Күнбағыстың қан көбелегі: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі




Презентация қосу
Тақырыбы:
КҮНБАҒЫСТЫҢ ҚАН КӨБЕЛЕГІ:
БИОЛОГИЯСЫ, ЗИЯНДЫ ФАЗАСЫ,
ТАРАЛУЫ, ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Орындаған: Нүкенова А.
Тексерген:Қаламов Б.Х.
Группа: АГ - 213
Жоспар:
1. Күнбағыс қан көбелегінің
биологиясы
2. Күнбағыс қан көбелегінің
зиянды фазасы
3. Күнбағыс қан көбелегінің
таралу аймағы
4. Күнбағыс қан көбелегін есептеу
әдістемесі
Күнбағыстың қан көбелегі
биололиясы
Күнбағыстың қан көбелегі –
Homoeocoma nebuleiia Hd.
Қабыршақ қанаттылар
отрядының қан көбелегітері.
Көбелектердің алдыңғы
қанаттары ұзын, орташа шенінде
төрт қара шені бар, сұр түсті
болады. Арытқы қанаттары
алдыңғысына қарағанда енді,
ақшыл түсті тек жиектері ғана
қара. Қанаттарының өрісі 20-
27мм. Жұмыртқасы сүттей ақ,
сопақша, қабығы жылтыр аздап
«әжім» басқан, ұзындығы 0,8мм,
ені 0,4мм.
Ересек жұлдыз құрттарының
ұзындығы 9мм жетеді, арқасы
ақшыл сұр, бауыр жағы ақшыл.
Арқасында денесін бойлай күңгірт
немесе ақшыл-қоңыр түсті 3
жолақ орналасқан. Басы
қоңырқай сары, көкірек қалқаны
ақшыл сары түсті. Тыныс
тесіктерінің айналасы қара.
Ұзындығы 15-16мм. Қуыршағы
ақшылдау қоңыр 6-7 тікенекті
болады, олардың ұзындығы 9-
12мм, ол ақ түсті тығыз тоқылған
пілләнің ішінде жатады.
Зиян келтіретін дақылдары:
күнбағысты, мақсарыны,
ақкекірені зақымдайды.
Зиянды фазасы
Зиянкес қоректенуін тоқтатқан
ересек жұздызқұрт стадиясында
топырақтың үстіңгі қыстап
шығады да, көктемде
қуыршаққа айналады.
Көбелектердің ұшып шығуы
күнбағыстың гүлдену кезеніне
тура келеді. Олар түнде ғана
белсенді болады және күрделі
гүлділер тұқымдасына жататын
әр түрлі өсімдіктердің,
солардың ішінде күнбағыстың
гүл шырынымен қоректенеді.
Жұмыртқаларын гүлінің ішіне
салады. Олардан шыққан жас
жұлдызқұрттар гүлдің ішкі
бөлігімен қоректенеді.
Кейіннен олар (3 жасқа көшкен соң) күнбағыс дәнінің
сыртқы қабығын кеміріп ішіне енеді де, оның тұқымын
жартылай немесе толық жеп қояды. Жұлдызқұрттар
күнбағыстың дәндерімен қатар оның зәмбілінің
жиектеріндегі жапырақтарын да жейді, зәмбілдің түбіне
көптеген жолдар салып, оны өрмек жіптерімен шырмап
тастайды. Егер осы кезең жауын – шашынды болса, онда
күнбағыстың зәмбілдері шіріп кетеді. Зиянкес жылына бір
генерация беріп өсіп-өнеді.
Ресейдің Европалық бөлігінің далалық зонасында, Сібірде,
Орта Азияда және Қазақстанда таралған.
Күресу шаралары. Ауыспалы егістен орын алу күнбағыс
үшін маңызды. Көпжылдық шөптерден кейін немесе
қайталап орналастырылса, топырақта мекендейтін
зиянкестердің өсуіне егіннің сиреуіне әкеп соқтырады.
Күнбағыстың сауытты сорттарын егу, өйткені қабығының
ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан
көбелегінің құрттары оны кеміре алмайды.
Сымқұрттар мен жалған сымқұрттардың тереңдігі 25-30см,
көлемі 0,25м2 8-16 жерден топырақты қазу арқылы байқап
жүргіп, есепке алады. Көктемгі жазғы мезгілде ауа райының
жылы және ылғалды мезгілінде қан көбелегі қауіпті болып
келеді.
КҮНБАҒЫС ҚАН КӨБЕЛЕГІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Есептеу әдістемесі майлы дақылдарда соның ішінде
күнбағыста зиянкестердің пайда болуын, тарлуын және даму
фазасын әр он күн сайын бақылау жасау арқылы есептеу
жұмыстары жүргізіледі.
Құрттарды шахматтық тәртіп бойынша 10 жерден 10
өсімдіктен алып есеп жүргізеді. Көбінесе дақылдардың
көктеу, сабақтану, бүршіктену кезеңдерінде зерттеу
жұмыстары жүргізіледі.
Егістіктің 5 - 10 шақырым жерінен 50 - 100 өсімдік
үлгілерін алып, оларға көлденеңнен және шахматтық
қатарда бағыттар алыну арқылы жүргізіледі.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Сабақ немесе жүгері көбелегі: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis)
Қырыққабат күйе көбелегі
Тышқан тектестер: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
ШВЕД ШЫБЫНЫ
Пияз шыбыны: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы,есептеу әдістемесі
АЙҚЫШГҮЛДІЛЕР БҮРГЕЛЕРІ
Сарышұнақтар биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу
Қырыққабаттың ақ көбелегі (Pieris brassica L. )
Сарышұнақтар: биологиясы,зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Пәндер