйесі
Паскаль программалау тілдері
Программалық жабдықтарды құжаттау. Құжаттаудың ортақ жүйесі. МЕМСТ пен бекітілген программалық құжаттаудың түрлері
Экперттік жүйе дегеніміз бұл әдістер мен ұйымдастыру жолдарының жиынтығы, күрделі міндеттерді шешуге арналған білімдердің сақталуы мен қолданылуы
Эксперттік жүйе
Компьютерлік желі және топология түрлері
Турбо Паскаль программалау ортасында қарапайым программа құру туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz