Ең бек қ орғ ау жө нiнде нұ сқ аулар беру жә не оның iс қ ағ аздарын жү ргiзу

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Ең бек қ орғ ау жө нiнде нұ сқ аулар беру жә не оның iс қ ағ аздарын жү ргiзу

Жоспар:

∗ Негiзгi баптар ∗ Жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету. ∗ Еңбеккерлерге нұсқауларды берудi ұйымдастыру.

1.1Жұмыскерлердi қауiпсiз еңбек етуге оқыту, жұмыстың қауiптiлiк дәрежесiне , ерекшелiгiне қарамай, барлық кәсiпорында, мекемелерде: - жаңадан жұмысшыларды дайындау барысында (жұмысқа алғаш орналасқан кезде немесе мамандығы жоқ; мамандығын өзгерткен кезде) - мамандық шеберлiгiн арттыру кезiнде iске асырылуы керек. 1.2 Комплекстi бригада мүшелерiн қауiпсiз еңбек етуге оқыту бағдар-ламасы , оның негiзгi мамандығымен қатар, қосалқы мамандықтарында қамтуы керек. 1.3 Оқып-үйрету жұмысын ұйымдастыру мен жалпы басқару кәсiпорын (мекеме) басшысына , ал бөлiмдерде- бөлiмше бастықтарына жүктеледi. 1.4 Бөлiмдердегi қауiпсiз еңбек етуге үйрету жұмысын және оның сапасын , кәсiпорынның еңбек қорғау бөлiмi (бюрасы, инженерi) қадағалайды. Ондай бөлiм жоқ болған жағдайда кәсiпорын (мекеме) басшысы” бұйрығымен бұл мiндет инженер- техник қызметкерлерiнiң бiрiне жүктеледi 1.5 Бұл ереженің шарттарын министiрлiктер әр саланың жұмыс ерекшелiктерiне қарай, оқулық-методикалық бағдармалар жасаған кезде және техникалық ереже , iс қағаздарын жасағанда ескерулері керек.

Жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету.

Қауiпсiз еңбек етуге оқыту кәсiптiк–техникалық оқыту бағдарламасына сай, Мемлекеттiк кәсiби оқу бөлiмi, мемлекеттiк еңбек департаменті бекiткен «Өндiрiсте жұмысшыларды дайындау және олардың мамандық шеберлiгiн арттыру ережелерiне» сәйкес оқытылуы қажет. Қауiпсiз еңбек етуге оқыту , еңбек қорғау тақырыптары бойынша да , және мамандыққа оқыту-үйрету барысында да, мiндеттi түрде , еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының тақырыптарын қосып оқыту арқылы iске асады. Жаңа жұмысшыларды қауiпсiз еңбек етудiң әдiс - әрекеттерiне тәжiрибе жүзiнде оқыту немесе өндiрiстiк оқыту - оқу шеберханаларында (цехтарында, бөлiмдерiнде) нұсқаушының (инструктордың) басшылығымен , ал жұмыс орнында арнаулы бiлiмi бар маман, бригадир немесе жоғарғы квалификациясы бар жұмысшының басшылығымен жүргiзiледi. Еңбек қорғау сабағының әр өткен тақырыбы және сабақта болған адамдар тiзiмi оқу журналына жазылып отырылады.

Еңбеккерлерге нұсқауларды берудi ұйымдастыру.

Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: − кiрiспе нұсқау; − жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау; − қайталама нұсқау; − қосымша нұсқау (внеплановый); − тиiстi нұсқау (целевой).


Пән: Іс жүргізу


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь