Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы



Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Баусадыкова Айжан ПХ-316

Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді.


Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі.
Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:
1. Фонетикалық бұзылулар - бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң - ұяң - үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы) . Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.
2. Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі) .
3. Әуендік - екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т. б. ) . мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т. б.

4. Қарқындылық - ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия) ; тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия) ; үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену - физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы - тұтығу немесе кекештік) .
5. Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т. б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.
6. Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.

Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:
1. Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.
2. Дизартрия - сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.
3. Ринолалия - ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.
4. Алалия - тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.
5. Афазия - бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады.

Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы - тахилалия пайда болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz