Топырақ эрозиясы және оның зияндылығы
Презентация қосу
Топырақ эрозиясы және оның зияндылығы
Тексерген: Қаламов Б.Х
Орындаған: Қасен
Топ: АГ-313 IIIкурс
Топырақ эрозиясы және онымен күрес шаралары.
Адамдар өмірінде жер ерекше орын алады. Ол
біріншіден, адамдарды асыраушы жер-ана; екіншіден,
ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы,
үшіншіден, жер халық байлығы. Бүгінгі нарық
заманында, жер жекеменшікке берілгенде оны көздің
қарашығындай сақтау әрбір адамның, әр
маманның алдында тұрған басты міндет.
Топырақ эрозиясы ауылшаруашылық өндірісіне орасан зиян
келтіреді. Біріншіден, эрозияның әсерінен топырақтың беткі
қабаты желмен ұшып немесе сумен шайылып кетеді, сондықтан
шаруашылықар жердің құнарлы қабатынан, өсімдіктер коректік
заттардан айырылады. Мысалы, Якубовтың деректері бойынша
жердің 50 см қабаты желмен ұшып кетсе, қарашірігі аз құмдақ
топырақтың әр гектарынан 11-16 тонна гумус, 150-300 кг азот, 120 кг
фосфор жоғалатын көрінеді.
Францтың мәліметтеріне қарасақ, жел мен су жылда Еуропадан
840 млн тонна, Афркадан 21 млрд. тонна топрырақты мұқиттар мен
теңіздерге алып кетеді екен.
Бүкіл материк жыл сайын эрозияның кесірінен жердің беткі 2 см
қабатынан айырылады. Сондықтан, топырақтың қарашірігі кемиді.
Мысалы, А.А.Зайцевваның зерттеулері бойынша Павлодар
облысында топырақ эрозияға ұшырамағанша оның қарашірік
мөлшері 2-3 пайыз болса, ал эрозиядан кейін 0,8-1,5 пайыз қалған.
Табиғатта 2,5 см жердің беткі гумустық қабаты түзілу үшін 300 ден
1000 жылға дейін уақыт керек.
Топырақ эрозиясымен күрес шаралары.
Су эрозиясымен күресуде шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің
маңызы зор. Бұл әсіресе бедері күрделі болып келетін таулы жерлерде және тау
бөктерінде орналасқан шаруашылықтар үшін өте қажет. Су эрозиясына дөңес
жерде орналасқан танапар өте бейім болады. Сондықтан, мұндай топырақты жиі
қопсыта беруді қажет етпейтін дақылдар егу керек. Дөңес жерлердің топырағын су
эрозиясынан қорғау шараларының ішінде дақылдарды еңіске көлденең, контур
бойынша егу керек.
Эрозия кезінде қатты соққан жел жердің үстіңгі қабатындағы топырақты ұшырып,
дақылдардың тамыры ашылып қалады. Ұшырылған топырақ түйіршіктері
дақылдардың жапырағын зақымдайды. Ықтау жердегі өсімдіктердің көміліп
қалуына әкеліп соғады, ал кей жағдайда егістікті көшкін топырақ басып қалады да
егіннен ешқандай өнім алынбайды. Эрозия зардабынан өнім кемуінің м өлшеріне
байланысты дақылдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мақта, күнбағыс, картоп,
темекі, сәбіз, тары, күздік, жаздық бидайлар, жүгері, көкөніс дақылдары жатады.
Бұл дақылдар өнімін қатты төмендетеді. Мысалы, топырағы эрозияға аздап
ұшыраған жерлерде аталған дақылдардың өнімі 10-30% кемиді, орташа б үлінген
жерлерде –30-70, ал қатты бүлінген жерлерде-65-90 пайыз кемиді.
Эрозияның пайда болу факторлары.
Топырақ эрозиясы негізінен екі фактордың
әсерінен пайда болады. Олар: табиғи және
адамдардың шаруашылық іс әрекеті (антропогендік
факторлар).
Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ
және өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттың
ішінде топырақ эрозиясын тудыратын ең басты
фактор – жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы
пайда болады. Ол әсіресе қуаңшыл және өсімдік
жамылғысы нашар, топырағының гранулометриялық
құрамы жеңіл аймақтарда күшті әсер етеді. Жел
эрозиясының пайда болуы, желдің жылдамдығына
байланысты. П.С.Захаровтың деректері бойынша
жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің
жылдамдығы секундына 8-12 м болғанда эрозия
Жел эрозиясымен күрес шаралары
Академик А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-
зерттеу астық шаруашылығы, академик В.Р.Вильямс
атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік
институттарының және көптеген ғылыми-зерттеу
мекемелерінің ғалымдары жел эрозиясымен күрес
шараларын зерттеп, оларды өндіріске кеңінен енгізді.
Осы шаралардың бастылары мыналар:
1. Топырақты аударып жыртпай, оның бетінде аңыз
қалдыру және басқа өсімдік қалдықтарын сақтау.
Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелерінің
деректері бойынша өңделгеннен соң танапта 70 % дейін
немесе әр шаршы метр жерде 200-300 дана аңыз
сақталса жел эрозиясы болмайды екен. Ол үшін
топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Оларға
топырақты сыдыра қопсытатын, танап үстіндегі
аңыздарға онша көп зақым келтірмейтін, жерді терең
өңдеуге арналған жазықтабанды КПГ-250, КПГ-2-150,
Назарларынызга рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz