Сайтқа презентация қосу

Психология тарихы

Психология тарихы
Сатвалдинова Айым Пх-415

Гештальт психология

Шетелдік психологияның сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Германияда пайда болған. Гештальтпсихологияның ізашары X. Фон Эренфельс (1859-1932) болып табылады. Басты өкілдері: М. Верттеймер (1880- 1944), В.Келер (1887-1967) және К. Коффка (1886-1941). Ассоциациялық психологияға қарама-қарсы гештальтпсихология түйсікті емес, қайта қайсыбір психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, яғни "гештальттарды" бастапқы және психиканың негізгі элементтсрі деп санайды. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады. Гештальтпсихология теориясы индивидтің сыртқы ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады.

Психикалық түзілімдердің тұтастығын гештальтшілдер, сайып келгенде, иманенттік субъективтік "заңдармен" түсіндіреді, мұның өзі оларды идеализмге жақындатты. Кейіннен идеялары (әсіресе "гештальт" ұғымы) материалистік-психологар (Л.С.Выготский және басқалар.) Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтін жақтарын қарастырды. Гештальт структура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальтпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елесте емес, кейбір тұтас түрдегі "психологиялық құрылымдар" (гештальттар) деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

Бихевиоризм

Бихевиоризм (ағылш. behaviour - іс-әрекет, Behaviorism)) - ісәрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру. Биховиоризм ілімі ХХғ. басында АҚШ-та пайда болған психология ағымы. Олар еш негізсіз, нақты дәлелсіз психологиялық болжаулық теорияларға қарсы шығып, адамның іс-әрекет дағдысын тіке күзету және нақты өлшеу арқылы адам психологиясын анықтауға болады деп есептеді. Олар ішкі толғанысқа сенбеді, тәжірибелік нақты зерттеу әдіснамаларын ұсынды. Биховиоризм ерік еркіндігін құр қиял деп есептеді, адамның барлық ісін тума қасиеті және тәжірибе ортасы белгілейді, тума қасиеттер тәжірибе ортасында ашылады, не өзгереді, адамдардың барлық тәжірибесін сыртқы қажеттілікке талпыну аңсары белгілейді, сондықтан әрекет дағдысын жақсарту мен күшейту адам өмірінде өзгеріс туғызады деп есептеді.

Классикалық ішкі методологи ялық Бихевиоризм түрлері

биологи ялық

радикалды

теорияшы л логикалық мақсат

Вставка рисунка Вставка рисунка

Классикалық бихевиоризм
Джон Б. Уотсон (John B. Watson ) дәріптеген биховиоризм бағыты. Олар психологиялық барыс және ішкі көңіл ауаны дегенді терістеп, әрекетті бірден-бір психологиялық күй ретінде сипаттайды.

Американдық психолог Дж.Уотсон (1873-1958) 1913 жылы психологияны, сана психологиясының ұғымдары орын алмайтын, мінез-құлық туралы ғылым түрінде көрсетті. Ол психологиядағы зерттеулердің тақырыбы мен әдісі бұған дейін жаңсақ түсінілді деп айтып, психология ілімінің тақырыбы ретінде ─ сананы емес, мінез-құлықты, ал субъективтік әдістің (интроспекцияның) орнына ─ объективтік әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Батыс психологтары мұны «бихевиористік революцияның» басталуы деп бағалады. Бихевиоризм ─ бұл прагматикалық бағыт және ол тез дамушы капиталистік экономикалық сұраныстарының салдарынан пайда болды. Бихевиористер мақсаты ─ психологияны «мінез-құлықты басқаратын және оны болжайтын » ғылым саласына айналдыру.

Дж.Уотсон адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі ─ сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді. Ол ағзаның ортаға қатынасын «ынта-реакция» формуласымен анықтады. Осылайша бихевиористер психологиялық ғылымды «психикасыз психологияға» айналдырды. Дж.Уотсонның 1925 жылы шыққан «Бихевиоризм» кітабының мағынасы мынандай еді: сыртқы тітіркендіргіштерге әсер ете отырып, кез келген мінез-құлқы бар адамды «жасап шығуға» болады. Адамның өзіндік және туа біткен сенімдері ғана емес, оның қатынастары мен көзқарастары да теріске шығарылды. Бихевиоризмнің бұл бағдарламасы адамның ешқандай ерекшеліктерін ескермегендіктен антигуманды болды.

Вставка рисунка Вставка рисунка

Методологиялық бихевиоризм
Үшінші адамның объективті күзетуін негіз етіп, субъектілер арасындағы зерттеуге болатын байланысты хатірелеп, қорытынды жасау. Бұл әдіснама кейін когнитивті психология жағынан қабылданған.

Вставка рисунка Вставка рисунка

Логикалық бихевиоризм
Оксфорд университетінің философы Ж.Райла ( Gilbert Ryle ) өзінің «Мидағы ұғым» (The Concept of Mind ( 1949) ) деген кітабында қалыптастырған.

Мақсат бихевиоризмі
Скиннерге қатысты қалыптасқан ағым. Олар адамды мақсат арқылы түсіндіреді, әсіресе микроэкономика, саясаттану, әлеуметтану теорияларында мақсаттылықты негізгі түйін ретінде зерттеу тетігі етіп қолданады..

Вставка рисунка Вставка рисунка

Радикалды бихевиоризм
B. Ф. Скиннер (B. F. Skinner) қатарлылардың биховиоримі. Олар іс-әрекет дағдысын механикалы түсінуге, қарапайымдастыруға қарсы болды. Психология ішкі көңілдің сыртқы айнасы ғана емес, ол адамның өзін сезінуінің ерекше жолы деп қарады.

Теориялық бихевиоризм
Скиннердің ағымының тағы бір қасиеті, олар ішкі жан дүниедегі көңіл күйді күзетуге болады деп есептейді, психологияны зерттеуде қазіргі заман технологиясына да үміт артады, бірақ теория мен практика ортасында байсалды жол ұстанады.

Вставка рисунка Вставка рисунка
Ішкі бихевиоризм
J. R. Kantor, L. Hayes 、 E. Ribes 、 S. Bijou секілділердің зерттеуі. Олар биологиялық бүтіндіктің ішкі барысына, адамның іс-әрекет түйсігіне зерттеу жасайды. Бұдан басқа, бихевиоризмнің теориялық негізін салуға ат салысқан Л. Блумфилд (АҚШ). Бихевиоризм психологиялық бағыттардың бірі негізінде туған, бірақ психологияның ой-сана жайындағы зерттеулерін мойындамайды. Бихевиоризм дескриптивті лингвистикада (Б. Блок), трансформациялық-генеративтік грамматикада (Н. Хомский)тағы басқа кездеседі.

Қолданылған әдебиеттер Алдамұратов Ә «Жалпы психология»28-31 бет Қ.Б.Жарықбаев «Жантану» kk.wikipedia.org сайты


Пән: Психология



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь