Forbes тізімі бойынша Қазақстандық миллиардерлер мен олардың байлығы


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Қазақстандағы ең дәулетті адамдар

Орындаған: Құрманбекова Алуа

ОП-215

Семей 2015

Slide 2

Forbes журналы ғаламшардың шіріген байларының жаңа тізімін жария етті. Биылғы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша ақшаның бетіне қарамайтын адамдардың қарасы көбеймесе, азаймаған. Демек, ғаламдық дағдарыс жекелеген жандарға анау айтқандай әсер етіп жатпаған екен…

Slide 3

Осы тізімнің жуан ішіде бір топ қазақстандық қалталылардың болғандығына мақтанып отырмыз. Әлемнің ең бай адамдарының тізіміндегі отандастарымыздың тізімі былай анықталады:

Болат Өтемұратов - 2, 6 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 714-орында тұр.

Алиджан Ибрагимов - 2, 2 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 847-орында тұр.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар - 2, 1 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 894-орында тұр.

Владимир Ким - 1, 8 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 1054-орында тұр.

Slide 4

Болат Өтемұратов

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, сонымен қатар Қазақстантеннис федерациясының президенті.

Forbes журналының 2008 жылғы дәулетті адамдар тізіміне енген (1 млрд АҚШ доллары бар) .

Slide 5

Дипломат әрі банкир Болат Өтемұратов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «сенімді көмекшісі» ретінде мәлім. Ол алғаш рет «Форбс» журналы жариялаған әлемдегі бай адамдардың тізіміне 2008 жылы 1 миллиард АҚШ долларына тең байлығымен енген. Daily Telegraph басылымының жазуынша, енді Өтемұратовтың байлығы Тимур Құлыбаевтан да, лондондық ірі тау-кен корпорациясы ENRC-дің тең құрылтайшылары Александр Машкеевич, Патох Шодиев және Алимжан Ибрагимовтерден де асып түспек.

Slide 6

Болат Өтемұратов та Нұрсұлтан Назарбаев сияқтытеннисті жақсы көреді, ол - елдегі теннис федерациясының президенті. Болат Өтемұратов Қазақстанның Швейцариядағы елшісі қызметін атқарған. Бұдан соң елдегі ең табысты банктердің бірі - АТФ банкін құрды. 2008 жылдың аяғына дейін 3 жыл бойы президенттің іс басқарушысы болып қызмет істеді. «Өтемұратов АТФ банкіндегі акцияларын италиялық Unicredit банкіне сатқаннан бері әлемнің миллиардерлері қатарына енді» деп жазады ұлыбританиялық басылым.

Slide 7

Болат Өтемұратов 2009 жылы Мәскеуде «Ritz-Carlton» қонақ үйін 350 млн АҚШ долларға сатып алды

Slide 8

Чилидің Сантьяго қаласында Халықаралық теннис федерациясының (ITF) президенті мен федерацияның директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау өтті. ITF директорлар кеңесінің мүшелігіне төрт жылға 25 кандидаттың ішінен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов сайланды. ITF директорларының жаңа құрамына түрлі елдердің 13 кандидаты кірді.

Slide 9

Президенттің Іс басқармасын басқарған Болат Өтемұратовтың байлығы қазір 2, 2 млрд долларға жеткен.

Бұған дейін көш бастаған Владимир Кимнің байлығы 650 миллион долларға төмендеуіне байланысты ол кейінгі орынға ысырылды.

Екінші орынға ерлі-зайыпты Құлыбаевтар жайғасып, үшінші орынға 2013 жылы байлығы 500 млн долларға төмендеген Алиджан Ибрагимов тұрақтады.

“Қазақмыстың” қожасы саналатын Владимир Ким төртінші сатыға орналасты.

Айта кететіні, қазақстандық миллиардерлердің барлық қаржысының жалпы сомасында өзгеріс жоқ. Бұрынғыша 9, 2 млрд доллардан аспаған.

Slide 10 Slide 11

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
2015 жылғы Forbes рейтингі: Қазақстандық миллиардерлер мен олардың активтері
Forbes журналының миллиардерлер тізімі: Карлос Слим ең дәулетті, әлемдік жиынтық байлық 342 млрд доллар
Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері: Болат Өтемұратов және Forbes тізімі (2015)
2015 жылғы Forbes деректері бойынша Қазақстанның ең бай бес адамы
2015 жылғы Forbes деректері бойынша Қазақстанның ең бай азаматтары және Болат Өтемұратовтың іскерлік қызметі мен активтері
Динара Құлыбаева: өмірбаяны, іскерлік қызметі және байлығы
Қазақстандық агроөнеркәсіп кешендері: облыстар бойынша өндірушілер
Сөз байлығы, тіл тазалығы және әдеби тіл мен диалектизмнің ара-қатынасы
XX-XXI ғасырлардағы Батыс Еуропа жастар субмәдениеттері және олардың Қазақстандық жастардың құндылық жүйесіне әсері
Қазақ тілінің сөз байлығы: 10-сыныптағы әдеби мәтіндер мен лексикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz