Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері.Негізгі мектептер


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған:Алемова А. Т

Тобы: ПХ-415

Тексерген:Габдуллина . Л. Б

Семей қаласы

2015ж

Slide 2

Жоспары: 1. Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері. Негізгі мектептер. 2. Экономикалық теория саласының Нобель сыйлығы лауреаттары. 3. Қ. Р жекешелендіру процесі мен оның ерекшеліктері.

Slide 3

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт - аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б. ) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады

Slide 4

Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс, айырбас, тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған. Олардың алғашқы қауымдық қоғамының экономикасын құрайтын құбылыстар туралы пікірлері әр түрлі уағыз бен тәртіп ережелерінде ресімделген. Бұл туралы бізге дейін жеткен Египет папирустары, ежелгі үнді Ведалары, Хаммурапи патшаның заңдарында көрсетілген. Бірақ бұл ғылым емес, тек қана оның ұрығы еді. Жоғарыда атап өткеніміздей, «экономика» термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт (б. з. д. 430-355) қолданған.

Slide 5

Ғылым да шамамен, құрылыс қалай салынады немесе ағаш қалай өседі, солай қалыптасады. Өткеннің ұлы экономистері экономикалық ғылымның негізін салды.

Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ежелгі ойшылдардың еңбектерінен көреміз. Алғашында экономикалық білімдер адамдардың мінез-құлықтарының жалпы ережесіне кірген, олар адамдардың қатынастарын қоғамдық ұйымдастыру мағлұматтарының жалпы жинағына қосылады. Ежелгі Грецияда Аристотель ғылымға «экономия» деген атауды кіргізеді. Бұл сөз гректің «эйкос» - шаруашылық және «номос» - заң деген екі сөзінен тұрады. Осыдан «экономиканың» мағынасы грек тілінен аударғанда «шаруашылық заңдарын» білдіреді.

Slide 6

Көп ғасырлар бойы “экономия “сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекетердің бірлесуі үй шаруашылығынжүргізу ережелері емес, жалпы ұлтық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуы қажет етті. Осыған байланысы «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде полис - мемлекет; ойкос - үй шаруашылығы; номос - заң дегенді білдіреді.

«Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш енгізген А. Монкретьен болатын. 1615 жылы оның «Саяси экономия тарктаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған.

Slide 7

Саяси экономия ғылым ретінде XVI-XVII ғасырлар аралығында пайда болған. Бұл кезеңде қалыптаса бастаған еді.

Экономикалық теория - қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын - өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.

Slide 8

Экономикалық ғылым дегеніміз - экономиканың жұмыс істеуіне жалпы методологиялық көзқарас туындыратын ғылым болып табылады.

Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:

Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде

Шынайы табиғат - ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы

Жасанды табиғат - адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т. б

.

Slide 9

Ұсыныс экоеномикамы теориясы

Кезеңдері

Монетаризм

Меркантилизм

Физиократтар

Неоклассикалық теория

Классикалық саяси экономия

Марксизм

Институционализм

Оңтайлы күтімдер теориясы

Маржинализм

Кейнсиандық тоерия

Slide 10

Экономиканы реттеудегі ақшаның рөлін темен ұстаған кейнс теориясына 50-60-жылдары монетаризмнің негізін қалаушы, Чикаго университетінің профессоры М. Фридмен белсенді түрде қарсы шықты. Ол 1950 жылы АҚШ-тың Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының бастамасымен іскер циклдағы ақшаның ролін зерттеу жобасын басқарды. М. Фридменнің және оның жетекшілігімен Чикаго университетінің студенттер тобының қарқынды тәжірибелік зерттеулері нәтижесінде ақша айналысының тарихы мен теориясы туралы іргелі еңбектер жарық көрді. М. Фридмен өзінің зерттеулерінде ақшаның белсенді ролін теріске шығаратын ортодаксальды кейнс теориясына қарама-қарсы - ақшаның сандық теориясына сүйенді.

Монетаризм теориясы

Slide 11

М. Фридмен

Slide 12

Өзінің теориясын «монетаризм» деп атап, М. Фридмен ақшаның классикалық сандық теориясын қайта жандандырды және экономикадағы ұзақ мерзімді тепе-теңдікке сүйенетін ерте монетаризмнің негізін қалады.

Монетаризм - XX ғасырдағы экономикадағы теңдесі жоқ ірі құбылыс, біртүтас экономикалық ағым. Ол көптеген мемлекеттерді дағдарыстан шығарды, экономикасын сауықтыруға мүмкіндік берді.

Slide 13

Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы - экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.

Монетаристер ақшаның сандық теориясын бұрынғы қалпында жандандыру мүмкін еместігін түсініп, оның негізінде ақшаға сұраныс теориясын ұсынды. Ақшаның сандық теориясының жаңа нұсқасында ақшаға сұраныстың мынадай функциясы ұсынылды:

M = Pf (rb, re, p, h, Y, u)

мұнда M - атаулы ақша қалдығына жоспарлы сұраныс;

Р - бағаның абсолюттік деңгейі;

r - облигациялар мен акцияларға сәйкес пайыздың нарықтық нормасы;

p - бағаның деңгейінің өзгеру қарқыны, пайызбен;

Y - ұлттық табыс, тұрақты бағамен;

h - ұлттық байлықтың нақты компонентінің үлесі (доля физического компопента) ;

u - сұранысқа (ақшаға) әсер ететін басқа да факторлар.

Slide 14

Монетаристік теория 50 жылдардың ортасында АҚШ-та «чикаго мектебі» ретінде қалыптасып, оның негізін қалаушы М. Фридмен болды. Оның ойынша кездейсоқ тауарлы шарушылық нарықтық бәсеке тетіктері (мехнизмдері) мен баға белгілеудің іс-әрекетіне негізделген ерекше ішкі тұрақтылыққа байланысты. Бұл теорияның жақтаушылары шаруашылық «үдерістерге мемелекеттің араласуының қажеттігі туралы» кейнстік тұжырымдардың қарсыластары болып табылады. Олар кейнсшілердің ұсынған сұранысты ынталандыруға байланысты мемлекеттік шаралардың тек қана экономика жағдайын жақсартып қоймай, сонымен бірге жаңа дипропорциялары және дағдарыстарды туындататынын айтады.

Монетаризм 70 жылдары үкіметтік ұйымдардың оны стагфляциямен күресте пайдаланғандықтан кеңінен тарайды және ол экономиканы ақша-несиелік реттеудің мемлекеттік бағдарламаларының теориялық негізіне айналады.

Монтеризмнің бірнеше бағыттары мен өкілдері (К. Бруннер, А. Мельцер, Д. Лейдлер және т. б. ) болғанымен де М. Фридменнің мынадай тұжырымдары кеңінен тарайды: ақшаның сандық теориясы бойынша айналыстағы ақша саны мен тауар бағаларының деңгейі арасындағы себепті байланысты негіздейді;

Slide 15

Ұлыбритания, АҚШ, Германия және өзге мемлекеттердің үкіметтерінің монетаристік идеяларды тәжірибеде қолдануы инфляциялық үдерістердің тежелуіне ықпал еткенімен, экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың дамуына жол беріп, осы елдерде жұмыссыздықтың өсуін ынталандыра түсті.

Қазіргі кезде Қазақстан да осы монетаристік тұжырымдар пайдаланушы елдердің қатарына жатады. Бізде де ондай идеяларды экономиканы ақша-несиелік реттеу барысында қолданып отыр.

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады.

Slide 16

Нобель сыйлықтары Nobelpriset, Nobel Prize) - жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.

Бейресми түрде бұлай Альфред Нобельдің құрметіне Швеция Банкінің экономикалық ғылымдағы сыйлықтарын атайды. Экономика саласы бойынша ең беделді сыйлық болып табылады. Нобель сыйлығымен марапаттау салтанаттарында берілетін басқа сыйлықтардан ерекшелігі, бұл сыйлыққа қаржы Альфред Нобельдің мұрасынан бөлінбейді, оның өсиетнамасында экономика аталған жоқ. Сондықтан, бұл сыйлықты “шынайы нобельдік” деп санау дискуссиялық сұрақ болып табылады. Бұл сыйлық 1969 жылы Швед Банкімен оның 300-жылдығына орай қабылданды. Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 12 қазанда жарияланады; барлық сыйлықты беру салтанаты Стокгольмде жыл сайын 10 желтоқсанда өтеді.

Slide 17

Американ экономисі, экономика саласындағы «ақшаның тұтыну, тарихы және теориясы саласындағы зерттеулері үшін» Нобель сыйлығының иегері (1976 ж. ) Милтон Фридмен 1912 ж. 31 шілдесінде Бруклинде (Нью-Йорк) дүниеге келген. Оның ата - анасы Сара Этель (Лаундау) Фридмен және Джено Саул Фридмен Рахуэй (Нью Джерси штаты) қаласына 1917 ж. көшіп келген. 16 жасында Фридмен конкурстық іріктеуден өтіп, Рутгер университетіне стипендияны бөлшектеп алу құқығымен түскен болатын. 1932 ж. ол экономика мен математика пәндері бойынша бакалавр дәрежесін алады.

Экономика ғылымында Нобель сыйлығының лауреаттары

.

Slide 18

Университетте оқып жүрген кезінде Фридмен екі ірі ассистенттердің қарамағына алынады: Артур Ф. Бернс, ол кейіннен АҚШ - тың Федералды резервтік жүйесінің бастығы және Гомер Джонс келешектегі пайыздық мөлшерлемесі теориясының атақты экономисі. Фридменнің экономикадан дипломдық жұмысты жазуына көп үлесін тигізген Г. Джонс болатын, кәспкерлікті жалғастыру мақсатында Чикаго университетіне түсу үшін Фридменге ұсыным беріледі. 1933 ж. Фридмен Чикаго университетінің магистр дәрежесін алып, аспиранттық сынақты Нью - Йорктегі Колумбия университетінде өтеді. 1935 жылға дейін Чикаго университетінің зерттеуші ассистенті жұмысын атқарып, ресурстар бойынша Ұлттық комитеттің қызметкері болады. Ал 1937 жылдан бастап Экономикалық зерттеулердің Ұлттық бюросының қызметкері жұмысын атқарады. 1940 ж. Висконсин университетінде дәріс беріп, сол жылы М. Фридменнің бірлесіп жазған «Тәуелсіз жеке іс жүзіндегі табыстары» ("Income From Independent Professional Practices") атты ғылыми еңбегі жарық көреді.

Slide 19

Сэр Джеймс Александр Миррлис (ағыл. sir James Alexander Mirrlees. 5-маусымда 1936ж туылған, Нью-Стевард) - Шотланд экономист. Экономика саласы бойынша «Ақпараттты асимметрия аумағын зерттеу» еңбегі үшін 1996-жылы Нобель Сыйлығын алған. Джеймс Миррлис 1954-жылы Эдинбург университетіне математика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1957-жылы университетті аяқтаған соң, экономика саласын зерттеумен тыңғылықты айналысты. 1963-жылы нәтижелі еңбегінің арқасында Кембридж университетінің ғылыми докторы атағына ие болады. Экономика оның ойынша әлсіз дамыған мемлекеттерге қызмет етуі керек деген Джеймс Миррлис өз өміріне үлкен сеніммен қарап, барлық күш-жігерін осы салаға жұмсап, өз жұмыстарында әлеуметтік сақтандыру мен салық саласы сияқты тақырыптармен айналысты.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ
Экономикалық теория - байлық туралы ғылым
Экономикалық теория
«Экономикалық теорияның пәні мен әдістері»
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫН ТАНУ ӘДІСТЕРІ
«Меркантилизм кезеңдерінің ерекшеліктері» Экономикалық теорияның даму кезеңдері Меркантилизм
1) Экономикалық теорияның қалыптасу кезендері. 2) Экономика ғылым саласында Нобель сыйлығының лауреаттары. 3) Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Макроэкономика
Схоластика кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz