Қытай бұршағының жалған ақ ұнтағы


Slide 1

Қытай бұршағының жалған ақ ұнтағы

Орындаған: Қабылханова М. Т

Топ: АГ-213

Тексерген: Сагандыков С. Н

Slide 2

Жоспар

Кіріспе 1. Қытай бұршақтың сипаттамасы

Негізгі бөлім 1. Зиянкестері мен аурулары

2. Жалған ақ ұнтақ қоздырғышының биологиясы

3. Даму циклі

4. Зиянды фазасы 5. Таралу зонасы

6. Күресу шаралары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жалпы сипаттамасы

Қытай бұршақ. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің ішіндегі бағалы дақылдардың бірі және азық түлік, техникалық және жемшөптік маңызы зор. Оның дәнінің құрамында 36-48% белок, 20-26% май бар. Қытай бұршақтың дәні және балауса құрамында көмірсу, дәрумендер, минералды тұздар бар.

Осы бағалы дақылдарды зиянды жәндіктер мен аурулардан қорғау өнімнің төмендемеуіне әсерін тигізеді.

Slide 4

Зиянкестері мен аурулары

Қытай бұршақ дақылын зақымдайтын зиянкестерге жоңышқа қоңыр көбелегі дернәсілдері, өомекші, кене, далалық қандала, жапырақ жегіш қоңыздар, крестгүлді бүргелер жатады.

Сонымен қатар, церкоспориоз, тат, жалған ақ ұнтақ немесе переноспориоз, ақ ұнтақ, аскохитоз, бактериальды күйік, қатпарлы мозайка және фузариоз сияқты әр түрлі ауруларға шалдығады.

Slide 5

Қытай бұршағының жалған ақ ұнтақ ауруы немесе переноспориоз қоздырғышының биологиясы

Slide 6

Ауру қоздырғышы - фикомицеттер класына жататын Peronospora manshurica (Naum) саңырауқұлағы. Клейстотециясы шар тәрізді, диаметрі 62-180 микрометр, көптеген түссіз өсінділері бар. Бір клейстотецінде 4-8 қалта, ал әрбір қалтада 1-клеткалы қалта спорасы бар, мөлшері 19-25*9-14 микрометр. Қалталы стадясынан басқа саңырауқұлақ өзінің бастапқы дамуы кезінде конидиялы спора түзеді, және вегетация кезіндесонымен таралады. Конидиясының пішіні бөшке тәрізді, 1-клеткалы, мөлшері 25-30*8-10микрометр, тізбектеле орналасады.

Slide 7

Саңырауқұлақ клейстотециясы түрінде өсімдік қалдықтарында, тұқымда қыстап шығады. Ал көктемде қалтаспорасы пайда болып, өсімдікті зақымдайды. Споралары өсімдік қалдықтарында 1жыл, тұқымда 1, 5жылға дейін сақталады.

Аурудың дамуына 18-20°С ауа температурасы мен 95-100% топырақ ылғалдылығы қолайлы болып табылады. Аурудың қарқынды даму кезеңінде дән өнімінің төмендеуі 10-15% болады.

Slide 8

Даму циклі

Slide 9

Ауру қытай бұршақ егілетін барлық аймаққа таралған. Әсіресе ылғалды аймаққа көп зиянын келтіреді. Ауру екі түрде білінеді - жалпы өсімдіктің әлсіреуі (дифузды таралу) және жапырақта дақ түрінде пайда болуы (жергілікті зақымдану)

Бірінші жағдайда жапырақта және бұршақ қауашығында сарғыш дақтар пайда болып, жапырақтың барлық бөлігіне таралады. Жапырақтың төменгі жағында дақтың үстінде сұрғылт-сия түсті қоным пайда болады. Қатты зақымданған өсімдік өспейді, қурап қалады.

Екінші жағдайда ауру бұршаққын және тұқым пайда болған кезде және олар піскенде қабық түрінде пайда болады. Жапырақта әуелі ақшыл жасыл, кейіннен қоңырланады. Ішкі жағынан сұрғылт сия түсті қоным пайда болады. Зақымданған жапырақ өліп қалады.

Тұқымда және дәнде ауру өсімдіктің пісу кезеңінде, бұршақтың ішкі қабырғасын және тұқымның сыртындағы қабығында пайда болады.

Аурудың зиянды фазасы

Slide 10 Slide 11

Қытай бұршағы переноспоризының ТМД елдерінде таралу зонасы

Slide 12

Күресу шаралары

1. Ауыспалы егісті дұрыс қолдану

2. Тұқымды отырғызар алдында 80%-дық ТМТД (2, 5кг/1т) және фентурам (4-6кг/1т) ерітінділерімен дәрілеу

3. Егісті жинап алған соң өсімдік қалдықтарынан тазалау және терең сүдігер жырту

4. Уақтылы өнімді жинау және тұқымды жылдам құрғату

5. Ауруларға төзімді сорттарды қолдану (Юбелейная) және т. б.

Slide 13

Қорытынды

Қытай бұршағының жалған ақ ұнтағы - бұршақтың қауіпті ауруларының бірі. Ол кез келген бұршақ егістіктерінде кездеседі. Қазақстанда Семей аумағына қарасты Үржар ауданында кең таралған. Бұл аурумен күрес шараларын уақтылы және дұрыс жүргізу мол өнім алудың бірден бір кепілі.

Slide 14

Ашықбаев Н., Дүйсенбеков Б., Ағыбаев А., Карбозова Р., «Өсімдік қорғау» Астана 2011

2. http://www. activestudy. info/peronosporoz-ili-lozhnaya-muchnistaya-rosa-soi/ © Зооинженерный факультет МСХА

3. agroextension. kz департамент по развитию системы передачи знаний АО “КазАгроИнновация”

4. “Ауыл шаруашылығы фитопотологиясы”

Пайдаланылған әдебиеттер


Ұқсас жұмыстар
Тай тағамдары
Шоколад жасау технологиясы
Көздің құрылысы
Қантты түріне карамель
Дәнді дақылдардың ауруларымен күресу, бұршақ дақылдарының ауруларымен күресу
Корей халқының тамақтану ерекшеліктері
Ас бұршақ
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары
Орталық Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік өсімдіктер
ЖҰМЫРТҚА ҰНТАҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz