Тіл стильдері: ғылыми, ресми іс-қағаз, публицистикалық, көркем және ауызекі стильдердің түрлері мен тілдік ерекшеліктері


Slide 1

Мәтіндердің ғылыми, ресми іс- қағаздар, публицистикалық стильдері

ОРЫНДАҒАН: ҚАСЕНОВА ӘСЕЛ

ТЕКСЕРГЕН: ТОКСЕИТОВА А. С.

Slide 2

Стиль - латынша stylos (қазақша - жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған . Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Стиль терминінің кең мағынасы - сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы - жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді.

Slide 3

СТИЛЬДЕР:

РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ

СТИЛІ

Slide 4

Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым - қатынаста болады. Сол арқылы тіршілік жасайды, білім, тәжірибе жинайды, жетіледі, өседі. Ал қарым - қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады. Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады. Ауызекі сөйлеу стилі - қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.

Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:

1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу) ;

2) полемикалық (дауласу) сөз;

3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция) .

Slide 5

Іс қағаздар дегеніміз-жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.

Іс қағаздарының мынадай түрлері бар:

1. Әр түрлі мазмұндағы арыздар.

2. Өмірбаян .

3. Анықтама, түсінікхат, ақпар, есеп, хабарлау т. б.

4. Іс жөнінде мәлімет (хат) алысу, келісім жасасу, шешім шығару, хабарлау т. б.

5. Мекемеде өткен мәжілістердің жүрісін, шешімін баяндайтын құжат - хаттама.

6. Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, мінездеме, ұсыныс т. б.

Slide 6

Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайданылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады. Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттға да ие болады. Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.

Slide 7

Ғылыми-стиль - стильдің ғылым саласында қолданылатын бір түрі. Ғылыми-стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми-стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер т. б. жатады.

Slide 8

Стильдердің қолданылу аясы

Slide 9

Стильдердің ерекшелігі

Slide 10

Стильдердің тілдік құралдары:

Ғылыми стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.

Ресми іс-қағаздар стилінде -кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы өйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады.

Публицистикалық стильде - риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдаланылады.

Көркем әдебиет стилінде - ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары(теңеу, метафора) қолданады.

Ауызекі сөйлеу стилінде - қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді

Slide 11

Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылы-сүйгіш ағаштар қатарына жатады.

Ғылыми стиль

Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағы-дай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді.

Көркем әдебиет стилі

Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын.

Ресми іс -қағаз стилі

Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма берді?

Ережелерді жаттауға берді.

Ауызекі сөйлеу стилі

9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыз-дың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.

Публицисти-калық стиль

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Тіл стильдері және ресми іс-қағаздар стилінің ерекшеліктері
Ресми іс-қағаздар стилі: түрлері, құрылымы және тілдік ерекшеліктері
Тіл стильдері: түрлері, қолданылуы және тілдік құралдары
Ғылыми және публицистикалық стильдердің салыстырмалы талдауы
Қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері: публицистикалық стильдің тарихы, жанрлары және тілдік ерекшеліктері
Қазақ әдеби тілінің стильдері: түрлері, қызметі және тілдік құралдары
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздарының түрлері, қызметтері мен стильдік ерекшеліктері
Қазақ әдеби тілінің стильдері: түрлері, ерекшеліктері және қолданылу аясы
XX ғасырдың басындағы қазақ ресми іс қағаздарының тілдік ерекшеліктері
Тіл стильдерінің түрлері мен негізгі ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz