Алқалар тұқымдасының морфологиясы, таралуы және шырайгүл (Petunia) өсіру шарттары


Slide 1

Алқалар тұқымдасы

Қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Әлемде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 - 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі - көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.

Slide 2

Шырайгүл ( петуния)

Шырайгүл: бразилья сөзінен шыққан 'реtun‘-табак. Ең алғаш шырайгүл сорты Монтевидео (Уругвай) маңайынан 1793 жылы табылды. Шырайгүлдің Оңтүстік Америкадан шыққан 25-ке жуық түрі бар.

Slide 3

Шырайгүл көпжылдық шөпті немесе жартылай бұтақты өсімдік, бірақ өсімдіктер мәдениетінде біржылдық ретінде қолданылады. Сабақтары тік тұрғыш немес төселген, тығызбұтақты болып келеді. Жапырақтары кезекті ретте, жұмсақ, тұтас, супротивті түрде орналасқан. Жапырақтары пен сабақтары қылтанақсыз жай мамықтанған жіпшелермен иілген. Гүлдері ақ, ал қызыл немесе қызарыңқыраған, жеке, түпкі болып келеді, қысқа гүлділерге жай немесе түкті, дұрыс немесе сәл ғана бұрыс гүлдері жатады. Тұқымы-өте ұсақ дәндері бар қосжақтаулы қауашақ жеміс.

Slide 4

Шырайгүлдің тұқымы ұсақ, диаметрі 0, 5-0, 6мм және ұзындығы 0, 6-0, 7мм, қоңырқай-сарғыштау болып келеді. Жемісі-ұзындығы 10-13 мм және 7-8мм ені, пісіп жетілген кезінде срағыш-қоңырқай түсте болады. Бір қорабында 100-110 дәннен болады. Көбінесе шырайгүл тұқымын қорабында бір-бірлеп сатылады.

Slide 5

Жарықсүйгіш және жылусүйгіш. Ашық және жарық орындарда жақсы өседі. Ұсақгүлді шырайгүлден қарағанда Ірігүлді шырагүл жарық пен жылусүйгіш болып келеді, ылғалды суық ауа райында гүлдеуін тоқтатады.

Қолайлы орын мен жағдайы

Slide 6

Саздақ немесе құмдақ топырақты қажетсінеді, бірақ көп жағдайда кез келген құнарлығ мол топырақта өсе береді. Гүлдың жақсы өсуіне тыңайтқыш енгізудің де әсері мол, мысалы: 20-30г/м нитрофоска.

Топырақ

Slide 7

Күтіп-баптау: құрғақшылыққа төзімді, бірақ ұзақ мерзімде суаруды талап етеді. Топырқтың қатты ылғалдануын көтере алады, бірақ ылғалдың көп мөлшерінен зардап шегеді. Тыңайту жүйесінің бастысы органикалық тыңайтқыш болып табылды. Бұл жүйенің нәтижесі өте жоғары саналды. Тыңайту жүйесі гүлдеу уақытына дейін жүргізіледі.

Күтіп-баптау

Slide 8

Орындағандар: Байкероева А.

Аққазынова Ж.

Абытайова Н.

Адильханова Т.

Нұрбақыт Қ.

Топ: АГ-213

Тексерген: Есенгулова Н. Ж.


Ұқсас жұмыстар
Шырайгүл (Petunia): морфологиясы, таралуы, жылыжайда өсіру технологиясы және сәндік мақсаттағы қолданылуы
Шырайгүл (Petunia): морфологиясы, сұрыптары және өсіру-күтім әдістері
Петуния (Шырайгүл): морфологиясы, өсіру технологиясы және көгалдандырудағы маңызы
Петуния (Шырайгүл): құрылымы, таралуы, жылыжайда өсіру технологиясы және сәндік қолданылуы
Райхангүл (Ziziphora): морфологиясы, таралуы және өсіру технологиясы
Алмалар тұқымдасының өкілдері: морфологиясы, таралуы және шаруашылық маңызы
Петуния (Шырайгүл) гүлін жылыжайда өсіру мен күту технологиясы
Крестгүлділер тұқымдасының морфологиясы, таралуы және шаруашылық пен медицинадағы маңызы
Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасының түрлік алуандығы, таралуы және экономикалық-практикалық маңызы
Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасының морфологиясы, таксономиясы және экономикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz