Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеті

БӨЖ №2

Тақырыбы: Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері.

Орындаған: ЖайсанбаеваС. Ж.

Тексерген: Мадыбекова А. С.

Топ: БЛ - 309

Семей 2015

Slide 2

Киттәрізділер

Киттәрізділердің денесі ірі, барлық өмірін суда өткізеді. Осыған байланысты құрлықта, тіршілік ететін сүтқоректілерден көп айырмашылығы бар. Дене пішіні балық тәрізді басы үлкен мойыны білінбейді. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Денесінде түгі болмайды, терісінде тер және май бездері болмайды. Бір жұп сүт безі болады. Ең үлкен киттердің тері астындағы майының қалындығы 50 см-дей. Үлкен киттердің (көк кит) жүрегі бір тоннадай, сүйектерінің салмағы да сондай. Бауырдың салмағы 3 тонна, ал өкпесінде 14000 литр ауа сияды. Өкпеден баска ауа кіретін қапшалары да бар. Киттәрізділердің көпшілігі су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды. Кашалоттар 300 м терендікте сүңги алады. Киттердің есту мүшелері жақсы жетілген. Олар дыбыстарды 10-12 шақырым жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу мүшелері жойылған.

Slide 3 Slide 4

Киттәрізділер

Тісті киттер

Тіссіз киттер

Дельфиндер

Нарвалдар

Гангстық дельфин

Лаплаттық дельфин

Теңіз шошқасы

Өзен дельфиндері

Мұрын тұмсықтылар

Аласа кашалоттар

Кашалоттар

Жолақтылар

Сұр киттер

Тегіс киттер

Карлик киттер

Slide 5

Дельфин- сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір - он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен

ашылады, сол арқылы дельфиндер

оқтын-оқтын су бетіне

көтеріліп, ауамен тыныс алады.

Slide 6

Ақ дельфин (лат. Delphinapterus leucas) - нарвалдар тұқымдасының ақ дельфин түр тармағына жататын сүтқоректі. Туыстың жалғаз түрі. Дене ұзындығы 6 м, салмағы 2 т, басы дөңгеленген, кішірек. Дене түсі жасына байланысты өзгереді: жаңа туған дельфин (ұзындығы 1, 5-1, 6 м) ақшыл-сұр соңынан караяды содан кейін түсі сүрланады ересектерінің түсі ақ. Арктика, Чукотка, Беринг жәнеОхота теңіздерінде таралған, кейде оңтүстік аймақтарында кездеседі. Балық және шаянтәрізділермен қоректенеді. Жүйелі түрде орын ауыстырып тұрады жазда су жағалауымен ашық теңізде, қыста жусарда мекендейді. Балық соңында өзенге 100 шақырымға дейін жүзіп көтеріледі. Еріксіздікке төзімді. Шектелген кәсіпшілік нысан

Slide 7

Кашалот (лат. Physeter macrocephalus) - тісті киттер отряд тармағының кашалоттар тұқымдасына жататын теңіз сүтқоректісі. Аталықтарының ұзындығы 21 м, аналықтары 13 м. Басы ерекше үлкен, (үстінгі жақтарының алдыңғы жағында спермацеттік мүшесі орналасқан) . Астыңғы жақтарында 36-60 түстері бар. Түсі бурылдан қара, коңырға дейін өзгеріп тұрады. Жыныс мүшелері толық 5-6 жасында жетіледі. Аталықтары мұхит кеңістігінде еркін жүзіп, орын ауыстырумен болады, ал аналықтары топтасып, мұхиттың жылы жақ кеңістігін мекендейді. Буаздығы 16-17 айға созылады, сүттілігі, 18 ай. 50 жыл өмір сүреді. Басаяқтылармен қоректенеді. Судың астында 1, 5 сағаттай бола алады

Slide 8

Мұртты киттер

Slide 9

Ақ жолақты киттер

Төменгі жақ сүйегі иілген, басы денесінің төрттен бір бөлігін алады. Ақ жолақты киттер басқа киттерге қарағанда кішірек. Олардың тері астында май қабаты жақсы жетілген. Екі су атпасы бар. Танау тесігі төбесіне қарай орналасқан. Олардың түсі - қара бурыл, ал балаларының түсі көгілдір сұр түсті болады. Ақ жолақты киттер танау тесігі арқылы су бетінде тыныс алады. Солтүстік ақ жолақты киттерінің аналықтарының ұзындығы - 15, 2 метр, аталықтары 13, 7 метр болады. Бұл киттер балаларын 1 жылға дейін емізеді. Бұл кезде балаларының ұзындығы 8, 5 метрге дейін жетеді. Жаңа туылған баласының ұзындығы 4, 8-6 метр шамасында. Олар бунақденелілер мен крильдерді сүзіп қоректенеді. Олар тәулігіне 1190 келі тамақ жейді. Қоректену кезінде топтасып жүреді.

Slide 10

Тегіс киттер (лат. Balaenidae) - мұртты киттер тұқымдасы. Ұзындығы, 5-21 м-ге дейін. Іші тегіс немесе жатық қатпарсыз. Мойыномыртқалары қосылған. Мұрттарының тақтайшасы жіңішке, ұзын, серпімді. Алдыңғы екі тақтайшасының екі қатары тұтаспайды, тақтайша шашақтары жіңішке, түктілі, (өте ұсақ шаяндарды сүзу үшін) . Су атпасы 2-ге бөлінеді. 2 туысы, 4 түрі бар: гренландық кит және оңтүстік киттер (3 түр) . Сүттенуі 1 жылдай. Саны аз. Бірінші 2 түрі ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына еңгізілген

Slide 11

Карлик киттер

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі,сыртқы құрылысы
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрылысы туралы ақпарат
Кит тәрізділер отряды, негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрлысы
Сүліктер класы
Бунақденелілердің классификациясы
Қаздар тұқымдасы
Жорғалаушылар - құрлықта тіршілік ететін алғашқы омыртқалы жануарлар
Теңқанаттылар отряды Homoptera
Жорғалаушылар
Тақтұяқтылар отрядының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz