Сайтқа презентация қосу

Мыс және оның қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары

Тақ ырыбы: Мыс және оның
қорытпалары. Алюминий және оның қорытпалары.
Орындаған: Қайдыраш А. Тексерген: Тілеуғали Е.Т Топ: ХН-221

Мыс қорытпалары мыстың негізгі қасиеттерін (жоғары жылу және электр өткізгіштік, коррозияға төзімділік және т. б.) сақтай отырып, жоғары механикалық, технологиялық және антифрикциялық қасиеттерге ие. Технологиялық қасиеті бойынша мыс қорытпалары деформацияланатын және құйылатын, беріктену қабілеті бойынша термиялық өңдеумен беріктенетін және беріктенбейтін болып бөлінеді. Химиялық құрамы бойынша негізгі екі топқа бөлінеді: жез және қола. Жез. Негізгі қосынды элементі мырыш болып келетін, екі және көп компонентті негізгі мыс қорытпасын жез деп атайды. Практикада қолданылатын жездер бөлме температурасындағы құрылымына байланысты бір фазалық a - жез және екі фазалық (a +b) жез болып бөлінеді.

Екі фазалық (α +β) - жездер құрамында 55 61% мыс болады. Ең кеңінен таралған маркасы – Л59. Олар прутоктар түрінде шығарылып, кесіп өңдеу әртүрлі бөлшектер жасалады. Құрамындағы мырыштың мөлшері 40%-ке дейінгі жездердің пластикалық қасиеттері жоғары, кесу арқылы жақсы өңделеді және коррозияға төзімді болып келеді. Өндірісте қолданылатын жезде мырыштың мөлшері 42%-ке дейін болады, себебі одан көп болса, беріктігі күрт төмендеп кетеді.

Жез екі компонентті және көп компонентті болады. Екі компонентті (мыс – мырыш) деформацияланатын жезді Л (латунь) әрпімен және мыстың проценттік мөлшерін көрсететін екі орынды санмен маркалайды. Мысалы маркасы Л90 жезде 90% мыс, қалғаны 10% мырыш болады. Көп компонентті жездер құрамында алюминий, маргенец, қалайы, кремний, никель және т.б. қосындылы элементтер болады. Олар жезге әртүрлі қасиеттер беру үшін қосылады. Қалайы жездің теңіз суындағы коррозияға төзімділігін (морская латунь), ал марганец беріктілігі мен коррозияға төзімділігін арттырады. Алюминий жездің беріктілігін, коррозияға төзімділігін және сұйықтай аққыштығын арттырады. Кремний жездің құйылғыштық және механикалық қасиетін жақсартады. Қорғасын жездің кесумен өңделгіштігін (автоматтық жез ЛС59, құрамы 40% Zn және 1-2% Pb) және антифрикациялық қасиеттерін жақсартады. Жездің кейбір маркаларының механикалық қасиеттері 13.2- кестеде келтірілген.

Кесте 13.2. – Жездің кейбір маркаларының механикалық қасиеттері
Қорытпа атауы Томпак Полутомпак Темір-марганецті жез Қорғасынды жез Алюминийлі жез Алюминий-темір-марганецті жез Маркасы Образец текста σв, МПа 260 300 450 215 392 705 δ,% 45 58 50 20 15 7

– Деформацияланатын жездер Второй уровень
ТретийЛ90 уровень
– Четвертый уровень ЛК80 » Пятый уровень

ЛЖМц 59-1-1 ЛЦ40С ЛЦ30А3

Құйылатын жездер

ЛЦ23АЗЖ3Мц2

Мемлекеттік стандарт МЕСТ 15527-70 бойынша деформацияланатын жездері маркалағанда Л әрпінен кейін қосындылы элементтердің бірінші әріптерін жазып, мыстың және қосындылы элементтердің проценттік мөлшерін көрсететін сандар келтірілген. Қосындылы элементтер былай белгіленеді: А – алюминий, Н – никель, Ж – темір, Мц – маргенец, К – кремний, О – қалайы, С – қорғасын, Ф – фосфор және т.б. Мысалы деформацияланатын ЛАН - 59-3-2 маркалы жездің құрамы 59% мыс, 3% алюминий, 2% никель қалғаны 100- 64 =36% мырыш.

Алюминий қорытпалары деформацияланатын, құйылатын және ұнтақты металлургия тәсілімен алынатын болып үш топқа бөлінеді. Деформацияланатын алюминий қорытпалары жартылай дайын заттар (листтар, плиталар, прутоктар, құбырлар), поковкалар және штамповкалар алуға қолданылады. Құйылатын алюминий қорытпалары фасонды құйылмалар алуға қолданылады. Ұнтақты металлургия тәсілімен алынатын алюминий қорытпаларына алюминилі ұнтақтар (САП – спеченные алюминиевые порошки) және алюминилі қорытпалар (САС – спеченные алюминиевые сплавы) жатады. Оларды кейде алюминий негізіндегі дисперсиялық-беріктенетін композициялық қорытпалар деп атайды.

Деформацияланатын алюминий қорытпалары термиялық өңдеумен беріктенетін және термиялық өңдеумен беріктенбейтін болып бөлінеді. Термиялық өңдеумен беріктенетін қорытпаларға қатты күйінде ерігіштігі шектеулі қорытпалар жатады. Бұл топқа алюминийдің магниймен және кремниймен, алюминийдің мыспен және магниймен қорытпасы жатады. Термиялық өңдеумен беріктенбейтін қорытпаларға біртекті қатты ерітіндіден тұратын бір фазалы қорытпалар жатады. Бұл қорытпалардың беріктігі мен созымталдығы төмен болады. Кең таралғандары алюминийдің магниймен қорытпасы және алюминийдің марганецпен қорытпасы.

Құйылатын алюминий қорытпаларының ерекшелігі олардың құрылымында қорытпаның құйылғыштық қасиеттерін жақсартатын эвтектиканың (15 – 20%-ке дейін ) болуы. Қазіргі уақытта алюминий қорытпаларын маркалаудың екі түрі қолданылады: – әріпті-сандармен (13.1- кесте) – сандармен.

Кесте 13. – Алюминий қорытпаларын әріпті-сандармен маркалау
Топтастыру принципі

Образец текста

Қорытпалар Белгіленуі АМг, АМц Д1, Д2 АК6, АК8 В95, В96 САП, САС АЛ2 АМг5П

Химиялық құрамы бойынша – Третий уровень Қорытпа атауы бойынша Дюралюмин – Четвертый уровень Технологиялық міндеті бойынша Ковочный » Пятый уровень Қасиеттері бойынша Высокопрочный Жартылай фабрикаттар мен бұйымдар алу Спеченный литейный тәсілі бойынша Жартылай фабрикаттардың түрі бойынша Проволочный

Атауы – Второй уровень

Құйылатын алюминий қорытпалары. Құйылатын алюминий қорытпаларының ішіндегі ең көбірек тарағаны силуминдер деп аталатын, алюминийдің кремниймен (4– 13% Si) қорытпасы. Құйылатын алюминий қорытпаларын маркалағанда АЛ (алюминевый литейный) әріптерінен кейін реттік сандар жазылады. Силуминге магний, титан, берилий және басқа элемент қосып, модификациялайды (АЛ4, АЛ9) және қыздырып өңдеп беріктендіреді. Силуминнен құю әдістері арқылы аспап бөлшектерін, насос корпустарын, жұқа қабырғалы күрделі құйылмалар жасалынады. Деформацияланатын алюминий қорытпалары. Деформацияланатын және қызулық өңдеуде беріктенетін қорытпаның қатарына дюралюмин, соғылғыш, беріктігі жоғары және басқа алюминий қорытпалары жатады.

Алюминий – мыс (2,2..4,9%) – магний (0,4, ...2,4%) – марганец (0,4,...0,8%) қорытпасын дюралюмин деп атайды. Дюралюминді Д әріпімен және реттік сандармен маркалайды. Мысалы: Д1, Д16, Д19. Дюралюмин суықтай және ыстықтай күйде жақсы деформацияланады. Беріктігін жоғалылату үшін дуралюминді шынықтырып, бөлме температурасында 5...7 тәулік бойы табиғи ескіртеді немесе 150...180°С температурада 2...4 сағат жасанды ескіртеді. Сонда дюралюминнің механикалық қасиеттері жоғарылайды: σв = 490 ... 540 МПа, δ =11...14%. Соғылғыш алюминий қорытпасының химиялық құрамы дюралюминге жақын, ал созымталдық қасиеті жоғары келеді. Қызулық өңдеуі шынықтыру мен жасанды ескертуден тұрады. Алюминий – мырыш – магний – мыс жүйесіне марганец пен хром немесе цирконий қосылған қорытпаларды беріктігі жоғары алюминий қорытпалары деп атайды. Шынықтыру мен жасанды ескертуден кейін беріктігі жоғары болып келеді. (σв= 550 ... 700МПа). Деформацияланатын алюминий қорытпалары негізінен ұшақ жасау саласында қолданылады.

Алюминий – марганец (1,0...1,6%) және алюминий (1,8,...6,8 %) қорытпалары деформацияланатын, бірақ қызулық өңдеуде беріктенбейтін алюминий қорытпалары қатарына жатады. Альюминий – марганец қорытпасын АМц әріптерімен белгілейді. Алюминий – магний қорытпаларын маркалағанда АМг әріптеріне магний мөлшерін көрсететін сан жазады. Мысалы: АМг2 қорытпасының құрамында 2% тей магний бар, қалғаны алюминий. АМг2 қорытпасының беріктігін арттыру үшін және түйіршігін ұсақтау үшін қосымша марганец (0,2,..., 0,8%) қосады. АМг3 қорытпасының пісірілгіштігін жақсарту үшін 0,5...0,8% кремний, АМГ5 және АМг6 қорытпаларының коррозияға төзімділігін арттыру үшін аздаған титан мен берилий қосады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Электронды оқулық құрал «Строительные конструкции 1». Лаборатория «Мультимедия »Өскемен, Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2011. 2. С.Г. Кусябгалиев, В.В. Губарев, Б.С. Кенетбаев «Металлические конструкции» практикум для студентов строительных специальностей всех форм обучения. Раздел I.: Методическое пособие для вузов. - Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2003. - 61 с. 3. СНиП 11-23-81*. Стальные конструкции. Нормы проектирования: – М.: ЦНТП Госстроя СССР, 1990. –

НАЗАР АУДАРҒ АНДАРЫНЫ ЗҒ А РАХМЕТ


Пән: Химия



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь