Жасуша органоидтары Ядро Ядролық мембрана


Slide 1

Жасуша органоидтары Ядро Ядролық мембрана

Орындаған: Сахипжанова Д.

Токтагулова А.

Slide 2

Жасуша

Тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.

Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук енгізген.

Slide 3

Митохондрии

Гольджи жиынтығы

Эндоплазмалық тор

Пластидтер

Центриольдер

Рибосома

Микротүтікшелер

Цитоплазма

Вакуоль

Лизосома

Лизосома

Жасуша органоидтары

Slide 4

Цитоплазма

жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі.

Slide 5

Митохондрия

Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.

Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0, 2 - 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады.

Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат - аденозин үш фосфор қышқылы

Slide 6

Эндоплазмалық тор

жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады.

Slide 7

Вакуоль

Клетка шырынына толық қуыс, ол цитоплазмада тонопласт арқылы бөленіп тұрады. Вакуоль эндоплазматикалық ретикулумның локальдық кеңістігінен пайда болады, онда клетка шырыны жиналады.

Slide 8

Рибосома

Ақуыз синтезін жүзіге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: улкен және кіші өлшем бірлігінен турады. Нәруыздар биосинтезін іске асырады.

Slide 9

Лизосома

домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

Slide 10

Жасушалық мембрана

жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын жасуша органоиды.

Оның қалыңдығы 7 - 10 нм.

Негізінен жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады.

Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады.

Slide 11

Гольджи жиынтығы

бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 - 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады.

Slide 12

Жасуша орталығы

Целиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Бұл органоид жасушанын бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді. Олар хромосомалардын полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.

Slide 13

Пластидтер

Эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі.

Түсі бойынша жасыл пластидтер - хлоропласттар, сары -ашык қызыл және қызыл - хромопласттар, түссіз - лейкопласттар.

Slide 14

Ядро

организмдегі протеиндік алмасуды реттеу арқылы тұқымқуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.

Slide 15

Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік) . Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.

Slide 16

Жануарлар мен өсімдіктердік жасушасының ортақ органоидтері:

ядро, вакуоль, рибосомы, лизосомы, митохондрия, ЭПТ, Гольджи жиынтығы, цитоплазма

Жануарлар жасушасы:

Центриоль

Гликоген

Өсімдік жасушасы:

Пластидтер

Целлюлоза

Ірі вакуоль

Микротрубочки

Лизосома

Slide 17

Ядролық мембрана - ядро мен цитоплазманың арасындағы зат алмасу қызметін атқарып, оларды екіге айырып тұратын қабат.

Ядро екі мембранадан тұратын қабықшамен қоршалған. Сыртқы ядролық мембрана рибосомалармен қапталған, ішкі мембрана тегіс болады. Сыртқы ядролық мембрананың өсінділері эндоплазмалық тордың өзектерімен (каналдарымен) байланысады да, біртұтас өзектер жүйесін құрайды.

Ядроның тіршілік әрекетінде ядро мен цитоплазма арасындағы зат алмасу басты рөл аткарады. Ядролық мембрананың көптеген саңылаулары болады. Осы саңылаулар арқылы ядро мен цитоплазма арасында молекула алмасуы жүреді. Ядро мен цитоплазма арасында зат алмасу белсенді түрде жүргенімен, ядро қабықшасы ядроның құрамын цитоплазмадан бөліп тұрады.

Slide 18

Кариоплазма - ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын қоймалжың зат.

Кей жерлерде кариотеканың сыртқы және ішкі мембраналары қосылып, сол жерде саңылау пайда болады.


Ұқсас жұмыстар
Прокариоттық жасуша
Қосмембраналы органоидтар
«Жасуша органоидтары»
Ядро мембранасы тор
Клетка және органоидтардың құрылысы
Жасуша орталығы
Ядролық мембрана
Цитоплазма - жасушаның негізгі бөлігі
Қос мембраналары органоидтар. Пластидтер. Ядро. Митохондрия
Клетка органоидтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz