Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат


Slide 1

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау -биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған:Кыдыралинова. М. Н.

Тексерген:Мурзалимова. А. К.

Тобы: ВС-403

Slide 2

. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

Slide 3

ХХІ ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.

Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, заңдарына (3 бап«Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» ( негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды /1, 2, 3/.

Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар - «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т. б. әзірленді.

Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Slide 4

Экологиялық мәдениет дегеніміз - бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:

Адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;

Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.

Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Халыққа экологиялық білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.

Slide 5

Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін түсіну қажет. Экологиялық білім беру процесі адамның бүкіл өмірі барысында, мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мына сызба бойынша нақты координацияны жүзеге асыру керек:

отбасы - бала бақша - мектеп - жоғары білім беру - мамандарды қайта дайындау - халыққа жаппай экологиялық білім беру.

Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жасаудың мақсаты - экологиялық білімдердің біртұтастығы, табиғатқа оң эмоционалды - бағалық қатынас және қоршаған табиғи ортадағы нақты қызметінің негізінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Slide 6

Экологиялық білім беру принциптері мектептердің практикасында төменгі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:

Адамның табиғатқа әсерінің оның заңдарына сәйкестігін анықтайтын ілімдер, негізгі ұғымдар мен фактілер туралы білімдерді меңгеру;

Қоғам мен әрбір адамның материалдық және рухани күшінің көзі ретінде табиғаттың көпжақты бағалылығын түсіну:

Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудағы қолданбалы білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеру. Оның жағдайын жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білу, өзінің іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарын болжау және еңбек қызметінде табиғатқа теріс әсерлерді болдырмау:

Табиғат пен қарым-қатынасқа деген қажеттілікті дамыту, дүниені тануды адамгершілік - эстетикалық сезімдермен бірлікте қарастыруға талпыну;

Табиғатта өзін ұстау ережелерін саналы түрде сақтау арқылы табиғатқа зиян келтірмеу, ластамау не қоршаған ортаны бұзбау;

Қоршаған табиғи және өзгертілген ортаны сауықтыруға бағытталған іс-әрекетті активтендіру, қазіргі заманғы табиғат қорғау идеяларын насихаттауға қатысу.

Slide 7

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

Slide 8

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз - белгілі бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат нысандары.

Slide 9

Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8, 5 %-ына тең. Халықар жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді:

1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар;

2. Ұлттық саябақтар;

3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары;

4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар;

5. Қорғалатын ландшафтылар;

6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар;

7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау) ;

8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар;

9. Биосфералық резерваттар;

10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.

Slide 10

Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар.

Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 - 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31, 5%, АҚШ-та 15, 8%, Жапонияда 14%, т. б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.

Slide 11

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Slide 12

Қорық- аумағында барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланудан алынған және өкімет қорғауында болатын жер немесе су кеңістігі, сондай-ақ типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті-табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді), осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құрылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда кеңінен зерттеу. Қорық аумағыншаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды.

Қорық-қорғалатын аумақ ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдіктердің түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі.

Slide 13

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 10 мемлекеттік қорық бар. Олар :

Ақсу -Жабағлы

Алматы

Барсакелмес

Марқакөл

Наурызым

Үстірт

Алакөл

Батыс Алтай

Қаратау қорығы.

,

Slide 14

Қорықша - жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланатын аумақ. Ол мемлекеттік табиғи қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша территориясында шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде ғана жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек бір бөлігі ғана қорғалады. Қорықшалар қорғалатын нысандарының құндылығына қарай жергілікті және республикалық мәндегі болып бөлінеді. Мысалы, зоологиялық қорықша- Қазақстанда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған арнайы аумақтар. Бұл аумақтар шаруашылыққа пайдаланылмайды және мемлекет қорғауында болады. Ең алғаш ұйымдастырылған зоологиялық қорықша-Андасай қорықшасы. Елімізде республикалық мәні бар 44 зоологиялық қорықшалар бар.

Slide 15

Ұлттық табиғи парктер деп - ЕҚТТ категориясын және аз бұзылған табиғи комплекстер мен экологиялық, ғылыми, рекреациялық құндылығы бар табиғи, тарихи-мәдени обьектерді айтамыз. Ұлттық табиғи парктер негізінен рекреациялық мақсатта, әсіресе, аз уақытты демалыс пен танымдық туризмде пайдалану қатаң бақыланады. Қорғау режимі - құрастырылған, дифференциональды болып келеді. Қазақстанда ұлттық табиғи парктер мен табиғи парктердің дамуы тек соңғы 10 жылдықта басталды. Бірінші ұлттық парк 1986 жылы құрылды. Қазіргі кезде 7 ұлттық табиғи парк бар:

Алтын -Емел

Баянауыл

Бурабай

Қарқаралы

Қатон- Қарағай

Көкшетау

Іле - Алатау

Slide 16

Ұлттық табиғи парктер

Slide 17

Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау -биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Slide 18

Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.

Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті, Ораталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2.Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Экологиялық этика табиғаттың эстетикасы спетті
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Организмнің тіршілігі олардің өмір сүру ортасына тығыз байланысты екенін айтқан ғалымдар
Экологиялық философия
Экологиялық тәрбие берудің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz