Педагогтың кәсіби өзінөзі тануы және өзіндік дамуы


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы.

Орындаған:Тлеубергенова А. Б

Семей 2015 жыл

Slide 2

Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса, басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды.

А. Дистервег

Slide 3

Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды.

Slide 4

Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі -мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мәдениетін игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және білімді адам болу мүмкін емес.

Slide 5

Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының

5- ші тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті»- делінген.

Slide 6

Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.

Slide 7

Өздігінен білімін жетілдіру -саналы түрде дербес шұғылданатын танымдық қызмет.

Slide 8

Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?

Slide 9

Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс -әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы, адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.

Slide 10

Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері мынадай:

-күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс жүргізу.

-творчествоны қалау.

-заманауи ғылымның өте жоғарғы қарқынмен өсуі.

-қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер.

-бәсекелестік.

-қоғамдық пікір.

-материалдық ынталандыру.

-ынта-ықылас.

Slide 11

Өздігінен білімін жетілдіру процесінде педагог қолданатын іс-әрекеттер:

-өзін өзі өзгерту туралы шешім қабылдау;

-өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау;

-бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты атқарылатын жұмыстар;

-бағдарламаның орындалу нәтижелері бойынша өзіне өзі талдау жасау;

-алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою.

Slide 12

«Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды»

Л. Н. Толстой

Slide 13

Назарларыңызға

рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы»
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайында
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы ақпарат
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы және өзіндік дамуы
Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес белгіленген құзіреттіліктер жүйесі бойынша анықталған тәрбиеші моделі
Педагогтың өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы
ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫ
Педагогтың кәсіби өзін өзі тануы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz