Қаржы ресурстарын басқару туралы ақпарат




Презентация қосу
БӨЖ
Тақырыбы: Қаржы
ресурстарын басқару

Орындаған: Тұрлыбеков Қ.М. ЛД-211
Тексерген: доцент Тойкин С. Қ.
Жосп
ар:
Кіріспе
I. Экономист-ғалымдар пікірі
II. Қаржы менеджменті
III.Қаржы менеджментінің
қызметі
IV.Қаржы менеджментінің
негізгі әдістері
Қорытынды
Кіріспе
Нарықтық қатынастары жағдайында
кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл
кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие
болуымен, сондай-ақ олардың меншік
иелері, жұмысшылар, коммерциялық
серіктестер және де басқа
контрагенттер алдында өзінің
өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық
жауапкершілікте болуымен
байланысты.
І Экономист-ғалымдар
пікірі
• Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның
қаржы (активтер) жағдайы қаржыны
тарату, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және
міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады» деп жазған.
• Профессор Н.А Русак  бұл ұғымды
былайша анықтайды: «Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын
жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады.
• В.М. Радионова    мен М.А.
Федотова кәсіпорынның
қаржылық жағдайы «қаржы
ресурстарының қалаптасуымен,
таратылуы және пайдалануымен 
көрсетіледі» деп жазады.
• М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев
және В.П. Привалов  қаржылық
жағдай ұғымын былайша
түсіндіреді: «Қаржылық жағдай —
бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы
және пайдалануын сипаттайтын
• Профессор И.Т. Балабанов «Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайы — бұл оның
қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің
сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие
қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да
шаруашылық субъектілерінің алдында өз
міндеттемелерін орындау.

• С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің
көзқарасын келесі сөздермен баяндайды:
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы — бұл
бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның
саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді
түрде бағалау».
ІІ Қаржы менеджменті
1) ақша айналымын, кәсіпорынның, ұйымның
қаржы ресурстарының құралуы мен
пайдаланылуын басқару, яғни кәсіпорында 
инвестицияларды қоса барлық қаржы
ресурстарын қалып тастыру және реттеу үдерісі.
Жоспарлау, шешімдер қабылдау өкімдер әзірлеу
және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл
ұғымның ауқымы тар мағынадағы қаржы
жоспарлауы ұғымы ауқымынан кең. 
Стратегиялық қаржы менеджменті
инвестицияларды және капитал құрылымын
ұзақ мерзімді басқару. Оралымды Қаржы
менеджментіне өтімділікті қамтамасыз ету
жатады;
2) қаржыны басқару, кәсіпорындардың,
ұйымдардың өз мақсаттарына жетуі үшін
қаржы қатынастарын орнату туралы
ғылым. Қаржы менеджменті
менеджменттің бөлігі,баскарушылық
еңбектің түрлі бағыттарын қамтитын
қызмет аясы болып табылады. Қаржы, 
несие, статистика, экономикалық және
қаржылық талдау саласында ғылыми
және практикалық талдамалар қаржы
менеджментінің алдына қойылған
міндеттерді шешу үшін негіз, кұрал
кызметін атқарады.
ІІІ Қаржы менеджментінің
қызметі:
• ағымдағы және келешектегі қаржылық
жоспарлау;
• ақша қорларын жасақтау және пайдалану;
• ақша айналымын ұйымдастыру; материалдық
және қаржы ресурстарының теңдестірілуі;
• капиталдың тиімді құрылымын қолдау;
ақшалай қаражаттың түсуі мен
пайдаланылуын бақылау;
• қаржының көмегімен кәсіпорынның тиімді
жұмысын және қызметкерлердің іскерлік
белсенділігін уәждемелеу.
IV Қаржы менеджментінің
негізгі әдістері
кәсіпорынның төлем төлеуге
қабілеті мен қаржылық
орнықтылығын, кәсіпорынның
несиеге қабілетін оның
теңгерімінің өтемпаздығын, қаржы
нәтижелерін, айналым
активтерінің айналымдылығын
талдау, ықтимал банкроттығын
бағалау.
Қорытынды
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы
ресурстарын жасау, тарату және
пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты
өндірістік, коммерциялық және басқа да
қызмет түрлері үшін қажетті қаржы
ресурстармен қамтамасыз етілуімен және
оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық
субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста
болу, телеу қабілеттілігі және қаржылық
тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның
уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық
жағдайының жақсылығын көрсетеді.

Ұқсас жұмыстар
Қаржы ресурстары
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қаржы ресурстарын басқару
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруда маркетингтің атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және оның экономикалық мәні
Қаржы ресурстары туралы түсінік
Жеке бюджетті басқару
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Қаржы механизмі
Пәндер