Ауылшаруашылық құстардың гигиенасы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
Тақырып: Ауылшаруашылық
құстардың гигиенасы
Орындаған:Төлеш Т.Қ.
Тексерген:Садуақасов М.С.
Құстарды күтіп-бағу ерекшеліктеріне қарай, құс фабрикаларында озат
технологиялық құрал-жабдықтар орнатылған типтік құсханалармен
қатар, әлі де болса экологиялық, ветеринарлық-санитарлық талаптарға
сай келмейтін ескі ғимараттар және құрал жабдықтар пайдаланылып
келеді. Мұндай жағдайда құс басын жедел арттырып, сапалы өнім
өндіру қиындай түсетіні белгілі. Осыларға байланысты біздің ғылыми
жұмысымыз сыртқы орта экологиялық факторлардың
жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне, оның сапасына тигізетін
әсерін зерттеуге бағытталады. Оның ішінде әртүрлі типті
құсханалардың микроклиматын, атап айтқанда, ауаның
температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, газдық құрамы, құрал-
жабдықтар, желдеткіштер әсерін зерттеуге баса көңіл бөлінеді.
Құс шаруашылығының дамуы негізінен үш факторға
негізделеді. Олар: құстың тұқымдық қасиеттері (генотипі),
оған әсер ететін сыртқы ортаның экологиялық факторлары
және бағып-күту жағдайлары (паратиптік). Қазақстан
Республикасында құс өсіру жоғары мамандандырыл-ған
кешендерде (құс фабрикаларында) автоматтандырылған
басқару жүйесіне негізделген. Ауыл шаруашылығын
жекешелендіру барысында орын алған келеңсіз жағдайлар
құс шаруашылығының әрі қарай дамуына біршама кері
әсерін тигізді. Дегенмен, соңғы уақытта құс шаруашылығы
қайтадан жандана бастады. Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасында әр бір тауық мекиенінен 250-280 жұмыртқа
алып, 1000 жұмыртқаға небары 1,5-1,7 ц азық өлшемі
жұмсалуда. Диетикалық құс етін 70000 тоннаға жеткізу
көзделініп отыр. Егін шаруашылығы дамыған
республикамызда құс шаруашылығының азықтық қорын
жасауға, құс санын көбейтуге мүмкіншіліктер жеткілікті.
ҚҰС ӨНДІРІСТЕРІНДЕГІ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-
САНИТАРЛЫҚ РЕЖИМ
Құс қораларын қарқынды пайдаланып, оларды ша ғын жерге топтастырып, жыл
бойына балапан алып (инкубациялау) ж әне жас құстарды өндірістік технологияда
өсіру, ондағы ветеринариялық-санитарлық режимге жо ғар ғы талаптар қоюды
қажет етеді.
Ірі құстардың өндірістерін (фабрикалар) жобалап ж әне салу кездерінде
ветеринариялық қорғау аймағы мен зоотехникалы қ-ветеринариялы қ ара
қашықтығы белгіленген нормативтерге сүйенеді.
Ірі құс өндірістерінің аймағын (территориясын) бірнеше б өлікке (зона ға) б өледі:
өндіріске арналған; шаруашылық басқару ға (хозадминстрация); азы қтарды
дайындау және сақтау; өндіріс қалдықтарын (көң) өңдеп ж әне са қтау.
Ірі құс фабрикаларында өндіріс зонасын қосымша технологиялы қ ж әне қосал қы
зонаға шектейді. Ірілендірілген (аналық ж ұмырт қалайтын құстарсыз) өнімдік
фабрикалар мен еттік және жұмыртқа алу ба ғытында ғы фермалар қуаттылы ғы
300 мың жұмыртқалайтын тауықтар, 1 млн еттік шыбилар (бройлер), 500 мы ң
үйрек, 200 мың қаз және күрке тауық еттік балапандары ж әне 400 мы ңға дейін
өнімге арналған жас құстарды бір аймақта ұстап, біра қ бір-бірінен 60 м таяу
емес қосалқы зоналарға бөлектеп орналастыруға р ұқсат етіледі.
Әрбір қосалқы зоналардың арасындағы зоотехникалық-
ветеринариялық қашықтық 60 м кем болмауы керек.
Жаңадан салатын және қайталап тұрғызатын өнімдік өндірістері,
егер жылдық қуаттылығы 600 мың, одан да артық
жұмыртқалайтын тауықтарға, немесе 6 млн. бройлер-
балапандарға арналған болса, әртүрлі зонада әр технологиялық
құстар тобын орналастыруды жобалап және 1 км жақын емес
инкубатормен сою цехін салады.
Қосалқы зонадағы құстардың жастарының айырмашылығы
балапан-шыбыйлар үшін – 1 аптадан, үлкен құстарға 2-3 аптадан
артық болмай, зоналардың зооветеринариялық арақашықтығы –
60 м кем болмайды. Кезекті құстар партияларын қораларда
орналастырар алдында цикілдік сақтандыру үзілістерінің ең
минималды (төменгі) уақыттары мына төмендегідей:
-Барлық құстар түрінің үлкендері мен өнімдік жасы 9-аптадан,

жоғарыларын едендерде ұстағанда – 4 апта;
-Барлық құстар түрлерін және 9-аптадан асқан өнімдік жас

құстарды клеткалы-батареяларда ұстағанда – 3 апта;
-Едендерде және клеткада өнімдік және еттік 9 аптадан асқан

жас құстарды ұстағанда әр циклден соң – 2 апта;
-Үйрек балапандарын (4-аптаға дейінгі) өсіргенде әр циклден

кейін – 1 апта және жыл аяғындағы циклден соң қосымша үзіліс –
2 апта.
Инкубаторларда профилакториялық (сақтық) үзіліс жұмыртқаны басу ға
салумен балапанды соңғы шығарудан соң жылына 6 тәуліктен кем емес, ал
балапан шығару залында әр кезекті балапандарды шы ғару партиясында 3
тәуліктен кем емес үзіліс беріледі.
Әрбір профилактикалық үзілістер кезінде құс қораларына санация жасалады.

Оған мыналар жатады: механикалық тазалау, жуу дезинфекциялау, же ңіл
жөңдеу жұмыстары (ремонт) және қораның таза «демалысы».
Профилактикалық үзілісті қорадан құстарды ң а қыр ғы партиясын шы ғарудан

бастап оны қайта жаңа партиямен толтыр ғанға дейін есептеп, ол кезде қора
бос болып, соңғы дезинфекциялаудан кейінгі профилактикалы қ үзіліс 2 апта
болса – 5 тәуліктен кем емес, ал профилактикалы қ үзіліс 3-4 апта болса – 7
тәуліктен кем болмайды да, соңынан қораға құстарды ң жа ңа партияларымен
Балапандардың өсіп-жетілуіне және ересек мекиендерді ң өнімділігіне жары қ
режимі орасан зор әсер етеді.
Балапандар үшін – олардың 1-2 к үндігінен 71-126 к үндігіне дейін

жарықтандыру ұзақтығын 24 сағаттан 8 сағатқа дейін төмендетіліп
отыру керек. Төмендету интервалы 7-28 күн аралы ғында 3-2 са ғ., 29-42 к үнде
– 1 сағ., 43-70 күнде – 0,5 сағ., 71-126 к үннен бастап 8 са ғ. т ұра қтайды.
Жарықтылықтың (люкс – лк) күштілігі бір апта бойы 20-30 лк, 2-4

апталығында 15-10, 5 аптадан – 5 лк дейін т өмендетіледі. Жо ғарыда ғы
көрсетілген жарық режимін сақтаған жағдайда балапандарды ң орташа өсу
біркелкілігін 91,9% жеткізуге болады.
Ересек мекиендерге, керісінше жары қ 19-32 жас аралы ғында 8 са ғаттан 15

сағатқа дейін ұзартылады. Жарық күші 15 лк бір қалыпты ұстайды.
Құс қораларының микроклиматы
Стандарт бойынша тауықхананың температурасы 16-180С, ал
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% шамасында болуы тиіс.
Бұл көрсеткіш 1-4 апталық балапандар үшін 28-240С, 5-11
апталықтағыларға – 18-160С, 12-26 апталықтардіке 160С жо ғары
болмауы тиіс.
Өтпелі көктемгі және күзгі мезгілдері тауықханыны ң ауасыны ң
ылғалды-ғы 85%-ке артуы мүмкін. Қыстың күндері бұл к өрсеткіш
40-50%-ке төмендей-ді. Жазғы айларда сыртқы ортаны ң
температурасы 100С жоғары болғанда, тауықхана ауасының
температурасындағы айырмашылық 50С шамасында болуы керек.
Сыртқы ауаның температурасы 330С шамасында бол ғанда, 1-10
күндік балапандар үшін 280С, есейген шөжелер үшін 260С болуы тиіс.
Атмосфералық ауаның температурасы 330С асқан жа ғдайда (О ҚО
жиі байқалады) желдеткіштерді, салқындатқыштарды қосып,
тауықханалардың температуасын төмендету керек болады.
Салқын күндері құсханалардағы ауа алмасуды к өмір қыш қыл немесе
су буының үлесімен анықтайды, ал жазғытұрым шамадан тыс
жылудың мөлшерімен анықталады
Азық сапасын бағалау.
Азық сапасын жан-жақты бағалау оның жо ғарыда к өрсетілген қоректілігін,

зиянды ластаушылардың қауіпсіздігін, биологиялы қ құндылы ғын аны қтау
арқылы жүргізіледі.
Жануарларды толыққанды қоректендіру оларды ң потенциалды қ, өнімділігін

арттыруда, денсаулығын жақсартуда үлкен роль атқарады.
Азықтың зияндылығы мен улылы ғы организмде зат алмасуыны ң б ұзылуына,

токсикоинфекциялық, аллергиялық ауруларды ң пайда болуына әкеліп со ғады.
Минералды тыңайтқыштарды, пестицилтерді са қтау ж әне пайдалану

ережелері бұзылған жағдайда олар қоршаған ортадан мал организміне т үсіп,
улануға, тіпті өлім-жітімге алып келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қазіргі техногенез дәуірінде, қарқынды технологияны
мүмкіншілігі бойынша тауық ендіру үшін, құс
фабрикаларын жетілдірілген қондырғылармен қайта
жабдықтап, құсханалардың микроклиматын және
қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартып,
шаруашылықтың өнімділігін арттыруға болатындығы
дәлелденді. Оған біздің тәжірибеміздегі әр 10
жұмыртқаға небары 1,52 кг азық өлшемі жұмсалып, әр
жұмыртқаның өзіндік құны 9,85 теңге болғаны мысал
бола алады. 2013 жылдың 7 айында жалпы табыстың
97,4 млн теңгеге жеткені, кез-келген
агрошаруашылыққа үдемелі инновациялық технологияны
ендірудің қажеттілігін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Танатаров А.Б., Әлпеисов Ш.Ә., Досжанова С.Т.
Құс шаруашылығы. –Алматы, 2005. -311 б.
Садуақасов М.С., Ветеринариялық-санитариялық
гигиена. Алматы - 2008ж.

Садуақасов М.С.,Ауыл шаруашылық малдары мен
құстардың гигиенасы.Алматы-2010ж.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық құстар гигиенасы
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері
Құстар гигенасы
Бағалы терілі аңдар гигиенасы
Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу
Ірі қара малының гигиенасы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Түрлі жануар организміне ұстау әдісінің әсер етуін эксперимент жүзінде зерттеу
Биотехнология мамандығы
Құс шаруашылық кәсіпорындарын жобалау санитарлық - гигиеналық нормалары
Пәндер