Қазақстандағы депозит нарығы: құрылымы, түрлері және тұрақтандыру шаралары


Slide 1

Депозит нарығы

Орындаған: Қайролла Е. Д.

Топ: ФН-305

Тексерген: Токсеитова А. С.

Slide 2

ҚР-дағы депозиттік нарығы еліміздегі қаржы нарығының бірден бір дамып отырған сегментіне жатады. Депозиттік нарық заңды және жеке тұлғалардың банктік салымдарының жиынтығын құрайды.

Депозиттік нарығының ажырамас бөлігі-депозит, яғни бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары болып табылады

Slide 3

Банктік депозит - салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.

Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады.

Slide 4 Slide 5

Заңды тұлғалардың депозиттер көлемі байланысты:

Slide 6

Халықаралық банктiк тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлiнедi:

Slide 7

Бiрiншi топ - талап етiлмелi депозиттер, олар сондай-ақ чектiк депозиттер деп те аталады. Талап ету депозитi түрiнде қаржы тарту кезiнде банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады . Чектiк депозит - бұл міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi.

Талап ету депозиттік шотының ерекшелiктерiне мыналарды жатқызуға болады:

- ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң болмауы;

- ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;

- шот иесi банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек үшін коммисия төлеуі;

- Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзiмдiк депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.

Slide 8

Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі - мерзімді депозиттік сертификат болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшермен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды еңгізгендігін күәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және салымшының өзінде қалатыны, берілмейтіні болады. Ақшаны мерзімнің аяқталуымен тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі - 14 күннен 18 айға дейін болуі мүмкін.

Депозиттік шоттардың келесi түрі - автоматтық аудару шоттары (АТS-шоттар) . Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретiн, чектердi жабу үшін чектiк депозиттерге пайыз әкелетiн депозиттің түрі. Банктер салымшының келiсiмiн жетекшiлiкке ала отырып пайыз әкелетiн шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектiк шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туыдаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейiн сақтауға және бiр мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік бередi.

Сонымен жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады: ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі болмайды; салымды кез келген уақытта хабарламай алуға болады; шотқа ақша қаражатын салу немесе алу кезеңінде жинақ кітапшасы депозиторымен ұсынылады. Ол кітапшада ақша қаражаттарының барлық қозғалысы көрініс табады. Жеке тұлғалармен ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар: мерзімді жинақтаушы салым; қосымша толықтырылатын салым; ағымдағы жинақтаушы салым.

Slide 9

Қорытындылай келе, қазіргі уақытта депозиттердің жағдайын тұрақтандыру үшін:

1) Банк өз өтімділігін мемлекеттің араласуынсыз өзі қамтамасыз ету

(депозиттер көлемін ұлғайту, тәуекел деңгейін азайту, өтімділікті бір қалыпты ұстап тұру) ;

2) Халықтың әл-ауқатын көтеру;

3) Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және әрбір өңірде кәсіпкерлікті дамыту;

4) Ұлттық валютаны қалыпты деңгейде ұстап тұру қажет.

Slide 10

Назар аударғандарыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Депозит нарығы: экономикалық мәні, түрлері, құрылымы және Қазақстандағы сақтандыру жүйесі
Депозит нарығы: түрлері, депозиттік операциялар және Қазақстандағы институционалдық құрылым
Инфляция: тарихы, түрлері, себептері және ақша айналымын тұрақтандыру шаралары
Қазақстандағы еңбек нарығы: құрылымы, жалақының қалыптасуы және жұмыссыздық мәселелері
Бағалы қағаздар нарығы: құрылымы, функциялары және Қазақстандағы тәжірибесі
Қазақстандағы еңбек нарығы мен жұмыссыздық: құрылымы, себептері және мемлекеттік реттеу
Валюта нарығы: құрылымы, түрлері және негізгі қатысушылар
Депозит нарығының маңызы, депозиттік операциялардың түрлері және қаржы нарығындағы орны (Қазақстан жағдайы)
Қаржы нарығы: экономикалық мәні, функциялары және құрылымы
Еңбек нарығы: құрылымы, элементтері, жұмыспен қамту және жұмыссыздық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz