Оқыту әдістері ( СӨЖ )



ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
жаратылыстану - математика факультеті
Математика мамандығы
СӨЖ№2
Тақырыбы: « Оқыту әдістері»
Тобы: Т- 413
Орындаған: Берік Н.
Тексерген: Турғанбаева Б. Ш. .

Жоспар:
Әдістерге жіктеме беріңіз
Нақты бір тақырыпта оқыту әдісіне мысал келтіріңіз
Оқыту әдістерін мұғалімнің тиімді таңдауы
Оқыту әдістерінің жалпы функциялары


Оқыту әдістері - күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Оқыту әдістері арқылы обьективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұн, принциптер, оқыту формалары бейнеленеді.
Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-түзетуші қызметтерді атқарады.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен практикасында қолданылатын оқу әдістері өте көп. Мұғалім оқыту әдістерін кеңінен қолдана білуі үшін оларды белгілі бір жүйеге келтірудің мәні зор.
Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі.
Ең алғашқы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінеді.
Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылады.


Оқу әдістерін тағы бір тобын дидактика мамандары М. А. Данилов пен Б. П. Есипов олардың атқаратын қызметіне қарай жіктейді:

Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс - мұғалімнің ауыз екі сөздері арқылы жүреді, ақпараттық-рецептивтік әдіс келесі белгілер арқылы сипатталады:
оқушыларға білім «дайын» түрінде ұсынылады;
мұғалім әртүрлі әдістермен білімді қабылдауын ұйымдастырады;
оқушылар қабылдайды (перцепция) және білімді ой елегінен өткізеді.
Репродуктивтік әдіс қолданғанда мына белгілер арқылы сипатталады:
оқушыларға білім «дайын» түрінде беріледі;
мұғалім білімді жеткізіп қана қоймай оны түсіндіреді;
оқушылар білімді саналы түрде қабылдап түсінеді және ойына сақтайды;
білімнің беріктілігі бірнеше қайталанудан анықталады.

Проблемалық баяндау әдісі
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, шешудің ғылыми жолын көрсетед

Дидактикалық мақсаттар бойынша Г. И. Щукин мен И. Т. Огородников оқыту әдістерін екі топқа бөледі:

Сабақ беру әдістері
Оқу әдістері
Ақпараттық-баяндау
Түсіндірмелік
Нұсқаулық-практикалық
Түсіндірмелі-ынталандырушы
Ынталандырушы
Атқарушы
Репродуктивтік
Өнімділік-практикалық
Жекелеген-ізденістік
Ізденістік
Монологтік әдістер
Ынтымақтастық формалары
Диалогтік әдістер
Дәрістер
Әңгіме
Демонстрация
Жекелеген
Топтық
Фронталдық
Ұжымдық
Әңгімелесулер
Оқыту әдістерінің тағы бір тобын - сабақ беру әдістері мен оқу әдістерін біріктіре қарайтын бинарлық жіктемесін М. И. Махмутов анықтады.
Оқыту әдістерінің бинарлық жіктемесі
Неміс дидакты Л. Клинберг оқыту әдістерін ынтымақтастық нысандарымен байланыстыра жіктейді.
Оқыту әдістерінің ынтымақтастық жіктемесі

Дидактикада соңғы жылдары кең тараған оқыту әдістерін Ю. К. Бабанский үш үлкен топқа жіктейді:
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру әдістері;
оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру мен мотивациялау әдістері;
оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау мен өзіндік бақылау әдістері.
Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру әдістері
Көздер
Логика
Ойлау
Басқару
сөздік
көрнекілік
практикалық
индуктивтік
дедуктивтік
репродуктивтік
проблемалық-ізденістік
өзіндік жұмыс әдістері
мұғалім жетекшілігімен жасалатын жұмыстар
Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру мен мотивациялау әдістері
Ынталандыру және оқуға қызығушылығын мотивациялау
Оқудағы міндет пен жауапкершілікті ынталандыру мен мотивациялау әдістері
Оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау мен өзіндік бақылау әдістері
Ауызша бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
Жазбаша бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
Лаборатория-практикалық бақылау әдістері және өзін-өзі бақылау

Оқыту әдістерін таңдап алуда мұғалім ең алдымен басты мақсат пен нақты міндеттерді анықтап алу қажет. Әрі қарай танымдық үдерісті дұрыс жүзеге асыру мүмкіндігін беретін тиімді жолдар қарастырылу керек.
Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуда ескерілуі қажет жағдайлар:
заңдылықтар мен олардан шығатын оқыту принциптері қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
жалпы ғылымның, сол сияқты жекелеген пәннің, тақырыптардың мазмұны мен әдістерін ескеріп отыру;
оқыту мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып отыру;
оқушылардың оқу мүмкіндіктері, оның ішінде жас ерекшеліктерін, дайындық деңгейін, сынып ұжымы ерекшеліктерін толық ескеріп отыру;
сыртқы жағдайлар, яғни географиялық, өндірістік орта ерекшеліктерін ескеріп отыруды қамтамасыз ету.
мұғалімнің мүмкіндіктерін, атап айтқанда тәжірибесін, дайындық деңгейін, оқыту үрдісіндегі типтік ситуацияларды білуіне де мән беру деп тұжырымдауға болады.


Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Оқу әдістері жүйесінде басты орын сөздік әдістерге беріледі. Олар: әңгімелесу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дәрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.
Әңгімелеу - оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру - бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мәнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дәлелдеп, оқушы санасына енгізу.
Сұхбат - оқудың диалогтық әдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенің тексереді.
Дәрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дәрісбаянның басқа сөздік әдістерден өзгешелігі - қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мәнін ашу жүйелікке негізделеді. Дәрісбаян ғылыми-көпшілік және академиялық болып ажыратылады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дәрісбаяндары қолданылады.
Қазіргі кезеңде дәрісбаян әдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тәсілін пайдалану қажеттігінен туындап отыр.

Кітаппен (оқулықпен) жұмыс - кітап оқу сөздік әдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі - оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:
конспектілеу- оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері-түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жазғаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды. ;
тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;
реферат құрастыру - тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;
мәтін жоспарын жасау - мәтінді бөлімдерге келтіріп, әрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;
сілтемелер беру (цитирование) - мәтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: әдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын атамасын, баспа орны мен атын, жария жылын, бетін дәл келтіру;
түсініктеме беру (аннотация) - оқылғанның мәнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба) ;
пікір беру (рецензирование) - оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.
анықтама (справка) түзу - ізденіс нәтежиесінде жинақталған ақпарат бойынша мәлімет. Анықтамал түрі- өмірнамалық дерек, сандық-статистикалық, жағпариялық, терминологиялық және т. б.
формальды-қисынды модел жасау - оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу;
тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пән бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;
идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құблыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру;
пиктографиялық жазба- сөзсіз бейнелеу;

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz