Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы : Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. Балалар
психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері
Орындаған : Теміржан Д.С.
Тексерген :Кулмышева Н.А.
Семей 2015
Жоспар:
1.Бала психологиясы – баланың психологиялық даму
ерекшіліктері туралы ғылым
2.Балалар психология пәні. Міндеттері
3.Бала психологисының даму тарихы
4.Бала психологиясының дамуына үлес қосқан ғалымдар және
теориялар
5.Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен
байланысы.
1. Балалар психологиясы баланың психологиялық
даму факторлары мен заңдылықтарын, оның
іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер
мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке
басының психологиялық ерекшеліктерінің
қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар
психикалық дамудың маңызды жағын баланың
бойындағы психикалық үдерістер мен
сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін,
қиял, ойлау, сөйлеу және мінез-құлық
ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне
байланысты дамудың бастапқы формаларының
пайда болуы, өзгеруі және жетілуі туралы
мәселелерді жан-жақты қарастырады.
Балалар психологиясының маңызды міндеті – әр жас
кезеңіндегі баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер
ететін себептерді іздестіру.
Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып
түсіну мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты
дейтін себебіміз баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі
психологиясының негізгі міндеті – оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің
бала психикасының дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың
психикалық дамуына дұрыс бағыт бағдар беріп, осы тұр ғыда
тәрбие жұмысының қалай болу керектігін ата-аналар мен
тәрбиешілерге жете түсіндіру.
Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар:
Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-
құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы.
Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып
атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру
дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы.
Балалар психологиясының маңызды міндеті –
даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін
себептерді іздестіру.
Балалар психологиясының негізгі зерттеу
компоненттері – балдырғанның психикалық дамуын,
психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін,
психикалық дамудың маңызды жағын, баланың
бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың,
қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың,
ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың,
еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда
болуы және жетілуі қарастырылады.
Бала психологиясы – жас
ерекшелігі психологиясының негізгі
бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір
кезең болып табылатын балалық
шақтың психикалық даму
заңдылықтарын зерттейді. Жас
ерекшелігі психологиясының іргетасы
болған бала психологиясы XIX
ғасырдың аяғында дербес пән ретінде
өмірге келді.
Бала психологиясының негізін қалаған –
неміс ғалымы В.Прейер. Ол Бала
психологиясын зерттеуде тұңғыш рет
интроспекция әдісінен объективті бақылауға
өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің «Бала жаны»
атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі
зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек
болды. Бала психологиясының пәні – балалық
шақтағы психикалық дамудың жалпы
заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың
жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау.
Бала психологиясы үшін басты мәселе –
баланың психикалық дамуының факторларын,
психикалық даму шарттарын түсіндіру.
Көрнекті чехтың ұлы педагогы
Ян Амос Коменский (1592-
1670ж) балаларды сезім
ерекшеліктеріне байланысты
оқыту жүйесін құру керектігі
туралы ең алғаш өз пікірін
ұсынып, мектепке дейінгі
тәрбиенің алғашқы жүйесін
жасады. Осы негізде «Ұлы
дидактика», «Суретті көрнекі
әлем» еңбектері шықты.
1712-1778 жылдары мектеп жасына
дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін
егжей-тегжейіне дейін толық байқаған
Жан-Жак Руссо баланың өздігінен
дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені
танып білу негізі табиғат болуы керек
деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-
ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің
рөлі – іс-әрекет барысында әрі қарай
ұйымдастыру.
1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций
баланы үлкендердің жүйелі түрде
үйретіп отыруына үлкен мән беру
маңызды мәселе деп қарастырды.
Ол кісі баланың жеке басын
қалыптастыруда отбасының,
әсіресе анасының рөлі ерекше деп
бағалаған. Онда табиғи
дарындылық принциптерін
басшылыққа ала отырып, баланың
жас ерекшелігін ескеруді талап етті.
Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие рөлінің
құдіреті туралы көзқарасты XVIII ғасырдағы
Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар да
жүйелі түрде қолдады. Мысалы, В.И.Татишев
өзіндік ақылдың даму көзі жас адамға өзгенің іс-
тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп атап
көрсетті. Бұл тәжірбие тіл арқылы немесе
жазбаша түрде беріледі. Сондықтан адам екінші
бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып
есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың
психикалық дамуының жас кезеңдерінің түп
нұсқасын салған осы В.И.Татищев болды.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде шетел
психологтары В.Штерн, Э.Мейман, А.Бине, К.Коффка,
К.Бюллер, т.б өз еңбектерінде балалар психологиясы туралы
мәселелерді қорытындылап, негізгі бағыттарға қысқаша
талдау жасады. Революциядан кейінгі қайта өрлеу
жылдарында диалектикалық материализм негізінде де бала
психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық
балалар психологиясы ерекше қарқынмен жұмыс жасады.
Атап айтар болсақ, А.Ф.Лазурский, А.П.Нечаев,
И.Кросногорский, В.М.Бехтерев, Н.М.Шеловановтардың
физиологиялық зерттеулері соның дәлелі.
Ал Лев Семенович Выготскийдің «жоғарғы
психикалық функцияның тарихи мәдени даму
теориясы», «Психикалық дамудың жас
дағдарыстары» атты зерттеу жұмыстары балалар
психологиясы ғылымы үшін теңдесіз құнды
материалдар болып есептелуде.
Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі
күші мен себептері жөнінде де түрлі
педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай
негізгі себепші күшке баланың үлкендерге
еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады.
Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен
ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік
қорының дамуының рөлі ерекше екенін атап
көрсетті.
Балалар психологиясының отандық ғалым болып
бөлініп шығуына И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский
еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. Мысалы,
И.М.Сеченовтың 1829-1905 «Бас миының рефлекстері»
деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлы қ
әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп,
сезгіштігінің даму бағытын, қимыл-қозғалысын, оларды ң
ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, зейінні ң сөйлеген
сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін к өрс етіп
берді.
Ұлы психолог, физиолог Иван
Петрович Павлов 1849-1936 жылы
өзінің «Ой элементі» – деген еңбегінде
сөз туралы екінші сигналдық жүйе, - деп
баланың психикалық әрекетінің
қалыптасуы туралы тұңғыш рет бағалы
материалистік түсінік берді.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған
психологтар: С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков,
М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. Балаларды жан-жақты зерттеумен
басқа ғылымдар да айналысады. Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына
қарай түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Баланың
бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін,
нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция
бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін – жас ерекшелігі анатомиясы
мен физиологиясы зерттейді.
Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму
психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар
психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері
мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды
бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп
көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.
Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен
физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі
мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі
пайдаланып отырады.
Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде
балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің
негізіне сүйенеді.
Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар
дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен
сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық
материализм негізіне сүйенеді.
Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми
негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық
қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К.Д.Ушинский, –
ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс».
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық
дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын
негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының
өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін,
жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция
бездерінің қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-
физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.
Кез келген ғылымның негізі фактыларды зерттеуден тұрады.
Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп
атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, нені
зерттейтініне байланысты. Балалар психологиясының әдістері —
баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау т әсілдері.
Былай қарағанда, осы фактылар бізді барлық жағымыздан қоршап
тұрғандай. Әрбір ана, әрбір тәрбиеші баланың дамуын қадағалап
отырады және бұл дамудың барысына көптеген мысалдар келтіре
алады. Бірақ әдеттегі әсер кезінде басты маселе екінші кезектегі ұса қ-
түйекпен, болжаммен жорамал нақты фактылармен араласып кетеді. Ал
ғылым бакылаушының жеке басының әсеріне байланыссыз жасалған
және тексеруге болатын кез келген басқа зерттеуші қайта ала алатын
сенімді де объективті фактілерді кажет етеді.
Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жа ғдайда белгілі бір
мақсат көздей отырып кадағалай-.ды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай
есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оны ң мақсатыны ң қаншалы қты д ұрыс
тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас б ұрын бала
мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін аны қтап алмаса, онда
әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден б ұл әйнек айна сия қты
болып көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын ба қылау үшін
телевизиялық қондырғылар да пайдаланылады.
Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сырт қы белгілерді ғана
оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, м әнерлі қимылдарын т. б.
қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы к өріністер ғана емес, сонын астарында
жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызы қтырады. Өйткені
белгілі бір көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде білдіруі м үмкін ғой. Мысалы,
қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп
қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі е ң қиын нәрсе б;ала мінез- құл қында ғы
ерекшеліктерді елеп қана қоймай, он ыдұрыс т үсіндіру болып табылады.
Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны т үсіндіруін арасын қата қ
шектейді. Өйткені түсіндіру қате болып қалуы да м үмкін. Ол үшін ба қылау пара қ
қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жа қ б өліміне баланын. сырт қы белгілерін
жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.
Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай
бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-
құлқының көп жағын қамтиды. Ол бір немесе бірнеше
балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр
қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру
мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті
іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл
аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы
мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып
отырылады.
Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін
неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде
зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жа ғдайды әдейі жасайды ж әне т үрін өзгертеді, оларды ң
алдына белгілі міндет қояды. Осы міндетті ң қалай шешілуіне қарай -сыналушыны ң
психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалы қ
шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, с өздерді ң көмегімен қалай дамитынын
бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жаста ғы топтарды ң балаларына «тетікті» міндеттер сериясы
ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін
«тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш т үрде берілген.
Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап,
қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жа ғдайда, осыны ң б әрі сурет ар қылы к өрсетілген.
Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып т үсіндірілген. Сонда мыналар
анықталған: үш жасар балалар міндетті на қты жа ғдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек,
ал, ауызша айту бойынша шеше алатын м үмкіндік одан да кейін бол ған. М ұнда ғы балалар ға
берілген эксперимент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соны ң өзінде тапсырманы ң т үрі
өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып т үсіндіру). Н әтиже әрбір жас
айырмашылығына байланысты бөлікген топтардын д ұрыс жауаптарыны ң санына қарай
шығарылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
В.С. Мухина мектеп жасына дейінгі балалар
психологиясы АЛМАТЫ «МЕКТЕП» 1986 ж 5-23 бб.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz