«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтықмұсылмандық философия»


Slide 1

«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия»

Slide 2

Араб тілді философия

Арабтардың ықпалында болған және Орта Шығыс халықтары мен арабтар жасаған философияны айтады. Ортағасырда философияны негіздеуге атсалысқандар түрлі ұлттардың өкілдері болғанмен өз еңбектерін бәрі де араб тілінде жазғандықтан, “араб философиясы” емес, “арабтілді философия” деп атау қабылданған.

Орта ғасырлық арабтілді философия дамуы

1. VII-IXғғ - арабтілді философияның тууы мен қалыптасуы

2. IX-XVғғ -арабтілді философияның ежелгі грек философиясын қабылдауы, игеруі. Арабтілді философияның араб-грек философиясына айналуы.

Мутакаллимдер мектебі

Мутазилиттер мектебі

суфизм

Радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.

Ислам философиясын дамытқанымен, кейбір мәселелерді материалистик тұрғыдан түсіндірді. Мысалы:

1. Исламның дамуының жаратылуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазылуы, т. б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді;

2. Құдай туралы антропоморфты түсінікті(Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді;

3. Құдай мен Әлемді бір деп жариялады;

4. Адам ақылының күшіне сенді;

5. Адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенді.

(“суф” - “жүн шекпен киген адам”; “саф”, “сафа”- “тазалық”; “сафуа”- “таңдаулы болу” деген мағыналар гректің “софос”- “даналық” сөзінен алынған) . Суфизм - адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұ дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнау. Суфизм аскетизм, мистиканы жоғары игілік деп есептейді.

Бірінші кезеңдегі негізгі бағыттар:

Slide 3

II ғасырда европаландырылған арабтілді философияының қалыптасуына үлес қосқан философтар:

Әл Кинди

Әл Фараби

Ибн Сина(Авицина)

Ибн Рушд(Аверроэс)

1. Медицина мен жаратылыстану саласындағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеалардың күшеюі;

2. Ежелгігрек философиялық идеаларының енуі нәтижесінде араб философиясына айналуы;

IX ғасырда араб философияның жаңа, II кезеңі басталады

Slide 4

Ибн Рушд(1126-1198)

Араб философтарының ішіндегі Европаға танымалы арі ең әйгілісі болды.

Ибн Рушд мұсылмандық Испанияда өмір сүрді және батысараб-европалық философия өкіліне айналды. Ол Европаға кең тарап, католицизм мен схоластикаға қарсы шыққан аверроистік философияны жасады.

Ибн Рушд философиясы материалистік негізде және араб философиясының озық ойларымен жүйеленіп, өңделген Аристотель ілімінің синтезі түрінде қалыптасты.

Slide 5

Әл Кинди(800-879)

Араб философиясын европаландыруға алғашқы қадам жасаған алғашқы ойшыл. Бірінші болып арабтарғаежелгі грек философиясын, Аристотельді ашты. Аристотель философиясының әдісімен категориялар ұғымы, логика, таным туралы ілім, т. б материалистік идеалар жетті. Сонымен қатар, Әл Кинди өз заман үшін ревалюциялық мәні бар идеаны - адам ақылының дүниені тани алатының жариялады және ғылыми танымның ақиқат білімге апаратын үш сатысын жіктеді: Логикалық материалистік Ғылыми жаратылыстық метафизикалық(философиялық) Әл Кинди пікірінше, ақыл ғана таным көзі бола алады

Slide 6

Әл Фараби(870-950)

Әбу Насыр Әл-Фараби (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби(870-950ж. ш. ) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «. . . философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді»

Slide 7

Ибн Сина(980-1037)

Араб философиясын жаңа деңгейге көтерген ойшыл.

Ибн Сина:

Мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизм әжуалады.

Философияны діннен ажыратуға тырысты

Философия адам ақылының жетістіктерін жүйелейтін дербес ғылым деп есептеді

Философиялық идеаларды жаратылыстаным ғылымының, өзінің медициналық жаңалықтарын енгізді

Құдайдың бар екенін мойындағанымен, оның құдіретінің шексіздігіне күмән келтірді.

Slide 8

Мұсылман философиясының түрлері

Мұсылмандық философияның ең бірінші түрі КАЛАМ деп аталады. Xғ мұсылмандық (Батыс және Шығыс) перипатетизм(аристотелизм) дамыды. Мұсылмандық философияда маңызды орынды мистикалық философия(суфизм) иеленді. Калам VIII-XV ғ мұсылмандық философиядағы ағымның атауы(арабтың “калам” сөзі “әңгіме”, “ойтолғау” мағынасын береді) . Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды жақтаушылар мутакаллимдер деп аталады. Каламды “мұсылмандық схоластика” деп атауға болады: калам исламдағы діни идеаларды рационалды тұрғыдан негіздеудің алғашқы талпынысы. Ортағасырлық дәуірдегі европалық схоластика сияқты, калам да мұсылмандық мәдениетте “құдайтанудың қызметшісі” рөлін атқарады.

Калам да христиандық философия сияқты, антикалық философияға екіұдай қатынасты ұсынады: мұсылмандық ойшылдардың бірі антикалық философияны білу-діни сенім ақиқаттарын терең түсіну үшін қажет деп санаса, екіншілері философияны білу қажеттінің бәрі Құран деп сенді. Араб авторларының бірінде калам туралы: “калам - философтардың метафизикасын терістеу үшін - Құдай, оның атрибуттары және ислам заңдары бойынша болуы мүмкін, нәрселердің шарттары туралы ілім” деген анықтама берді.

Каламның даму тарихы мынандай кезеңдерге жіктеледі:

Алғашқы кезең (VII соңы-VIII ғ басы аралығы) . Өз дамуының алғашқы кезеңінде калам мұсылмандық құдайтану шеңберінде дамыды. Бұл кезеңде иудаизм мен христиандық діндер өкілдерімен жүргізілетін полемика маңызды орында. Кең талданатын орталық мәселелерге мыналар жатады:

Үлкен және кіші күнәлар мәселесі. Олардың ара-жігін ажырату және ұлы күнә жасаған адам статусы, яғни содан кейін де ол мұсылман болып қалама?


Ұқсас жұмыстар
Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия
Орта ғасырдағы мәдениет
Ортағасырлық философияның негізгі сипаттамалары
Схоластика кезеңдері
Орта ғасыр мәдинетінің адамы
Мұсылман философиясы
Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері
Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz