Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және жеткізу талабы


Slide 1

Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және жеткізу талабы

Орындаған: Бейбитбаева Н. Е.

Олжабаева М. О.

Тексерген: Билялов Е. Е.

Slide 2

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

ХИМИЯЛЫҚ-ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

УЛАНУҒА КҮМӘНДІ АУРУ ЖАНУАРЛАРДАН СЫНАМА АЛУ ҚАҒИДАСЫ

ӨЛГЕН ЖАНУАРЛАРДАН СЫНАМА АЛУ ҚАҒИДАСЫ

СЫНАМАЛАРДЫ ЖЕТКІЗУ ТАЛАБЫ

ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

Slide 3

КІРІСПЕ

Өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғау мақсатында қолданылатын дәрі-дәрмектер: хлорорганикалық қосылыстар (ХОҚ), фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ), құрамында сынап бар пестицидтер (улы химикаттар) және қора-жайларды залалсыздандыратын дәрі-дәрмектер ауыл шаруашылық малдары үшін өте қауіпті деп саналады.

Бұл дәрі-дәрмектер малды уландырып қана қоймайды, жануарлар өнімі арқылы өте аз мөлшерде болса да адам денесіне өтіп, адамдарды да уландырады. Кейбір хлорорганикалық және құрамында сынап бар улы химикаттар мал денесінде жиналып, адам денесіне түскенде ыдырап, адамды қатты уландырады. Олар ұзақ уақыт сақтағанда да, мұздатқанда да ыдырамайды.

Сойыс өнімдерінің тағамдық сапасы оның құрамындағы улы заттардың саны және оның организмге әсер ету деңгейіне байланысты болады.

Slide 4 Slide 5

ХИМИЯЛЫҚ-ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Құрамында улы заттар бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық-токсикологиялық талдау жасау үшін, тиісті зертханаларға жіберіледі. Тексеруге жіберілетін заттар әртүрлі болуы мүмкін.

Химиялық-токсикологиялық зерттеуді облыстық және республикалық мал дәрігерлік зертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде, сонымен қатар, соттық медицина, соттық-сараптау институттары зертханаларында жүргізуге болады. Бұл ұйымдар тексеруге жіберілетін заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды.

Оған:

- тексерілетін заттар тізімі, иесінің аты-жөні, тұрғылықты жері және нақты керекті нәтижеге сұраныс;

- соттың және тергеу бөлімдерінің шешімі, соттық-ветеринарлық сою хаттамасы, ауру тарихы жіберіледі.

Химиялық-токсикологиялық талдау жүргізетін мекеме тексеру барысында - ағзада улы заттардың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, улы заттардың қай категорияға жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.

Slide 6 Slide 7

УЛАНУҒА КҮМӘНДІ АУРУ ЖАНУАРЛАРДАН СЫНАМА АЛУ ҚАҒИДАСЫ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ ТАЛАБЫ

- құсық, мүмкіндігінше алғашқы бөлігі;

- несеп - алуға үлгерген барлық массасы;

- кал 0, 5 кг ;

- буаз жануарлардан алынған сүт;

- өңеш зонды арқылы алынған асқазан құрамы;

- улануды туғызуы мүмкін азықтар мен заттар.

Slide 8

ӨЛГЕН ЖАНУАРЛАРДАН СЫНАМА АЛУ ҚАҒИДАСЫ

Улануға күдікті өлген жануарлардан сынама алу бөлімдері:

- өңеш және асқазанның зақымдалған бөлімдері (0, 5 кг шамасында) ;

- тоқ ішек кесіндісі (ұзындығы 40 см) және ішектің аса зақымдалған бөлігі (0, 5 кг-ға дейін) ;

- бауыр (0, 5-1, 0 кг, өт қабымен бірге) ;

- бір бүйрек;

- нәжіс (0, 5 л) ;

- қаңқа бұлшық еті (0, 5 кг) .

Slide 9 Slide 10

ӨЛГЕН ЖАНУАРЛАРДАН СЫНАМА АЛУ ҚАҒИДАСЫ

Сонымен қатар уланудың ерекшеліктеріне байланысты қосымша жібереді:

- тері арқылы улануға күмән болғанда - терібөлімі, клетчатка, у енген жердегі бұлшық ет;

- газбен улануға күмән болғанда - қанға толы өкпе бөлімі, кеңірдек, жүрек бөлімі, 200 мл қан, бас миы.

Slide 11

СЫНАМАЛАРДЫ ЖЕТКІЗУ ТАЛАБЫ

Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек. Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан, пішен) құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады.

Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ. Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды. Мысалы, хлороформ - өзі уытты зат, ал формалин улардың құрамын өзгертеді.

Slide 12

СЫНАМАЛАРДЫ ЖЕТКІЗУ ТАЛАБЫ

Жолдама қағазында алынған сынамалардың мөлшері (кг не­месе г), түсі, иісі және сақтауға қолайлы жағдайлар секілді азықты сипаттайтын белгілер жазылуы тиіс.

Зертханаға түскен зерзатхар 3 топқа бөлінеді:

1 бөлік тексеруге қолданылады.

2 бөлік қосымша ретінде.

3 бөлік мөрленіп, сақтауға жіберіледі.

Зерзаттарды қабылдаған зертхана қабылдау қолхатын беруге, ал тексеру қорытындысын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Slide 13

ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

Биологиялық әдіс

Патологиялық зерзат және азық құрамындағы улардың шыбындарға, шіркейлерге әсеріне негізделген. Зертханалық жануарлардың (ақ тышқан, қоян, теңіз шошқасы) терісі астына жэне құрсақ қуысына азықтан алынған уытты заттың судағы немесе спирттегі экстрактысын егу арқылы, удың әсерін, клиникалық белгілерін және өлімге ұшырататын мөлшерін анықтайды.

Биохимиялық әдіс

Қоянның гемолизденген эритроциттеріне ацетилхолинэстераза және Na, К, АТФ-аза ферментін қолдануға негізделген. ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар жоғын аныктағанда, сынаманың судағы экстрактысымен эритроциттерге әсер етіп, 2 сағаттық жанасудан кейін, көрсетілген ферменттердің белсенділігін анықтайды. Фермент белсенділігінің 30-дық әлсіреуі, тексерілген зерзатта ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар екендігін дэлелдейді.

Химиялық әдіс

Колориметрлік, титрометрлік және шөгінді шөгу реакциясы принциптеріне негізделген. Колориметрия - улы заттардың әртүрлі рективтермен әрекеттесіп, түрлі-түсті кешендер түзілуіне негізделген. Боялу дәрежесіне қарай, тексерілген азық құрамынан уытты заттар концентрациясын анықтайды. Құстар мен шошқаларға (бұл малдар ас тұзына өте сезімтал) арналған құрама жемнен NaCI анықтауда титрометрия таптырмайтын әдіс. Ал алколойдтарды анықтауда шөгінді шөгу реакциясын қолдану үлкен нәтиже береді. Cу құрамындағы алкалойдтар: танин, сынап хлориді, фосфор. Вольфрам, фосфор-молибден немесе пикрин кышқылдарымен әрекеттесіп, суда ерімейтін шөгінді түзеді.

Slide 14

ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

Физикалық-химиялық әдіс.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Химиялық­ токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістер мен техникалық аппаратуралар
СҮТ ҚҰРАМЫ
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техниклық аппаратуралар
Газды ортадан сынама алу әдістемесі
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ
БАЛДЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ
Токсикологиялық химияның даму тарихы
Ақпарат - бүгінгі қоғамның дамуындағы басты ресурс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz