Тамыржемістілер Қызылша


Slide 1

Тамыржемістілер Қызылша

Slide 2

Асханалық қызылша - екі жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, кіндік тамыры 2, 7 м, ал бүйірлік тамырлары 2 метрге дейін бойлайды. Жапырақтары сағақты, жалпақ, үшбұрышты немесе ұзынша келген, шеттері кедір-бұдырлы. Сұрпына қарай жапырақтарының түсі әр түрлі деңгейдегі көк реңді жасыл болады. Тамыр жемісінің пішіні жайпақтан ұзынша-шошаққа дейін өзгереді. Тамыржемістілердің ішінде асханалық қызылша - ең жылу сүйгіші. Оның тұқымы 6-8°C-да өне бастайды, ал өнуге оңтайлы температура -11°C. Өскіндері 2-3°C бозқыраудан зақым шегеді, бірақ ересек өсімдіктері өткінші 3-4°С бозқырауға төтеп береді.

Slide 3 Slide 4

Жапырақтары үшбұрыш немесе сопақтау, жиегі жиі толқын тәрізді, жапырақтың пішіні өсімдіктің жасына және өсіру ерекшелігіне байланысты болады. Ескірген және үлкен жапырақтар сыртында орналасады. Жапырақтың пішіні мен көлемі өсіру ерекшелігіне байланысты. Жапырақтың беті тегіс, толқынды, қатты толқынды болып келеді. Жапырақтарының түсі сорт айырудың негізгі белгісі болып табылады. Ол жасыл, қызыл немесе қанық қызыл аралығында боялады. Жапырақтың түсі өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Жастары ақшылдау, ескірген сайын бояуы қоюланып, өлетін кезінде қоңыр түске боялады. Өсірудің ерекшеліктері өсімдік жапырағының түсіне әсерін тигізеді. Төмен температура және аздаған үсік жапыраққа антоциан пигментациясының күшеюіне алып келеді. Жоғарғы температурада жапырақтың қызаруына ықпал етеді. Топырақтың ылғалдылығының төмендеуі немесе жоғарлауы жапырақтың түсіне, қызыл пигментациялы өң береді. Гүлдену биологиясы. Қызылшаның гүлденуі тұқымдықты еккеннен кейін 50-60 күннен кейін басталады. Ұзақтығы сыртқы ортаның әсерінен 30-50 күн аралығын құрайды. Ыстық және де құрғақ ауа болғанда гүлдену өзінің шегіне жылдам жетеді. Ең бірінші негізгі осьтегі гүлдер, содан соң бұтағының екінші және кейінгі қатарындағы гүлдер гүлдейді. Гүлдер таңғы 7-8-дерде ашылады.

Slide 5

Асханалық қызылшаның химиялық құрамы (%) 10, 02-11, 49 қант, 1, 27-1, 35 азотты қосылыстар, 0, 71-1, 02 клетчатка, 0, 85-1, 04 күл, 91, 6-83, 97 су. Қызылшаның құрамында қант, белок, органикалық қышқылдар, клетчатка, 37-41 мг процент Р витамині, С витамині (жапыр ақтарында 60 мг процент) және минералдық тұздар бар. В1 (тиамин), сондай-ақ В6, В2, РР, Р дәрумендері, фолий және пантотен қышқылдары бар. Қызылшадағы Р дәруменінің болуы, оның емдік қасиетін арттыра түседі

Slide 6

АСХАНАЛЫҚ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АГРОТЕХНИКАСЫ.

Асханалық қызылшаны орамжапырақтан, картоптан, қиярдан, қызанақтан, асбұршақтан кейін өсіреді. Сүдігерді 30-32 см тереңдікке жыртады. Жырту көкжиегі саяз болса топырақ тереңдеткішті қолданады. Тыңайтқыш мол енгізілген жерде жоғары өнім береді. 100 ц өніммен топырақтан 45 кг азот, 16 кг фосфор және 65 кг калий алып шығады. Сондықтан сүдігер көтергенде әр гектарға жақсы шіріген 20-30 т көң, 2-2, 5 ц суперфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізу ұсынылады. Егер күзде тыңайтқыш енгізілмесе көктемгі культивацияның алдында гектарына 15 тонна қарашірінді, 1, 5 ц аммиак селитрасы, 1-1, 5 ц суперфосфат және 0, 5 хлорлы калий енгізіледі.

Ерте көктемде сүдігерге екі ізбен тырма жібереді, топырақтың физикалық пісіп-жетілген кезінде арамшөптердің өнуіне ықпал жасау үшін 8-10 см тереңдікке культивация жүргізіп, тығыздағыштармен топырақты тығыздайды. Екінші культивацияны 6-7 см тереңдікке, тұқым себуден 1-2 сағат бұрын жүргізеді. Арамшөптермен күресу үшін гербицидтер қолданылады. Тұқым сепкенше, тұқымммен бірге немесе өскін пайда болғанша вензарды (1-2 л/га), пирамин ФЛ-ды (6-8 л/га), голтиксті (5-6 л/га) бүркеді; өскінге (қызылшаның 2 нағыз жапырағы кезеңінде) - бурефен ФД-11-ді (4-6 л/га) . Бір жылдық астық тұқымдас арамшөптердің 2-6 жапырақ кезеңінде набу (1-3 л/га), тарга супер (1-2 л/га), фуроре супер (0, 8-1, 2 л/га), фюзилад супер 125 (1-2 л/га) қолданылады; көп жылдық астық тұқымдас арамшөптердің биіктігі 10-15 см жеткенде - набу супер (3-5 л/га), тарга супер (2-3 л/га), фюзилад супер 125 (2-4 л/га) .

Асханалық қызылшаның тұқымын себуге дайындаудың бірнеше тәсілі бар: суда және қоректік ерітіндіде шылау, тарының сіріндісімен өңдеу, дражелеу, фракцияларға (ірі 5-6 мм, орташа 3-4 мм және ұсақ 1, 5-2 мм) бөлу, тұқымды оттекпен қанықтыру (барботылау) .

Екі рет үстеп қоректендіреді: кәдімгі 3-5 жапырақ пайда болғанда (1 гектарға 1 ц аммиак селитрасы, 1 ц суперфосфат және 0, 5 ц хлорлы калий) және біріншіден 20-30 тәулік өткен соң (1 га 1-1, 5 ц суперфосфат, 0, 5 ц хлорлы калий және 0, 5 ц аммиак селитрасы) .

Slide 7 Slide 8

ЖИНАУ ЖӘНЕ САҚТАУ. Қызылшаны байлам өнім үшін жинауды маусымның соңы - шілденің басында, тамыржемістерінің диаметрі 3-4 см жеткенде бастайды. Оларды жапырағымен жұлып, топырағынан тазалап, жәшікке салып жедел сату орындарына жөнелтеді. Тоңазытқыштарда аз уақытқа 0ºС-да сақтауға болады. Шілденің екінші жартысында қызылшаның тамыр жемістері әжептәуір іріленеді, сондықтан жапырақсыз сатуға жарайды. Іріктеп жинаған кезде оларды жұлып алады, себебі жаппай жинағанға дейін олар тым іріленіп кетеді.

Жаппай жинауды қыркүйектің соңында бастайды, да 2-3ºС аяз түскенше аяқтайды. Тамыр жемістерін СНШ-3, СНУ-3Р қызылша - қопарғыштарымен, жазық тілгішпен қазып, сосын үймеге жинайды. Жапырақтарын кеспейді, бұрап тастайды, себебі кескенде шырыны тым көп шығындалады.

Тамыржемістерін үлгіқалыптың талабына сай сұрыптайды: ұсақтарын -диаметрі 3-5 см қыста, ерте көктемде жылыжайда және булыжайда көктетуге пайдаланады немесе малға береді.

Қысқы сақтауға қызылшаны тұрақты суық басталғанша салады. Қызылшаны сақталғыш тамыржемісі ретінде, белсенді желдеткіші бар тұрақты қоймаларда биіктігі 3-3, 5 метрлік үймелерде сақтайды. Өздігінен желдетілетін қоймаларда ені 2 м сусектерде қызылшаны 1, 5-2 м қалыңдықпен сақтайды. Қызылшаны табиғи немесе белсенді желдеткіші бар көмбелерде де жақсы сақтауға болады. Оларды сақтағанда қызылшаны ордың шетіне 0, 1-0, 2 м жеткізбей бос төгеді. Алдымен 0, 2 м топырақпен жабады, салқындағаннан кейін - 0, 2-0, 3 м сабанмен, сосын қайтадан - 0, 3 м топырақпен, сақтау кезіндегі температура - 1-3оC жылылық, ауаның салыстырмалы дымқылдығы -85-90ºC.

1722-85 МҮҚ бойынша асханалық қызылшаның тамыржемісі бүтін, жас, кінәратсыз, құрғақ, ластанбаған, зиянкестермен зақымданбаған, бір ботаникалық сұрыптікі, сағағының ұзындығы 2 см аспайтын болуы керек. Еті шырынды, күңгірт қызыл. Тамыр жемісінің диаметрінің ең үлкен көлденең кесіндісі 5-14 см.

Slide 9

СҰРЫПТАР. Қазақстанның солтүстігінде қызылшаның мынадай сұрыптары өсіріледі:

Бордо 237. БО көкөніс дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, өсінді кезеңі 100-110 тәуліктік сұрып. Гүлсымақтануға және ауруларға төзімді. Негізінен күзде-қыста пайдалану үшін өсіріледі. Жемісінің пішіні домалақ, орташа массасы 238 г. Сақталғыштығы және дәмдік сапасы жақсы. Жинауы жеңіл, себебі тамыр жемісі топраққа жартылай ене өседі. Тамыржемісінің өнімі - 145-375 ц/га.

Одноростковая. БО көкөніс дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Өсінді кезеңі - 76-83 тәулік. Тамыржемістерінің өнімі - 510-780 ц/га, тауарлысы - 470-745 ц/га. Тамыржемісінің орташа массасы - 365 297-390 г. Тамыр жемістері шамалы тарамдалады, топырақтан жеңіл жұлынды. Дәмдік сапасы өте жоғары. Сиретуді қажет етпейді. Себу мөлшері - 10 кг/га.

Холодостойкая 19. Белорус картоп шаруашылығы және жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, өсінді кезеңі 103 тәуліктік сұрып. Тамыржемістері топырақтан жеңіл жұлынады, оның орташа массасы - 366 г.

Пабло F1 - голландия буданы. Буданның айырмашылық ерекшілігі - домалақ пішінді тамыр жемісінің қабығының жұқалығы, пәлектің қызылшаға тән емес әлсіз дамуы және тамыржемісінің ұшының жіңішкелігі. Тамыржемісі топрақтан кез келген, тіпті ылғалды ауа райында да жеңіл жұлынады және оған топырақ жұқпайды. Тамыржемістері біркелкі, сүйкімді, орташа массасы 260-600 г, ұпайы - 4, еті нәзік, сақинасыз.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Көкөністердің жыныстық жолмен көбеюі
Қызанақ дақылы
Вегетативті көкөністерді сақтау ерекшеліктері
Көкөністердің ауыспалы егістік танабы мен өсіру әдістері
Қызылша
Қант қызылшасының зиянкестері
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы
Алабота - біржылдық шөп текті өсімдік
Жұқпалы аурудың көзі - тек қана науқас адам
Өрт сөндіру қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz