атырлар жырының дү ниетанымд жә не тә рбиелік мә ні




Презентация қосу
ырлар жырының дүниетаным
және тәрбиелік мәні

Орындаған: Қамзанова Ж.Т-441
Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Ол жырларды
жыраулар шығарған, оларды жыраулар мен жыршылар домбыраға қосып, өз
әуендерімен айтады. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу
кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне,
Отанына деген сүйіспеншілігі - шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға
зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегі орындалады (Алпамыс, Қобыланды т.б.).
Батырлық жырлардағы оқиға жүйесі сенімді, нанымды, қызықты құрылады да, онда,
көбінесе тарихи деректер мен қиял-ғажайып оқиға суреттері аралас баяндалады, іс-
қимыл, ерлік жүйелі дамып, кейіпкерлердің бейнелері мен мінез-құлықтары әсерлі
суреттелінеді.
Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып, к өріктілігімен
көкейге көнеді; ол шаттандырады, онда ғы трагедиялы қ ж әне қуанышты жайларды
тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ысты қ жаспен, ынталы ы қыласпен қабылдайды.
Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар к өп бол ған.
Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны са қтап, өнегелі өмірге пайдалана
білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тар ғындай ер болуды, Қобыландыдай
батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.
Дене
шынықтыру
тәрбиесі

Еңбек Ақыл-ой
тәрбиесі тәрбиесі

Эпостық
жырларда
тәрбиенің
Еңбек алуан түрі
бар: Адамгершілік
сүйгіштік
тәрбиесі
тәрбие

Отан
Эстетикалық
сүйгіштік
тәрбие
тәрбие
Эпостық шығармаларда атқа шабу, мергеншілік,
найзагерлік, қылыш шабу шеберлігі дәріптеліп
жырланады. Халықтық шығармаларда бұл
өнерлер оңайлықпен келмейтіндігі суреттеледі.
Батыр мерген болу үшін әуелі мергеншілікке
үйреніп, мергеншілік мектебінен өтеді де үлкен
айқаста сынаққа түседі. Мысалы, Қобыланды
батыр алты жасынан бастап ат жалын тартып мініп,
мергеншілікті үйреніп, аң аулайды.
Өзі алты жасында
Кәмшат бөркі басында...
Қобыландыны барған соң,
Естеміс ерің баулыды,
Күнде киік аулайды,
Кездессе жауын жаулайды,-
деп халық батырдың алты жасынан-ақ ат шабуға,
мергеншілікке үйрене бастағанын басқаға үлгі
етеді. “Жақсы жігіт он бесінде баспын дейді,
жаман жігіт отызында жаспын дейді” деген
мақалды шығарған халық, әсірелеп
Қобыландыны алты жасынан-ақ алып етіп
көрсетеді. “Қобыланды батыр”
Е.Сорокин
Батырлық жырлардан тыңдаушы (не оқушы) сөз, әдеп,
ақыл, нақыл үйренеді, ерік,
қайрат, ес сияқты түсінік қабілеттерін ұшқырлайды,
шығармалардағы салыстырмалы
құбылыстарды талғай екшеп, дүниеге көзқарасын
қалыптастырады. Мысалы,
Қобыланды батыр жырындағы Қараман даңғой,
дүниеқор, соғысқұмар, ол осы
қылықтарынан соққы жеп отырады, жыр
даңғойлықты, дүниеқорлықты,
соғысқұмарлықты әшкерелеп, олардың зар-жапасын
баяндайды, тыңдаушыны ондай
мінез-құлықтан безіндіқастерлеп дәреді.
Халық елін қорғаған ерлерді жоғары бағалайды,
оларды дәріптейді. Қобыландыны:
Қолдекең сонда тарықты,
Батыр сөзге толықсып,
Көп ойлады халықты,-
деп жырласа, бірде оның Тоқтарбай үшін ғана емес,
халық үшін туған батыр екендігін
жыршы мақтаныш етіп, Аналық ананың аузына:
Өлгенде көрген кебеген
Ел тілеуін тілеген,-
деген сөз салады. Атаның баласы ғана емес, адамның
баласы екендігін айқындайды.
Батырлық жырларда “қанша батыр
болсаң да, басқыншылыққа барма,
еліңді
қорғау үшін жаныңда аяма” деген идея
бар. Ер Тарғын батыр:
Еділдің арғы жағына
Аттанбадым олжа үшін.
Сыңсып жатқан мал үшін
Аттанғаным кәуірге
Атамның ежелден ескі кегі бары үшін!-
дейді. Мұндай идея ғашықтық туралы
жырларда да бар.Өзіне қанша
жауыздық істесе де,Қозы Қодармен
достасуға тырысады, ел мен ерді
бүліншілікке ұшыратқысы келмейді.
Ол
іс-әрекет халыққа сүйкімді.
Батырлық жырлар осындай тәрбиелік әсер етумен қатар, өткен
замандардан мәлімет береді, жаңа заманның артықшылығын
қадірлеуге себепші болады, оймен бірге тілді де дамытады, халы қты ң
тұрмыс-салтын, ой-арманын айқындайды, жеке адамдарды ң өзін-өзі
тәрбиелеуіне, мінез-құлықтарының қалыптасуына себепші болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ә.Табылдиев “Қазақ этнопедагогикасы”

Ұқсас жұмыстар
Жеке қорғаныс құралдарының материалына қойылатын талаптар
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
Қартаю типтері туралы Мечниковтің теориясы және қазіргі заманғы қартаю туралы теориялар
Философтардың философия туралы түсініктері
Медиация процедурасын жүргізудің негізігі сатылары
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТАМАҚТАНУЫ
Аграрлық қатынастардың ерекшеліктері
Кітап беттерін жыртпа
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер