1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Кафедра:Ветеринариялық санитария
Орындаған:Мырзабекова Н. Т Тобы:ВС-303 Тексерген :Омарбеков Е.

Тақырыбы:
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар.
2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.

Вирус- тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады.
Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады.
Вирус



Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы ауруларданалдын ала сақтану жәнеолардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған. 1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.
Вакцина


Адтюванттар, иммуномодуляторлар
Адьюванттардың әсер ету механизмі. «A'dyuvant (LAT Adjuvans, adjuvantis ықпал көмектеседі. ) - 1) антигенді иммуногенндігін арттыратын зат; Кейбір адъюванттарды вакциналарды өндіруде қолданады. (алюминий гидрат соавт. ) ; 2) агент немесе есірткілік заттарды күшін арттырады.
Иммуномодуляторлар - иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.
тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.
Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады

Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр, түлкі т. б. және адам ауырады. Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып, ауру жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды. Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.

Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін. Содан соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте) . Құтырманың тыныш түрінде нерв жүйесінің ширығу белгілері (ашушаңдық, мазасыздық, агрессивтігі) аз білінеді немесе тіптен білінбейді, жұтынуы қиындайды, төменгі жағы салбырайды, сілекейі шұбырады, салдану (паралич) тез пайда болып, 2-4 тәулікте өледі.
Құтырық

Құтырмның алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит, мысық және басқа жануарлар оқшауланып, ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит, мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.
Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларғавакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамен иммундалуға тиіс. Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.
Құтырманың алдын алу үшін:

Аусыл
Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Эпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған.

Аусыл ауруы

Аусыл ауруын емдеу
Жануарлар арасында ауру мен өлімді азайту, сондай-ақ асқынудың алдын алу үшін ауруларға қызмет көрсету жағдайын жақсартады, оларды жиі суарады, диеталық азық (шөп, ұн быламықтары), дезинфекциялайтын ерітінділер немесе тері мен шырыштық қабаттарды өңдеуге арналған жақпа майлар береді. Жүрекке арналған дәрілер мен антибиотиктер қолданылады, сондай-ақ көктамырға глюкоза жіберіледі. Бұл инфекция анықталған жағдайда індет ошағындағы ауыру мал сауларынан бөлінбей, тұрған жерлерінде емделіп- домдалады

Шмалленберг
Шмалленберг ауруы деген жаңа ауру. Ол Қазақстан бойынша ғана емес әлемдегі экзотикалық ауру болып саналады. Бұл ауру ең бірінші 2011 жылдың екінші жарты жылдығында Германияда, Шмалленберг ауыл аймағында бірінші рет анықталған. Бұл вирустық ауру
. Шмалленберг вирусы (Schmallenberg virus) қоздыратын ауру Германияда тіркелген, вирус әлі толық зерттелмеген. Қазақстан бойынша ғана емес әлемдегі экзотикалық ауру болып саналады. Бұл аурудың вирусы алғаш рет осыдан екі жыл бұрын (2011 жылдың екінші жартысы) Германияның Шмалленберг елді мекенінде тіркеліпті.

Блютанг
Блютанг немесе инфекциялы катаральдi қызба немесе көк тіл-вирусты трансмиссивтi ауру ас қазан жүйесi мен дем алу жүйелерiн қабындырып кейбір жерлердiң кiлегей қабаттарын өлi етке айландырады, пододерматитке, бұлшық еттердi дегенеративтi өзгерiстерге ұшыратады. Қоздырғышы рибонуклеинқышқылы (РНК) вирус, көлемi 100 нм аралығында, сыртқы ортада төзiмдi. Вирус трипсинге, қышқыл РН-қа, 3% күйдiргiш натриге, 70% этил спиртiне сезiмтал келедi, ал эфирге, хлороформға, дезоксихолатқа төзiмдi. Диагнозды эпизоотиялық жағдайға, клиника белгiлерiне, патолого-морфологиялық өзгерiстерiне және лабораториялық зерттеулерге қарап қояды. Осы ауруды басқа аурулардан ажырату керек, яғни гидроперикардиттен, iрi қараның обасынан, күлден, жұқпалы сүйелден, аусылдан, везикулярдi стоматиттен, некробактериоздан.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz